«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет119/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
2-мәтін 
Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік 
Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушы, белгілі сәулеткер Сайын 
Назарбекұлымен сұхбат. 
-
Сәлеметсіз бе, Сайын аға, бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға 
алдымен табандылық қажет дейді. Енді сіз бір жұмысқа кірісер алдындағы 
тәуекелділігіңіз жөнінде айтып берсеңіз. 
-
Амансың ба, шырағым. Егер де мал керек болса, қолөнер керек. Өнердегі әрбір 
шығарма өмірдің жаңа бір қырын ашып бергенде ғана нағыз өнерге жатады. Істі 
бастамас бұрын жан-жақты ойланамын. Мүмкін тәуекелшілігім осы шығар... 
-
Таңдап алған тағдырыңыз сәулеткерлікпен қатар ақындықтың ақ жолы 
болды. Бойда бұл қасиеттің бар екенін қашан білдіңіз? 
-
Мен осы шаруалардан қол босаған сәттерде өлең, әңгіме жазумен де 
жұмыстанамын. Алғашқы 4-5 шумақ өлеңімді 46 жасқа толған кезімде жазған екенмін. 
Шамасы, поэзия мені сүйген болуы керек. Әлі күнге дейін қаламымның сиясы 
сарқыраған емес. 
-
Сіз бір сұхбатыңызда Сарайшықтан басқа да көне қалаларға (Отырар, 
Түркістан, Тараз) ескерткіш орнату ойыңызда бар екенін айтыпсыз. Енді сол 
ойыңызды қашан жүзеге асырасыз? 
-
Сол кезде айтқанмен де, қазір ол ойды қозғап жүрген жоқпын. 
-
Осы қос өнеріңіз балаларыңызға, немерелеріңізге дарыған ба? 
-
Мен өзім күй тыңдаудан ләззат аламын, күйдің әсерінен көптеген ойлар да 
туындап жатады. Жиенім Абай қазіргі таңда Алматыда, консерваторияда домбыра 
факультетінде оқиды. Домбырада жақсы ойнайды. Ал, ұлым Нұрлан сәулетшілік 
өнерімді жалғап келеді. Өнер идеясыз өмір сүре алмас дегендей мен Нұрланға 


ескерткіштер бастауда бағыт беріп отырамын. Сарайшық ескерткішінің сызбасын мен 
сызып көмек бердім, бірақ құрылысшысы Нұрлан болатын. 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет