«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет7/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Тірек сөздер 
Қоғам, құндылықтар, жастар мәдениеті, субмәдениет, 
өркениет, заман талабы, өмірлік дағдылар 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Айтылымға дайындық тапсырмасы 
 
 1-тапсырма. «Ассоциация» әдісі 
 
– «Субмәдениет» дегенде есіңізге не келеді? Ойыңызбен жұпта, топта бөлісіңіз. 
 
2-тапсырма. «Блум түймедағы» әдісі. Мәтінді оқып, кесте бойынша сұрақтар 
құрастырыңыздар, сұрақтарды топта талқылаңыздар. 
 
Қарапайым сұрақтар
Не? Қашан? Қалай? 
Нақтылайтын сұрақтар 
Мен дұрыс түсіндім бе? 
Практикалық сұрақтар 
Қай жерде қолданылады? 
Түсіндіретін сұрақтар 
Неге? 
Шығармашылық сұрақтар 
Не болар еді? 
Бағалайтын сұрақтар 
Не жақсы? Не жаман? 
 
 
Мәтін 
Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған 
кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. 
Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман 
нәтижелерінің бірі – фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы 
ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына 
біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей 
Қазақстанға да келді. Егер сіз, қадірлі оқырман, көшеден жүріс-тұрысы мен киім киісі, 
жалпы мәдениеті басқалардан оғаш көрініп тұратын өзгеше жандарды байқасаңыз, қандай 
пікір ұстанып, нендей ой түйер едіңіз? Біз мұны ғылыми-психологиялық, әлеуметтік 
тұрғыдан қарастыруды ұйғарып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
әлеуметтану және әлеуметтік істер жөніндегі кафедра меңгерушісі, әлеуметтану 


ғылымының докторы, профессор Әбдірайымова Гүлмира Серікқызының кейбір 
пайымдарын оқырман талқысына ұсынуды жөн көрдік. 
• Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік 
астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі 
күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», 
«субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен 
туып тұр. Жалпы, субмәдениет – жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың 
ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының 
нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы. 
• Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа 
айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге 
тән феномен екендігін айта кеткен жөн. Мұны «жастарға арналған мәдениет» (кино, 
әртүрлі жаппай көңіл көтеру, бизнес, сән, телехикаяттар және т.б.) пен жас адамдардың 
контрмәдениетімен (дәстүрлі нормаларға қарсы тұру секілді) шатастырмаған жөн. 
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен 
бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына 
байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала 
түседі. 
Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет 
(байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, 
скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді 
спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да 
шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер 
негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана та-
рапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады. 
• Жастардың өмір сүру қалпы және тіршілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы 
мүмкін емес сияқты. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың 
басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері 
негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және 
Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ре-
сейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы – бұл да жастар субмәдениетінің емес, контр-
мәдениетінің көрінісі. Қазақстан – белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне жинақтаған 
ерекше мемлекет. Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның инновациялық потенциалы болып 
табылады және білім алуда, жаңашылдықты қабылдауда, мамандығы бойынша өсіп-өр-
кендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді.
• Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, ден-
саулық, отбасы секілді құндылықтарға қарым-қатынастары оның рухани-адамшылық ішкі 
күйзелісі мен өмірлік мақсаттарын асыра бағалауымен байланысты. 
Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын 
ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс 
мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет