Науқасты зерттеу неден басталады



бет1/4
Дата17.04.2020
өлшемі81,99 Kb.
#62892
  1   2   3   4
Байланысты:
Емдеу диф



  1. Науқасты зерттеу неден басталады:

A) Қанайналым жүйесін тексеруден

B) Тыныс алу жүйесін тексеруден;

+ C) Науқас шағымын жинаудан;

D) Анамнез жинаудан

E) Асқорыту жүйесін тексеруден;

  1. Субъективті тексеру әдісіне не жатады:

A) Пальпация

B) Перкуссия

C) Аускультация

D) Жалпы қарау

+ E) Науқастың шағымдары

  1. Объективті тексеру әдісіне не жатады:

+ A) Пальпация

B) Төлқұжаттық мәліметтер

C) Аnamnesis vitae

D) Аnamnesis morbi

E) Науқастың шағымдары


  1. Ауру тарихын жинағанда қандай мәліметтер алынуы керек:

+ A) Аурудың алғашқы белгілері

B) Тұрмыс жағдайы

C) Зиянды әдеттер

D) Аллергологиялық анамнез

E) Отбасылық және тұқымқуалаушылық анамнез

  1. «Anamnesis vitae»- мәліметіне жататынын көрсетіңіз:

+ A) Зиянды әдеттер

B) Жалпы зәр анализі

C) Ақыл-есінің жағдайы

D) Эндоскопиялық зерттеу

E) Жүргізілген тексеру әдістері, қабылданған ем, емнің тиімділігі

  1. Құрсақ қуысында сұйықтықтың жиналуы қалай аталады:

+ A) Асцит

B) Гидроперикард

C) Гидроторакс

D) Анасарка

E) Пиопневмоторакс


  1. Дененің барлық жеріне таралған ісік қалай аталады:

A) Асцит

B) + Анасарка

C) Гидроперикардит

D) Гидроторакс

E) Пиопневмоторакс

  1. Науқастың бетінен басталатын ісіктің түрін атаңыз:

A) Жүректік

+ B) Бүйректік

C) Аллергиялық

D) Қабынулық

E) Жарақаттық



  1. Науқас қолымен төсекке сүйеніп, аяғын төмен түсіріп отыр. Науқастың отырған қалпы қалай аталады :

A) Енжар( пассивті)

+ B) Ортопноэ

C) Белсенді (активті)

D) Шынтақ-тізе қалпы

E) Ауырған жағына жату



  1. Ступор кезінде науқас :

+ A) Сұраққа дұрыс жауап береді, қоршаған айналасын анықтай алмайды

B) Сұраққа дұрыс жауап бермейді, қоршаған айналасын түсіне бермейді

C) Үнемі ұйықтап жатады да, тек қатты айқайлағанда ғана жауап береді, бірақ айтқан сөздің мәнін түсіне бермейді, айналасын анықтай алмайды

D) Ес-түссіз күйде , рефлекстердің мүлдем жоғалуы

E) Сұраққа дұрыс жауап береді, қоршаған айналасын анықтай алады

  1. Сопор кезінде науқас :

A) Сұраққа дұрыс жауап береді, қоршаған айналасын анықтай алмайды

B) Сұраққа дұрыс жауап бермейді, қоршаған айналасын түсіне бермейді

+ C) Үнемі ұйықтап жатады да, тек қатты дыбыстарға жауап береді, бірақ айтқан сөздің мәнін түсіне бермейді ,айналасын анықтай алмайды

D) Ес-түссіз күйде, рефлекстердің мүлдем жоғалуы

E) Сұраққа дұрыс жауап береді, қоршаған айналасын анықтай алады

  1. Науқастың ессіз жағдайы:

A) Ступор

B) Сопор

+ C) Кома

D) Галлюцинация

E) Анық



  1. Терінің бозғылт түсі немен байланысты:

+ A) Тамырлардың түйілуімен

B) Тамырлардың кеңеюімен

C) Қанның оттегімен қанығуы азайғанда

D) Қанда өт пигменттерінің шамадан тыс көбеюі

E) Қанда қалдық азоттың көбеюі

  1. Терінің қызыл түсі немен байланысты:

A) Тамырлардың түйілуімен

+ B) Тамырлардың кеңеюімен

C) Қанның оттегімен қанығуы азайғанда

D) Қанда өт пигменттерінің шамадан тыс көбеюі

E) Қанда қанттың көбеюі



  1. Терінің және шырышты қабаттардың сарғаюының дамуы болады :

A) Тері тамырларының түйілуі

B) Тамырлардың кеңеюімен

C) Қанның оттегімен қанығуы азайғанда

+ D) Қанда өт пигменттерінің шамадан тыс көбеюі

E) Қанда мочевинаның азаюы

  1. Терінің және шырышты қабаттардың сарғаю себебі:

А) Тері тамырларының түйілуі

+ В) Қанда билирубиннің көбеюі

С) Қанның оттегімен қанығуы жоғарылауы

Д) Қанның оттегімен қанығуының төмендеуі

Е) Тамырларды кеңейтетін заттар әсері




  1. Тері цианозының даму себебі:

A) Тамырлардың түйілуінен

B) Тамырлардың кеңеюінен

+ C) Қанның оттегімен қанығуы азайғанда

D) Қанда өт пигменттерінің шамадан тыс көбеюі

E) Қанда эритроциттердің көбеюі

18. Тері түсінің көкшілденуінде (цианозда) қанда жоғарылайды:

А) Билирубин

В) Гемоглобин және эритроциттер


+ С) Қаныққан гемоглобин

Д) Эозинофилдер

Е) Глюкоза

  1. Пальпация әдісімен анықталады:

+ A) Тері ылғалдылығы, ісіктер

B) Ішкі ағзалардың орналасуы

C) Кейбір ағзаларда пайда болатын дыбыстарды

D) Қан қысымы

E) Ағзалар конфигурациясын

  1. Пальпация әдісімен анықталады:

А) Сырылдар, сықыр

В) Ағзалардың шекаралары

С) Ағзалардың орналасуы, сезімталдылық

Д) «Дабыл таяқшалары» тәрізді саусақтар



Е) Терідегі бөртпелер

  1. Пальпацияны жүргізу ережелері:

А ) Тыңдайтын жерге фонендоскопты тығыз орналастыру

В) Плессиметр - саусақты теріге тығыз жанастыру

+С) Саусақтарын арасын ашып, аздап бүгілген күйінде пальпация жасау

Д) Дененің түкті жерлерін сумен ылғалдандыру

Е) Плессиметр –саусақты анықталатын шекараларға параллель орналастыру

22. Перкуссия түрлерін анықтаңыз:

А) Беткей

В) Жылжымалы

С) Бимануалды

+Д) Салыстырмалы

Е) Терең


23. Топографиялық перкуссия жүргізу ережелері:

+А) Ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай перкуссиялау

В) Перкуссияны симметриялы аймақтарда жүргізу

С) Науқастың түктенуі жоғары болса, аускультация жасайтын жерлерді ылғалдандыру

Д) Дене қызуын анықтау үшін алаұанды симметриялы аймақтарға қою

Е) Науқас терісіне фонендоскопты тығыз орналастыру



24. Салыстырмалы перкуссия жүргізу ережелері:

А) Ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай перкуссиялау

+В) Перкуссияны симметриялы аймақтарда жүргізу

С) Науқастың түктенуі жоғары болса, аускультация жасайтын жерлерді ылғалдандыру

Д) Тұйық дыбыстан ашық дыбысқа қарай перкуссиялау

Е) Науқас терісіне фонендоскопты тығыз орналастыру































  1. Аускультация дегеніміз не:

A) Сипап сезу

+ B) Тыңдау

C) Соққылау

D) Төлқұжаттық мәліметтер жинау

E) Ауру тарихын жинау

26. Аускультацияны жүргізу ережелері:

+А) Тыңдайтын жерге фонендоскопты тығыз орналастыру, қысым түсірмеу

В) Плессиметр –саусақты анықталатын шекараларға параллель орналастыру

С) Перкуссияны симметриялы аймақтарда жүргізу

Д) Дене қызуын анықтау үшін алаұанды симметриялы аймақтарға қою

Е) Перкуторлы соққы білезік буынының қозғалысымен жасалады




27.Аускультация әдісімен тексерілетін ағза:

А) Бүйректер

+ В)Өкпе

С) Ұйқы безі

Д) Бауыр

Е) Тірек-қимыл жүйесі




  1. Қосымша тексеру әдістеріне жатады :

A) Перкуссия

B) Субъективті зерттеу

+ C) Зертханалық

D) Аускультация

E) Пальпация

  1. Зертханалық тексеру әдістеріне жатады:

A) Науқастың шағымдары

B) Ауру тарихы

+ C) Нечипоренко сынамасы

D) Бронхоскопия

E) Перкуссия



  1. Зертханалық әдісті атаңыз:

A) Бронхоскопия

B) Ультрадыбыстық зерттеу

C) Радиоизотоптық зерттеу

D) Компьютерлік томография

+ E) Қақырық анализі




  1. Аспапты зерттеу әдісін атаңыз:

A) Пальпация

B) Жалпы қарау

C) Төлқұжаттық мәліметтер

D) Нәжісті зерттеу

+ E) Компьютерлік томография

  1. Аспапты зерттеу әдістеріне жатады:

+ A) ЭКГ

B) Төлқұжаттық мәліметтер

C) Пальпация

D) Нәжісті жасырын қанға зерттеу

E) Нечипоренко сынамасы



  1. Аспапты зерттеу әдісін көрсетіңіз:

+ A) Пикфлоуметрия

B) Қанның жалпы анализі

C) Асқазан сөлінің қышқылдылығын анықтау

D) Зимницкий сынамасы

E) Нәжісті зерттеу



  1. Сұйықтықты, плевралды сұйықтықтың сипатын анықтайтын зерттеу әдісі:

A) Спирометрия

B) Торокоскопия

C) Рентгенография

+ D)Пункция

E) Бронхография




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет