Наурыз: Т‡ркілік д‡ниетаным мєуесі



бет1/20
Дата06.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#39002
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Рубрика. Соңғы мақалалар. Тарих

Серік Ерғали, мәденитанушы




НАУРЫЗ: ТҮРКІЛІК ДҮНИЕТАНЫМ МӘУЕСІ


мәденитанымдық пайым


1988 жылы, алаштық айбынымызды Желтоқсанның саяси ызғары қарыған, ел басына күн туған шақта, ұлттық рухты қайткенде көтереміз, халқымыздың еңсесін қалайда тіктейміз деген ниетпен қарбаласқан кезеңдегі тәуекел істің нәтижесінде ұлыстың ұлы күні болған Наурыз мерекесін тойлау ісі ресми түрде қолға алынды. Міне, содан бері Ұлы мерекеміздің ресми мерекелене бастағанына да 20 жылдан асыпты. ХХ ғасырдың соңында ұлттың қаралы күніне желеу болып, кеңес империясының шабарманы рөлін атқаруға мәжбүр болған Г.Колбинді ұлық мерекеміз болып табылатын Наурызды ресми мейрамдауға барымызды салып жүріп көндіргеніміз күні кеше секілді еді. Дүние-ай, сол кезде туылған нәресте де жігіттік жасқа толыпты!
Наурыз - әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңаруын алғаш әйгілеп, адамзатқа дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «наурыз» сөзінің таралу аумағына қарағанда, оның адамзаттық жыл мерекесі екенін мойындауға тура келеді. Наурыз айымен байланыстыра жаңа жылды атап өту Алтын орданың қыйрандысында пайда болған патшалық Ресейді былай қойғанда, Рим империясында да қасиетті мерекеге айналып келген.
Саясаттың өзгеруі Қазақстандағы Наурыз мерекесіне де салқынын тигізді. Мыңдаған жылдар бойы мерекеленіп келген Наурыз мейрамы, кеңес өкіметі тұсында 1926-1988 жылдар арасында жалпыхалықтық сыйпаттан өңірлік және ауылдық ауқымға тықсырылды. Наурыз көптеген атрибуттық және мазмұндық тұрпатынан ажырап, қарабайырланды әрі сүреңсіз тартты. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесі кеңес өкіметінен тәуелсіздік алған түркі елдерінде ХХ ғасырдың аяғын ала 1988 жылдан бастап қана ресми түрде қолға алына бастады. Алайда, Наурыздың Қазақстандағы мерекеленуіне қарап, оның этностық мейрамнан ұлттық, мемлекеттік мерекеге айналғанына көңіл сенбейді.
Мемлекеттік мерекеге айналған Наурыз мейрамын ресми мерекелеу жөнінде соңғы кездері біршама сыни пікір қалыптасты. Соның бірі – «Наурыздың мерекеленуі Жаңа жылдың аталып өту деңгейіндей емес, тар ауқымда және жұпыны» дегендей уәж. Бұған қоса, «Наурыз мерекесі бұқаралық сыйпаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда» деген де пікір бар. Қысқасы, кәзір Наурыз мерекесі уақыт талабы мен егемен елдің өміріне сәйкес бүкілхалықтық идеологиялық көз қуанышқа айналды деу ертерек.
Қазақстанда (Орталық Азия деуге болады) ежелден-ақ, астрологиялық мүшел наурыз айынан басталатын. Бір қызығы, кеңестік адамдардың мерекелеп жүрген жаңа жылының барлық атрибуттарының түбі Наурыз екенінде, ешкімде күмән туатындай түрткі қалмаған: әшекейлі шырша, сыйлық толы дорбалы аяз ата т.т. Ал Батыстағы Санта Клаус бейнесі ойдан шығарылған, еуропалық сергітуші кейіпкер екені сірәдән белгілі. Дегенмен, оның арғы мәнінде бұрмаланған шығыстық періште кейпінің жатқаны тағы айқын. Ендеше өз дүниеңді әркімге «менікі» деп дәлелдегеннен гөрі, оның сенікі екенін көрсететіндей нақты іс пен әрекет керек екен. Әйтпесе, барымыздан жұрдай болу қаупы бар.
Шынында да, Наурыз жалпыхалықтық мерекеден гөрі, этнографиялық еске алу күніне айналып барады. Сондықтан да аталған мерекені мұндай қарабайырлықтан құтқаратын уақыт келді. Оның өзіне сәйкес атрибуттарын қалпына келтіріп, мерекелік ұғымдары мен мағынасын орнықтыратындай шаралар қажет. Ол үшін оған заман талабына сәйкес оның тарихи нышандары мен атрибуттарын лайықтап, кәзіргі адам санасы қабылдайтындай, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан жалпықазақстандық мереке дәрежесіне жеткізіп уақыттас әшекеймен, мүмкіндіктермен байыту керек.Ең бастысы - Наурыздың қайнар көзін тауып, басқы кейпін қалпына келтіруге тырысқан абзал. Бұл еңбек те сол ниеттен туылды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет