Белкөтерер. Қариялардың Ырыс таңын қарсы алу кезінде тамақтануына арналған мерекеге лайық ас мәзірі.
Жолдық. Наурызда «Жыл құтты болсын!» айта келген қонақтарға, жолыққан таныстарға ұстата салатындай, сондай-ақ, Наурыз шарасына қатысушыларға үлестірілетін ұсақ та қарапайым, кәкір-шүкір сыйланым. Бұл - наурыздық Көк жолына және жаңа жылға рыйзалық ниет білдіруден туындаған ырымдық сыйлықтар. Ежелгі кезде Жолтерек алуан түсті жапырақ матамен, шұғамен, терімен әшекейленген болуы керек. Наурыз рәсімі біткесін оны ырым қылып, жұрт таратып алып, қасиетті ырыс келтіруші тәбәрік ретінде киім-кешек немесе құрақ көрпе тігілгендей сыңайы бар. «Жолдық» үлестіру кәзірде Айт мейрамына да еніп кеткен. Осызаманғы жолдық есебінде наурыздық құтпарақты да (аткрыйтка) таратуға болады.