Наурыз басы: “Күнге сәлем ету” - ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы
- Армысың қайырымды, Күн - Ана!
- Атар таңға, шығар күнге Тәу – тәу!
- Басымызға амандық,
- Елімізге береке дарыта көр! Тәу – тәу!
- Жыл басы келді, жаңғырта келді,
- Тәу – тәу!
- Кең байтақ ұлысыма Ұлы күн келді,
- Жаңа Жыл келді, Тәу – тәу!
- Қайырымды Күн-Ана, тілегімді бере көр!
- Тәу – тәу!
- Игі дәстүр: “Бұлақ көзін аршып, тал егу”
- ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы
- Оу, айналайын, балалар!
- Тоя ішсін деп тамсанып
- Жеті түрлі дәм салып
- Наурыз көже пісірдім.
- Оттан қазан түсірдім.
- Бал көжеден татыңдар.
- Бар қызыққа батыңдар.
- Көктем Наурыз тойында
- Құмар болып ойынға
- Іске үлес қоспаған
- Ішер бір – ақ тостаған
- Еңбекқорға талапты
- Қоямын қос табақты
- Асқа кәрі - жасыңды
- Шақырып , ием басымды.
- Уа, құдайым, оңдасын,
- Жаманшылық болмасын.
- Әруақ біткен жар болып,
- Қызыр бабам қолдасын.
- Аман сактап, төл басын,
- Еккен егін солмасын.
- Орта толып ырысқа,
- Бейбіт өмір орнасын.
- Бақыт ашып қақпасын,
- Мәңгі бақи жаппасын.
- Пәле-жала қазақты,
- Іздесе де таппасын. Әумин!
Наурыз тілек: - Ұлыс оң болсын!
- Ақ мол болсын.
- Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже”
- Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан”
- Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”
- Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”
- Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”
Наурыз - ән - Наурыз, Наурыз күнгейгi
- Күнгейгi жердiң түрі игi
- Бауыры жылып науат қар
- Бабымен ғана жiбейдi
- Шашылып ырыс жанаттан
- Шақырып бiр үй бiр үйдi
- Шаттанушы едi бiр үйге
-
- Қайырмасы:
- Наурыз айы туғанда
- Той болушы едi бұл маңда
- Сақталушы едi сыбаға
- Сапарға кеткен ұлдарға
- Наурыз айы туЈанда
- Осынау игi кеЎ жерге
- Наурыз айы келгенде
- Наурыз тойы болғанда
- Келiп едi өмiр орманға
- Осынау игi кең жерге
- Наурыз тойы келгенде
- Көрмегендерде арманда
- Арманда оны көргенде
- Наурыз тойы келгенде
Наурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен. - Наурыз тойы басталғанда, ауыл бойжеткендері жігіттерге арнап, соғымның етін уызға салып пісіріп, «ұйқы ашар» деп аталатын ерекше дәм дайындаған екен.
- Ал, Наурыз келгенде жігіттер көңілі ұнатқан бойжеткендерге айна, тарақ, иіссу сияқты сыйлықтар ұсынған. Бұл сыйлықтардың аты – «селтеткізер», «діреткізер» деп аталған.
- Ұлыстың ұлы күні бақ,
- береке, ырыс әкелсін!
БҰЛ КҮНІ: - ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы
- БҰЛ КҮНІ:
- Сапарға шықпайды;
- Ешкіммен ренжіспейді;
- Жаман, блапыт сөздер айтпайды;
- Жаман қылықтар көрсетпейді.
- Шаш, тырнақ алмайды.
- Іс тікпейді, Кір жумайды
- БҰЛ КҮНІ:
- Күн мен түн теңеледі
- Ренжіскен адамдар достасады
- Жақын туыстармен дәм алысады
- 7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды
- Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.
Қоян жылы құт береке әкелсін! - ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы
- Наурыз құтты болсын!
- Ұлыс береке берсін!
- Ұлыс күні алдына келсе, атаңның құнын кеш
- Жақсылыққа жақсылық - жай адамның ісі,
- Жамандыққа жақсылық - ер жігіттің ісі.
- Жыл басы - Наурыз, мол болсын дәм - тұз
Батаменен ел көгерер. - ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы
- Жарқыраған жыл нұрды,
- Жаса, Наурыз дәстүрлі!
- Тамашаға толтырып тұнық төрді,
- Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,
- Барша үйге бақыт боп, береке боп,
- Жанарынан нұр шашып күліп келді.
- ___________________________________ С.Сенғалиева 1 "б" сыныбы
Достарыңызбен бөлісу: |