«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-мәтін  Кітапханашы – мәртебелі мамандық



Pdf көрінісі
бет53/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ
Гепатит
2-мәтін 
Кітапханашы – мәртебелі мамандық 
Кітапханашы – көне кәсіптің бірі. Тарихқа шегінсек, төрт жарым мыңнан аса жыл бұрын 
бұл кәсіп сазды каталогтар пайда болған кезеңдердегі шумер мәдениетімен бірге дүниеге 
келген. Ал кітапханашылық қызмет біздің дәуірімізге дейінгі сазды тақталарды жинап, 
жазбаларды есепке алудан бастау алған көрінеді. Аты аңызға айналған абыздар – алғашқы 
кітапханашылар. Алғашқы кітапханалар қоғамдағы діни мекемелердің қатарынан 
тіркелсе, алғашқы кітапханашылар – азаматтарға рухани игіліктерді, жазба мұраларды, 
тіпті ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар болыпты. Басында кітапханалардың 
басым бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі болған екен. Сол кітапханаларға Платон, Аристотель, 
Евклид, Еврипид тәрізді тұлғалар иелік етіпті. Ал Афинадағы алғашқы көпшілік 
кітапханада есімі қадірлі азаматтар ғана кітапханашы мамандығына таңдауға түскен. 
Сондай-ақ әлемнің сегізінші ғаламаты – Александрия (Ескендір) кітапханасында қызмет 
көрсетуге ғұламалар ғана қабілетті еді. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда Александрия 
кітапханасында қызмет атқарған айтулы тұлға – Клавдий Птолемей. Кітапханашы әрі 
ғалым аспан денелері қозғалысын зерттеген. Ақын әрі ғалым Каллимах б.э. дейінгі 310-
240 жылдары Александрияға келіп, оқытушы болып қызмет етеді. Көп ұзамай, оған ІІ 
Птолемейдің назары түсіп, Александрия кітапханасында жоғары дәрежелі орынға 
тағайындалады. Осы шаңырақта Каллимах 20 жылдан аса еңбек етіп, кітапхананың 


арқасында тарих, грамматика салалары бойынша 800-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрді. 
Сөйтіп, поэзиядағы «александриялық» бағыттың негізін қалады. Автордың алғашқы 
каталогы 120 томнан тұрады. Бұл тұңғыш библиографиялық еңбектердің бірі 
болғандықтан, Каллимах библиографияның атасы атанды.
Эратосфен – б.э. дейінгі III ғасырда эллинистикалық әлемдегі көрнекті ғалым әрі жазушы. 
Афинада 20 жылдай өмір сүріп, кейін Александрияға қоныс аударады. Каллимахтың 
шәкірті ретінде ғылымға бет бұрып, кітапханада 40 жылдан аса филология, хронология, 
математика және астрономия ғылымдарын зерттейді. Әйгілі Александрия кітапханасында 
жас Гипатия да әкесімен бірге жұмыс істепті. Атақ-абыройымен есімі жер шарына 
танылған Гипатиямен кездесіп, философия, астрономия, математика туралы ой-
тұжырымдарын тыңдау үшін Рим Империясынан, Кіші Азиядан және Жерорта теңізі 
жағалауынан арнайы делегация сапарлатып тұрған. Александрия кітапханасы 
талқандалып, отқа оранған кездерде Гипатия өрттен аман қалған ұлы ойшылдар 
қолжазбаларын қайта қалпына келтіріп, кітапхананы сақтап қалды. Осылай, оның игі 
істері, анығында кітапқа деген адал қызметі ғалымның атын мәңгілікке кітапханашы етіп 
қалдырды. Ежелгі қытай философы Лао Цзы – аңыз адам. Оның тағдыры да кітапханамен 
байланысты екен. Көптеген жылдар бойы Чжоу мемлекеттік патшалық кітапханасында 
кітап сақтаушы болып қызмет етіпті.
Кітапханашы кім? Италия астанасы – Римде кітапханалар көп жағдайда қала маңындағы 
виллаларға орналастырылған. Сол кезеңдерден-ақ кітапханашының міндетіне оқырманға 
қызмет көрсетумен қатар, ағартушылық, ғылыми бағыттар да кірістіріліпті. Олай болса, 
кітапханашы – ғұлама ғалым, кітапханашы – философ, кітапханашы – тарихшы, 
кітапханашы – математик, кітапханашы – педагог, кітапханашы – ғалым, кітапханашы – 
жазушы, кітапханашы – елші, кітапханашы – премьер-министр, кітапханашы – 
президенттің жұбайы, кітапханашы – заңгер, кітапханашы – өнертанушы, кітапханашы – 
тәрбиеші, кітапханашы – IT маман. Бұған қарап, әмірші де, әнші де, ақын да, ағартушы да 
кітапханашы кәсібінің кілтін ұстағанына кәміл сенімдіміз. Деректерге сүйенсек, Мысыр, 
Шам елдерінде кітапты кейінгі толқынға аманаттауды ойлаған хан-сұлтандарға киелі 
Құран мәтіндерін көшіріп жазатын шеберлер қызмет еткен. Олар әрі ғалымның, әрі 
кітапханашының рөлін атқарған. Осы бір мәртебелі мамандықтың кез келген мәліметті, 
кез келген ғылыми-көркем дүниелерді жинап сақтау әрі халыққа ұсыну тәрізді түпкі 
міндеті әлі де өзгерген емес, тек түрленіп келеді. Заман ағымына қарай, кітапханашыларға 
кітапханашы-программист, кітапханашы-технолог, мәліметтер базасының әкімгері секілді 
әмбебап мамандық иелері қосылды. Кітапханашы – оқу-ағарту жолындағы хабаршы. 
Өйткені кітапханасыз, кітапханашысыз адамзат баласы тұлға болып қалыптаспақ емес.
Айсұлу Сейілова,
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы
Баспа-реставрация орталығының маманы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет