Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын
даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі. Тәрбие
білім берумен тығыз байланысты. Сонымен бірге ол адамға қоғам құрылысы, ғылым мен
техниканың дамуы, әдебиет, өнер, бұқаралық ақпарат және насихат құралдары (баспасөз,
радио, телевизия) арқылы ықпал етеді. Тәрбие мәселесінде айрықша мән беріп, сол
жайында қазақ тілінде алғаш «Педагогика» атты еңбегінде Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие,
кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан
иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету» деген сөз. Адамзат қауымының ғасырлар бойғы
тарихы имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық тағылым ұрпақ
тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырғаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда сол
құндылықтарымыз қаншалықты сақталып, ұрпақ санасына қаншалықты беріліп
жатқандығы – басты мәселе.
Максотова Калиса Еламановна
https://ust.kz/word/pedagogikalyq_oqy_ulttyq_qundylyq_ryhani_qundylyq_negizi-
57332.html
Достарыңызбен бөлісу: