Наука в период Гражданской Войны



бет8/22
Дата19.03.2022
өлшемі0,6 Mb.
#136341
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
үйсін

Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақтастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға белуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері кұрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап туратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3Ақшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Қалқан-1). Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарды бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршауларға алдын ала ойлас- тырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды қалауға өзеннің үлкен малтатастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мен ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5—0,6 м және 0,2—0,3 м. Өсек қорымында (Өсек өзенінің сол жағалауыЖоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентек тастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызьшған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналасқан.Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридиандық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді.

  • Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақтастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға белуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері кұрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап туратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3Ақшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Қалқан-1). Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарды бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршауларға алдын ала ойлас- тырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды қалауға өзеннің үлкен малтатастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мен ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5—0,6 м және 0,2—0,3 м. Өсек қорымында (Өсек өзенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентек тастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызьшған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналасқан.Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридиандық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет