«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет67/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

5.6. Сәулет өнері 
Оқу мақсаттары 
10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, 
ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау 
жолдарын білу 
Сабақ мақсаттары 
Оқылым материалынан деректерді саралап, өз ойын 
білдіруде орынды қолданады. 
Құндылықтарды дарыту 
Ұлттық бірегейлікті сақтау, еңбек пен шығармашылық 
Пәнаралық байланыс 
Тарих
Бастапқы білім 
Маңызды ақпаратты саралай алады. 
Тірек сөздер 
Архитектуралық жауһарлар, құнды жәдігерлер, сәулетші 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырма

Миға шабуыл. Сұрақтарға жауап беріңіздер
1.
Қазақстандағы архитектуралық жауһарлар жайлы не білесіздер? 
2.
Құнды жәдігерлерге нені жатқызуға болады? 
3.
Еуропаның архитектуралық стилі мен Азияның эклектикасының тоғысуы жайлы 
естігендеріңіз бар ма? 
 

Оқылым тапсырмасы

Төменде берілген мақаланы оқыңыздар, кестені 
толтырыңыздар.
 
Қазақстандағы архитектуралық жауһарлар 
Алып мемлекетіміздегі ғасырлар бойы тұрған алпауыт ғимараттар мен 
ескерткіштер – талай тарихтың куәсі. Әр құрылыс нысаны – өз уақытының жемісі, сол 
кезеңдегі әлеуметтік, саяси, мәдени және техникалық мүмкіндіктердің айқын көрінісі. 
Олардың қойнауында мыңдаған жылдың сыры жатыр. Осы орайда жаңа маусымнан 
бастап «Kazakh TV» арнасы архитектуралық байлықтарымыз туралы «Сәулет өнері» 
бағдарламасын ұсынды. 
«Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаеваның айтуынша 
ғимараттардың құпия-сырларына үңілу арқылы бізге жұмбақ болып келген дүниелердің 
шешімін табуға болады. «Сәулет өнері» жобасының шығармашылық ұжымы 
отандастарымызды еліміздің сұлу да ғажайып нысандарымен таныстырады. Байтақ еліміз 
уақыт сынына сыр бермей, сан ғасырды артта қалдырған асыл қазыналарға толы. Мысалы, 
Ахмет Яссауи кесенесі, Жаркент мешіті, Алматы қаласындағы көптеген ескі кешендер әлі 
күнге дейін сынын жоймай келеді. Дархан даламыздың көп жылдық тарихы мен 
мәдениеті, талғамы мен танымы, сәулеткерлік өнеріннің бағыты мен бағдарын бойына 
жинақтаған мұндай жәдігерлерді жан-жақты зерттеу маңызды. Сондықтан бағдарламаның 
көрерменге берері мол» дейді. 
Расында да, бұл ғимараттарда мемлекетіміздің басынан өткен ауыр кезеңдер мен 
қуанышты сәттердің ізі қалды, дәл осы кешендердің ішінде еліміз үшін ең маңызды 
мәселелер шешілді, вокзалдар талай тұлғаларды күтіп алып, талайын шығарып салды, ал 
қазіргі аспанмен таласқан биік-биік жобалар заманауи Қазақстанның бейнесін жасауда. 
Француз архитекторы Поль Гурдэні Алматы қаласының тарихи орталығымен не 
байланыстырады, неліктен Жаркенттегі мешіт қытай сәулетшісі Хон Пикенің біздің 
күнімізге дейін сақталған жалғыз туындысы, Уалихановтардың «Сырымбет» үй-жайы 
қайда орналасқан, ұмыт болған есімдер мен белгісіз деректер, қазіргі тарих пен ұлттың бет 
бейнесі, осының бәрі бағдарламаға арқау болады. 


Тағы «Сәулет өнері» жобасы еуропаның архитектуралық стилі мен азияның 
эклектикасының тоғысуы туралы, сондай-ақ қираған үйінділерден алып қалалар мен 
шаһарлардың қайта салынуы жөнінде әңгімелейді. «Қазіргі таңда шығармашылық ұжым 
Түркістан, Орал, Алматы және Жаркент қалаларында болып, ондағы ең маңызды 
ескерткіштер жөнінде сөз етті. Хабардың әр бөліміне елімізбен қатар шетелдің беделді 
архитекторлары қатысады. Мысалы, бағдарламаның алғашқы бөлімінде танымал 
отандасымыз Сағындық Жанболатов пен Алмас Ордабаевтың пікірлері берілді. Сонымен 
қатар Лондон қаласындағы әйгілі Норман Фостермен сұхбаттасу үшін келіссөздер 
жүргізілуде. Өздеріңіз білетіндей ол Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім 
сарайы», «Хан Шатыр» және «Назарбаев орталығы» сынды көптеген ғимараттардың 
авторы» - дейді «Kazakh TV» арнасының Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева. 
«Сәулет өнері» жобасының ұжымы жыл соңына дейін Қазақстандағы мешіттер, 
кеңестік кезеңнен қалған құрылыстар, тарихи орындар туралы 15 шығарылым жасауды 
жоспарлап отыр. «Тағы бір айта кетерлігі, біз тек ескі ғимараттардың тарихына ғана 
үңіліп қоймай, сондай-ақ заманауи архитектуралық жауһарларымыз жөнінде де сөз етеміз. 
Қазақстандағы жас архитекторлар мен шет мемлекеттерде аты шығып, өзінің талантымен 
әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз туралы да хабар барысында айтылады» - деп 
қоса кетті арнаның Бас продюсері Айкүміс Сексенбаева. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет