«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет63/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ
Как говорить, чтобы дети учились, 8 класс
5.3. Сәулет өнері 
Оқу мақсаттары 
10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен 
рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; 
Сабақ мақсаттары 
Мақаланың жанрлық ерекшеліктерін талдай алады.
Құндылықтарды дарыту 
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Пәнаралық байланыс 
Тарих
Бастапқы білім 
Мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтайды. 
Тірек сөздер 
Сәулет өнері, композиция, ғимарат 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылым алды тапсырма
 
1-тапсырма
. Сұрақтарға жауап беріңіздер 
Жетекші сұрақтарды қою арқылы мақаланың жанрлық ерекшелігін анықтау.
1.
Мақаланың қандай жанрлық ерекшелігі бар? 
2.
Мақала жазуда автор нені басшылыққа алу керек? 
2-тапсырма. Тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтап, өз ойларыңызды 
білдіріңіздер. 
Сәулет өнері, композиция, ғимарат
 

Оқылым тапсырмасы. 
Мәтінді оқып, жұпта, топта талқылап, ақпаратты постерге 
түсіріңіздер. Мақаланы талдау барысында тақырыбын, автордың көтерген мәселесін, 
стильдік және жанрлық ерекшелігін, бағытталған аудиториясын ескерген жөн.
 
Сәулет көкжиегін жіті сезініп, кең шола білетін саңлақ сәулетші Қалдыбай 
Монтахаевтың соңғы жылдардағы жобалары бірінші кезекте еліміздің жаңа 
елордасы – Астана қаласының аумағын кең көлемде жобалауға келіп ұштасып 
жатты.
Сөз – кірпіш, жақсы сөйлем – композиция (үйлесімділік). Ал жеке оқиға 
(эпизод) – “ғимарат”, кітап тараулары – “көшелер”, роман – “қала” деп айтсақ, сәулет 
өнерінің әсем айшықтары мен мақсат-мұратын біршама көз алдымызға келтіруге 
болады. Ауызекі сөзді, жеке сөздерді әркім біледі. Ал кезінде жүйесін тауып айтылған 
шын асыл сөз, сындарлы сөйлем жүздеген, мыңдаған жылдар халықтың жадында 
қалып, талай ұрпақты тебірентері хақ. Таңдамалы сәулет өнерінің туындылары да 
саралы ой қозғайтын осы маржан сөздердей, көргенде ет-жүрегіңді баурап әкететіндей, 
деміңді ішіңе тартып көз алмай қарап қалатындай болуы тиіс. Еңселі ғимараттардың 
есіңді алар әсемдігі оның адам баласына тигізер пайдасымен сабақтасуы керек. 
Сазгерлер өз өнер шығармаларын тудыруда 7-ақ нота қолданады. Саз өнері көгінде Бах, 
Шопен, Штраус, Чайковский, Құрманғазы, Нұрғиса, Шәмші сынды ұлы тұлғалар туған. 
Сәулет өнерінде ертеден келе жатқан 1-ақ бастама нота бар. Ол – кірпіш (кірпіш 
модулі). Біздің жыл санауымызға дейінгі І ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, 
гректік және римдік сәулет өнерінің тәжірибелерін жинақтаған “Сәулет өнері туралы он 
кітап” атты әлемге әйгілі трактат жазып кеткен римдік сәулетші әрі инженер Витрувий 
сонау антикалық дәуірде-ақ жақсы сәулет туындысының үш критерийін анықтаған. 
Олар: 1. Пайда. 2. Беріктік. 3. Әсемдік. Сәулетші өткенді еске алып, бүгінгіні жіті 
бағдарлай отырып, осы өнердің келешектегі Витрувий айтқан үш сынды биігін сезе алса 


ғана оның туындысы – архитектура, олай болмаса, онда ол – халтура. Мұның өлшемі – 
уақыт. Жақсы объекті – жүз жылдық, мың жылдық. Нашар объекті – бір күндік, бір 
жылдық. Бұл биік талғам-талапты сергек сезініп, оны өмірде жүзеге асыра білген маман 
ғана кәсіби сәулетші ретінде мойындалады.
Қалдыбай Монтахаев – Орталық Азияда КСРО халық сәулетшісі атағын алған 
жалғыз маман. Онымен үзеңгілес жүріп, кеңестік сәулет өнері саласында күш-
жігерлерін шыңдаған ірі сәулетшілер өздерінен кейін қосылған Қалдыбайдың дарынды-
лығын мойындады. Ал сол кәсіби сәулетшілердің ішінен өткен ғасырдың жетпісінші 
жылдарының бас кезінде жоғарғы оқу орнын бітіре салысымен, талай тай жарысында 
оза шауып жүріп, әрқашан бәйгелі болып көзге түскен жас сәулетші Қалдыбай 
Монтахаев 80-90-жылдары сәулетшілер (қалалық, республикалық, мемлекетаралық 
және т.б.) арасындағы додаларда талай әйгілі мамандардан қара үзіп, алға шығып, қазақ 
сәулет өнерінің құлагері атанды. Осы орайда сәулет академигі Тоқтар Ералиевтің “Бү-
гінде “ХХ ғасыр соңындағы қазақстандық сәулет өнері” дегенде, ойымызға Монтахаев 
келеді” дегені кездейсоқ емес. Қалдыбай туралы Халықаралық Сәулетшілер одағының 
президенті Василис Сгутас “Сіз және сіздің қазіргі заманғы сәулет өнерінің дамуына 
қосқан орасан үлесіңіздің арқасында бүгінде Қазақстанның сәулетшілерін бүкіл әлем 
біледі” десе, сәулет өнерінің белгілі академигі И.Н. Воскресенский “Қалдыбай Жұмаға-
лиұлы, сіз сөзсіз кәсіби еңбектері мен қызметтері ХХ ғасыр сәулет өнерінің тарихына 
кіретін сәулет өнері таланттарының бірі болып табыласыз” деп бағалаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет