Ғабдол Әуезов, тарихшы, археолог:
- Бұл біріншіден, бізге қатысты евроцентристік көзқарасты жоққа шығарады.
Қазақ халқының ата-бабалары, яғни көшпенділер, бәріміздің ата-бабамыз тек ғана
мал бағып, егін егіп қана қоймаған, адамзаттың үшінші шаруашылығы –
металлургияны игерген, одан бұйым жасағандығын көрсетеді.
Сан ғасыр бұрын салынған тарихи-мәдени ескерткіштерді құртып алмау үшін, жыл
сайын қалпына келтіру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп тұрады. Бұған дейін Жошы хан,
Домбауыл мазарлары мен Хан ордасы қалпына келтірілсе, былтырдан бері Дүзен
кесенесі жөнделіп жатыр.
Ардақ Асылханұлы, тілші:
- Дүзен кесенесі – 19-ғасырдағы сәулет өнерінің озық үлгісі. 1980 жылдары
құрылысшылар кесенені жөндейміз деп, қабырғасын бүлдіріп алған. Содан бері
тіреумен тұрды. Тек былтыр ғана республикалық қазынадан 20 миллион теңге
бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған болатын. Игі жұмыс биыл да жалғасады
деп жоспарланып отыр.
Елбасы өз мақаласында «елдегі ішкі және сыртқы туризм халқымыздың осы
қастерлі мұраларына сүйенуі тиіс» деген болатын. Бұл бағытта атқарылатын ауқымды
жұмыстар жуырда ғана қабылданған өңірді дамытуға арналған үш жылдық
бағдарламада толық қамтылыпты. Мамандардың айтуынша, ауданға жылына 10
мыңдаған турист келеді екен.
Әнуар Омаров, Ұлытау ауданының әкімі:
- Бірнеше ғасырлық тарихы бар нысан бізді сол ғасырларға қарай жетелеп алып
кету емес, керісінше, барлық өзінің қадір-қасиетімен, біздің қазіргі шынайы
өмірімізге бері қарай шығып, ол біздің ұлттық қадір-қасиетімізді, тарихымызды
әлем халқына паш етуге қызмет жасауы керек. Яғни бұларды әлем халқына
таныстыру, осы арқылы туризмді дамыту, оларға инфрақұрылым жеткізу керек.
Мақаланың мәйегі – мәдени-географиялық белдеуге енетін орындардың маңызын
әр қазақстандыққа жеткізіп, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру. Қазір Ұлытаудағы
мектеп оқушыларына аптасына бірнеше мәрте өлкетану сабақтары өткізіліп тұрады.
Мұражай қызметкерлері туған жердің бай тарихын жас ұрпақтың санасына сіңіруге
барын салып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |