2-тапсырма. Өнер саласындағы жаңалықты оқы. Роботтар өнер саласын меңгеруі
дұрыс па? Келісіп немесе келіспей топта талқыла. Ойыңды «пирамидалық талдау»
тәсілі бойынша жаз.
Ағылшын инженерлері сурет салып, өнерге баулитын құлтемірді көпшілікке
таныстырмақ. «Аида» есімді робот қазір құрастырылу үстінде. Ол сурет салып қана қоймай,
адамның бет-әлпетін тани алады. Сондай-ақ дене қимылы мен адам жүзіндегі ым-ишараны
қайталап көрсетеді.
Ал құлтемірдің сурет салу өнерін мамырда Оксфордта өтетін көрме кезінде тамашалауға
болады. Сондай-ақ оның үздік туындылары көпшіліктің назарына қараша айында ұсынылады. Бұл
көрме Лондонда өтеді деп жоспарланған. Эйден Меллер, Engineered Arts компаниясының
директоры: – Құлтемірлер өнерге жақын бола ала ма? Осыны сынап көргіміз келеді. Қазір
жасанды интеллекті дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сондықтан бұл жобадан күтеріміз
мол.
«Пирамидалық талқылау» стратегиясы.
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ
мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға
тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің
жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып,
ойларын қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: