«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет46/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Сабақтың жүргізілу барысы 
Тыңдалым алды тапсырмалар 
 
1-тапсырма
. Берілген сөздердің мағынасын қалай түсінесіздер? 
 
Өмір – қолымыздағы ең қымбат қазына 
 
2-тапсырма

Жұптық жұмыс. 
Сөздердің мағынасын Википедия сайты арқылы анықтап, 
талдаңыздар.
Фәни, донор, хирургия, презумпция, электронды үкімет порталы, шариғат, 
трансплантация

трансплантологтар, түйткілдің түйіні 
Мұғалімнің тақырыпқа жетелейтін сұрақтары: 
1.
Бұл сөздер қандай тақырыпқа қатысты болуы мүмкін? 
2.
Адам өмірін сақтау үшін қажет пе? 
3.
Сенің осы мәселеге көзқарасын қандай? 
 

Тыңдалым тапсырмасы. Жұптық жұмыс. 
Мәтінді тыңдап, пікірлер кестесін 
толтырыңыздар.
 
Тыңдалым мәтіні 
Былтыр Амангелді Нәпіловтің кеудесінде жаңа жүрек соқты. Өмір мен өлім айқасқа 
түскен сын сағатында донор табылып, аман қалды. Бірақ ағзасын беруге елде 
еріктілердің аз болуынан қанша жан бұл фәнимен қоштасты деп қынжылады Амангелді. 
Амангелді Нәпілов, Астана қаласының тұрғыны:
- Басқа адамның өмірін сақтап қаласыңдар. Бөліп беру керек.
Әлем елдерінен мысал іздеп көрсек. Британдық Джемайма Лэйзельдің оқиғасы соңғы 
бес жылдан бері қызу талқыланып жүр. Жас қыздың өлімі сегіз адамды ажалдан 
арашалады. Ол бірнеше науқасқа бір сәтте көмектескен алғашқы донор. Дәрігерлердің 
айтуынша, ондай жандар бізде әзірге жоқ.
Равиль Ибрагимов, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бөлім 
жетекшісі:
- Мысал келтіретін болсақ, 2015 жылы миы өлген 22 адам донор болды. Келесі жылдары 


бұл статистика 16-дан аспады. Бізде донор тапшы. Ал ағзасын алмастыру үшін кезекке 
тұрғандар көп.
- Елде 2012 жылдан 2016 жылға дейін мыңнан астам ағза алмастыру операциясы 
жасалған. Негізінен бауыр, бүйрек, жүрек пен өкпеге. Ал, биыл тек 16 адам ғана донор 
болып, 50 жан құтқарылды. Қазір кезегін күткендердің саны 4 мыңнан асады. Отандық 
мамандар олқылық орнын толтыру үшін батыстағы тәжірибені негізге алуды жақтайды. 
Мәселен, АҚШ-та адам ағзасын алуға рұқсат жүргізуші куәлігінде жазылады. Ал, бізде 
келісім презумпциясы. Яғни, егер адам көзі тірісінде ресми түрде донорлықтан бас 
тартпаса, оның ағзасын пайдалануға болады. Бұл мәселедегі шешімін қазір азаматтар 
тіркелген емханадан бөлек электронды үкімет порталында қалдыра алады. 
Марат Мұхамеджанов, Трансплантация бойынша республикалық координация орталық 
мекемесінің маманы:
- Егер электронды порталда жазылса, ішкі ағзаларымды ал десе, онда заң жүзінде 
дәрігерлер ала алады. Туыстарынан, ешкімнен сұрамай-ақ. Демек марқұмның 
туыстарының қарсылығы заң жүзінде еленбейді. Ал бұл мәселе бойынша шариғаттағы 
шарт басқа.
Қанат Оңғарбаев, Астана медресесі директорының орынбасары: 
- Туыстарының, оның ішінде туыстары мұсылман болған, ақыл есі дұрыс, шынымен 
жанашыр туыстарының да рөлі дейміз ғой, орны бар шариғатта қарастырылады.
Белгілі Адвокат Айман Омарова да келісім презумпциясын заңсыз дейді. Бұл адам 
құқығын аяқ асты таптаудың айқын көрінісі деген пікірде.
Айман Омарова, адвокат: - Біз бұл сұрақты бірнеше мәрте көтергенбіз. Егер ресми 
рұқсат қалдырмасам, ешкімнің менің ағзаларымды таратып, бөлуге құқығы жоқ. Бұл 
мәселеде үнсіз қалу келісімнің белгісі болмауы тиіс.
- Адвокаттар өлгеннен кейін донор болуды насихаттау бизнеске айналмай ма деп 
алаңдайды. Ал трансплантологтар бұл пікірді түбегейлі жоққа шығарып отыр. Донорлар 
көбеймей, өлім-жітім азаймайтынын айтады. Қалай болғанмен, заң реттелмей, 
түйткілдің түйіні тарқамайтыны анық. 
Әңгімелескен Асқарбек Қазанғап
https://www.ktk.kz/kz/news/video/2017/09/18/81115/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет