«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


Оқылым алды тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер



Pdf көрінісі
бет37/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Оқылым алды тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер. 
-
Сұхбат дегеніміз не? 
-
Ол қалай жүргізіледі? 
-
Оның құрылымы қандай? 
-
Ол қай стильде жазылады? 
 

Оқылым тапсырмасы 
Оқушыларға
 
«Қоршаған ортаны қорғау табиғаттың өзінен
бұрын адамға керек» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы 
Төлеубай Қожанмен болған сұхбат мәтінін оқыңыздар.
 
Қоршаған ортаны қорғау табиғаттың өзінен бұрын адамға керек 
Төлеубай ҚОЖАН, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы: 
– Төлеубай Әжібекұлы, елімізде экология мәселесінің өзекті екені жөнінде айту артық. 
Суы тартылған теңіз, гептил шашылған өңір, радиоактивті қалдықтар, Семей ядролық 
айлағы, заңсыз аң аулаушылар әрекеті, тағы басқа жағдайлар қоршаған орта 
қауіпсіздігінің сын жағдайда тұрғанының айғағы. Мұндай келеңсіздіктің бірден-бір себебі 
– қоғамның экологиялық құқық жөніндегі сауатының кемдігінен десек қателеспейтін 
шығармыз. Шын мәнінде, мәселенің осы қырын түсінбеушілік және оған мән бермеушілік 
табиғатқа қарсы әртүрлі шаралардың жасалып, оның ақыры адамзаттың өзіне қарсы 
әрекетке айналуына әкеп соғып жатқан сияқты. 
– Иә, дұрыс айтасыз. Экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау экологиялық 
құқықтық сана деңгейіне байланысты. Өкінішке қарай, бүгінде біздің бұл тұрғыдағы 
түсінігіміз төмен. Себебі, экологиялық құқық ең кенже дамыған сала. Ол қылмыстық, 
азаматтық құқықтармен салыстырғанда жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан 
дами бастады. Бұл ең алдымен соғыстан кейінгі Еуропа, антропогендік факторлар әсерінің 
күшеюі, әсіресе, өнеркәсіптік өндіріс, технологиялардың ауысуы, тұтынушылықтың артуы 
және тағы басқа жағдайлаларға байланысты. 
Экологиялық құқықты сақтаудың маңызы оның сипатынан да ауқымды. Өйткені, 
қоршаған ортаның қорғалу деңгейі жер бетіндегі өмірдің сақталуы, адамдар қызметіне 
қолайлы жағдайдың жасалуы, ғаламдық жылыну мәселелерімен өзектес. Әлем мұхиттары 
суының көтерілу деңгейімен байланысты тағы да басқа апатты жағдайлардың туындап 


отырғанын көзіміз көріп отыр. Экологиялық құқық аясы уақыт өткен сайын кеңіп барады. 
Бұл бүгінде ақпараттық технологияның дамып, өндірістік өзгерістердің көбеюіне, 
ғаламдық байланыстардың күшеюімен астарлас жатыр. 
– 
Сонымен қатар, өз қолымызбен жасап жатқан экологиялық қылмыстар да аз емес қой. 
Жуырда ғана қырылған он миллионнан астам киік те қоршаған ортаға деген теріс 
көзқарасымызды көрсететінін мойындауға тиіспіз. 
– Иә, бұған сөз бар ма? Бұл жерде менің де, халықтың көкейінде зымырандардан төгілген 
гептиль тұр. Өкінішке қарай, бұл жағдай толыққанды зерттеліп, дәлелденбеді. Оған көңіл 
бөлуді қажет деп таппадық. Біздегі экологиялық қауіпсіздікке қатысты мәселелер 
экономикалық мүдделердің көлеңкесінде қалады. Мұның сыртында халық үшін маңызды 
мәселелерді шешеміз деген сылтаумен экологияның тағдырын екінші кезекке қалдыруға 
мәжбүрміз. Мысалы, елді мекендерге ауызсу жеткізу әлеуметтік басымдықтағы мәселе 
болса, екінші жағынан экологиялық қауіпсіздікке кері әсер ететін жағдай. Жер 
қыртысының құнарын, құрылымын тепе-теңдікте ұстап тұру арқылы қоршаған ортаға 
тиімді әсер етіп тұрған жерасты сулары, өнеркәсіптік, тұрмыстық қажеттіліктер үшін 
шығарылып, пайдаланылып жатыр. Бүгінде тартылған теңізден ұшқан тұздар сонау 
Скандинавияға дейін жетіп, сол өңірді сорға айналдыруда. Міне, экологияға жасалған 
қиянаттың зардабы. 
Сол секілді енді қоршаған ортаға жаны ашымаудың салдарынан, оңай олжаға деген 
құмарлық пен қасақана жасалатын қылмыстардан келіп жатқан зияндар да аз емес. 
Жуырда ғана сондай бір істі қарап, шешім шығардық. Онда бір кәсіпкер мұнай өндіріп, 
бұрғылаудан шыққан улы қалдықтарды залалсыздандыру мақсатымен жалған ауқымсыз 
заңдастырылмаған іске қосқан кәсіпорнын мүлде басқа мақсатқа пайдаланып, қоршаған 
ортаға улы заттар таратқан. Бұл азаматтың экологиялық құқықтық санасының төмендігі. 
Дамыған елдерде мұндай мәселе жоқ. Оларда кез келген кәсіпорын қоршаған ортаға залал 
келтірмеуге күш салады. Мысалы, өзі өндірген өнімінің қандай жағдайда пайдалы, зиянды 
екенін, сыртына жазып қояды. Германияда мәселен, тауар екінші сортты материалдан 
жасалды деген сөз оны қайта өңдеп қолдану экологиялық тұрғыдан қауіпті деген ұғымды 
білдіреді. Бұл елдің қоршаған ортаға деген көзқарасын ұшқан құс, жүгірген аңның 
әрекетінен байқайсың. Онда ұшып жүрген құс қасыңа қонып қолыңнан жем жейді. Ал, 
бізде олар адамға жақындамақ тұрмақ, қусаң да ұстатпайды. Міне, экологиялық құқықтық 
сананың көрінісі. 
– 
«Жақсы заңдар жаман әдеттен пайда болады» демекші, салдарынан заңнамаларымызды 
осындай әрекеттердің алдын алу, жазалау шараларын көздейтін баптармен нығыздаймыз. 
Біздің білуімізше, Қылмыстық кодекстегі экологиялық қылмыстарға жаза тағайындайтын 
баптардың саны жаңасы бар, бұрынғысы бар, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 
кодекстен ауысқаны бар, жиырмаға жетіп қалды. Алдыңғы заңнамада ол бес-алтау ғана 
еді. Дегенмен, айтыңызшы, бұл біздегі экологиялық қылмыстардың көбейгенін көрсете 
ме, әлде, оған деген көзқарастың өзгергенін айғақтай ма? 
– Иә, жаңа Қылмыстық кодексте 324-тен 344-ке дейінгі баптар экологиялық қылмыстарға 
тағайындалатын жазаларды қамтиды. Экологиялық қылмыстарға жататын әрекеттер 
санының көбейіп, оларға жазалардың белгіленуі экологиялық қылмысқа деген 
көзқарастың өзгергенін көрсетеді. Шынында уақыт бірте-бірте экологиялық қауіпсіздікті 
экономикалық мүддеден бөліп қарауға болмайтынын ұқтырды. Бұл өз кезегінде өзіміз 
қосылып, шарттарын қабылдап жатқан әлемдік қауымдастықтардың қойып отырған 
талабы. 
– Әңгімеңізге рақмет! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет