Сабақтың жүргізілу барысы Жазылымға дайындық тапсырмасы 1-тапсырма . Өз ойларыңызбен бөлісіңіздер
Оқушыларға сәулет өнері жайлы жазылған сөздер үлестіріледі. Оқушылар жеке және
жұпта талқылайды, өз ойларымен бөліседі.
1. Мәңгілік елдің мәдени құндылығы
2. Заманауи сәулет өнерінің озық үлгілері
3. Сәулет өнерінің жаңа тынысы
4. Мәңгілік құндылықтар бейнеленген ескерткіштер
2-тапсырма. Оқушыларға аргументативті эссенің тақырыбы мен клишелер ұсынылады.
Эссе тақырыбы мен клишелерді топта талдаңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Эссе тақырыбы: «Сәулет өнері туындылары мәңгілік елдің мәдени құндылығы бола
алады ма?»
Клишелер: Сәулет өнерінің озық үлгілері, мәдени құндылық, осылайша, қорытындылай
келе, мысалға келтіретін болсақ, бұл пікірді қарастыратын болсақ.
Жазылым тапсырмасы 3-тапсырма
. «Сәулет өнері туындылары мәңгілік елдің мәдени құндылығы бола ала ма?»
тақырыбында аргументативті эссе жазыңыздар.
Бағалау Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Автор орындығы» әдісі арқылы жазған
аргументативті эссені топта оқып, үздік жұмысты «автор орындығына» ұсыныңыздар.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Қажетті клишелерді қолданып,
аргументативті эссе жазады.
-қажетті клишелерді орынды қолданды;
-аргументативті эссенің құрылымын
сақтады;
Сөйлем ішінде тыныс белгілерді орынды
қолданады.
-пунктуациялық нормаларды сақтады.
5.5. Сәулет өнері Оқу мақсаттары 10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және
стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды
қолданып, мақала жазу.