«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет73/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ
Как говорить, чтобы дети учились, 8 класс
5.9. Сәулет өнері 
Оқу мақсаттары 
10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды 
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп 
эссе жазу (аргументативті эссе); 
Сабақ мақсаттары 
Көтерілген мәселе бойынша ойын дәлелдеп, 
аргументативті эссе жазады 
Құндылықтарды дарыту 
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Пәнаралық байланыс 
Тарих
Бастапқы білім 
Аргументативті эссенің құрылымын біледі 
Тірек сөздер 
Астана, сәулет өнері, ұлттық нақыш 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Жазылымға дайындық тапсырмасы
1-тапсырма.
Төменде берілген суреттер арқылы Нұр-Сұлтан қаласының сәулет өнері 
жайлы әңгімелеңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 1248372310 698007343 230914588
 
2-тапсырма
. Төменде берілген мақаланы оқып, «мәліметтер» кестесін толтырыңыздар. 
Астана сәулетінің бүгіні мен ертеңі 
2 шілде күні, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана 
күніне орай «Астана сәулеті: бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел өтеді. Бұл туралы музейдің 
баспасөз қызметі хабарлады. Шара шеңберінде Ұлттық музейдің залдарына экскурсия 
ұйымдастырылады. Жиын Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбайдың алғы сөзімен 
ашылады.
Дөңгелек үстелге ҚР еңбек сіңірген және құрметті архитекторы, академик Серік 
Рустембеков, ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы, архитектор Жандарбек Мәлібеков, 
«Тілеп» қайырымдылық қорының президенті, құрылысшы Сапар Ысқақов, Премьер-
министрдің жеке фотосуретшісі, фотожурналист Шүкір Шахай, Ұлттық музейдің 
сәулетшісі, архитектура докторы, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Мәскеу 
университетінің профессоры Владимир Лаптев, «Алғашқы Астаналықтар» жобасының 
авторы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Астана қаласының бірінші баспасөз хатшысы 
Сәдібек Түгел қатысады.
Тақырыпты талқылау, сұрақтарға жауап беру, пікір алмасу түрінде өтетін дөңгелек 
үстелде Астана қаласының Бас жоспары ғылыми-зерттеу институты, «Астана ЭКСПО-
2017» Ұлттық компаниясы, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы 
өкілдерінің пікірлері тыңдалады.
Басқосу барысында Еуразия континентінде пайда болған жас Астананың әлемдік 
архитектурадан алатын орны, құрылыс кешендерінің өзіне тән ерекшеліктері және 
қаланың болашақтағы даму жоспары талқыланады.
Сонымен қатар Еуропа мен Азияны тоғыстырып қана қоймай, Шығыс пен 


Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің үндестік алаңына айналып отырған шаһардың 
әлеуметтік һәм рухани өміріндегі ілкімді ізденістер мен соны соқпақтар сөз болады. Бұған 
қоса уақыт пен талғамның, сын мен төзімнің тезінде шыңдалған жас қаланың «Орталық 
Азияның жауһары» деген атаққа ие болу жолындағы батыл бастамалары мен тыңға түрен 
салған идеялары ой елегінен өткізіледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Астананы феномен ретінде қарастырып, оның әлем 
қауымдастығының рухани, діни және экономикалық орталығына айналып отырғандығын 
айтады. Жиында «ЕХРО-2017 – болашақ энергиясы» жобасы таныстырылып, көрме 
кешендері жайлы жан-жақты мәлімет беріледі және Астананың қазіргі мәртебесі мен 
деңгейі оған тарихи, саяси, экономикалық, мәдени, рухани, танымдық тұрғыдан алғанда 
зор жауапкершілік жүктейтіндігі баяндалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет