Құндылықтарды дарыту Еңбек және шығармашылық
Пәнаралық байланыс Тарих
Бастапқы білім Көтерілген мәселені анықтай алады.
Тірек сөздер Сәулетші, алып шаһар, ғимараттар
Сабақтың жүргізілу барысы Тыңдалымалды тапсырмасы. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы сабақ тақырыбына
болжау жасаңыздар.
1.Қазақстанда сәулет өнері қаншалықты дамыған?
2.Таулы аймақтарда биік ғимараттарды салу қаншалықты қауіпті?
3.Алматы қаласында ғимараттарды салу барысында жер сілкінісінің болу мүмкіндігі
ескерледі деп ойлайсыз ба?
Тыңдалым тапсырмасы. ЖЖ. Мәтінді тыңдап, жұпта талқылаңыздар.
Алматының солтүстік-батысы қарқынды дамиды. Бас жоспарға сәйкес, аталған
аумаққа биік ғимараттар тұрғызылып, қаланың ажарын ашпақ. Нысан үлгілерін
шетелдік мамандар даярлағанымен, негізгі жобаны біздің сәулетшілер бекітеді.
Бүгін сәулетшілердің төл мерекесі. Қазан айының алғашқы дүйсенбісін аталған сала
мамандары 1996 жылдан бастап тойлайды. Кез келген сәулетті өнердің бейнесі осы
тұлғалардың қиялынан туындайды. Ал мынау қаланың батыс бөлігіне салуынуы тиіс
ықшам ауданның жобасы. Алдағы уақытта Алматының ажарын ашатын тағы да зәулім
ғимараттар бой көтереді, деп күтілуде. Айта кетейік, жалпы, қаладағы нысандардың
биік болуы ешқандай қауіп төндірмейді.
«Бізде ондай ешқандай шектеу жоқ. Өйткені архитекторлармен бірігіп саламыз. Сондай-ақ конструкторлар оның құрылымын, қалай салыну керек екенін, техникалық жағдайын есепке алады», - деді Алматы қ. сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Қартайған ЕСЕНБАЕВ .
Бүгінде Алматының солтүстік-батыс бөлігі қарқынды дамып келеді. Бас жоспарға
сәйкес бірнеше жыл ішінде аталған аумақ көрікті ғимараттармен толыуы тиіс. Алайда
шаһарда бой көтерген нысандардың біразын шет елдік құрылыс компаниялары атқарып
келеді. Жобасын өздері жасағанмен бұл қалалық сәулетшілер кеңесінде сараптамадан
өтеді. Ал, қаладағы үйлердің дизайны бір ғана стильде болуы керек, деген жүйе жоқ.
Дегенмен де «Алып шаһардағы сәулет өнерінің өркендеуіне ерекше көңіл бөлінуі
керек», - деп санайды мамандар.