«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ педагогикалық Өлшеулер орталығЫ


Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі220,03 Kb.
#186296
1   2   3   4
Байланысты:
!ОШ доп СО Информатика 7кл каз

2. Оқу жылына арналған жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.


3. Күтілетін нәтижелер


Білу:
-ақпаратты өлшеу бірліктерін;
- компьютерлік желілердің жіктелуін;
- берілгендер типінің жіктелуін;
- моделдеу ортасының негізгі модификаторлары мен элементтерін.


Түсіну:
- компьютерлік жады түрлерінің қызметін (ЖЕСҚ, ТЕСҚ, СЕСҚ, кеш-жады);
- нақты әлем нысандарын моделдеу.


Қолдану:
- ақпаратты бір өлшем бірлік түрінен басқа түріне аудару дағдысын;
- бағдарламалау тілінде алгоритм жазу дағдысын;
- кіріктірілген бағдарламалау ортасында сызықтық және тармақталған алгоритмдерді жазу дағдысын;
- моделдеу ортасында нысандарды құруға арналған құралдарды;
- 3D моделді құру үшін примитивтер мен модификаторларды.


Талдайды:
- бірдей ақпаратты сақтаған түрлі форматтағы файлдар өлшемін;
- 3D-редакторларда нысан моделдерін;
- модель құру кезіндегі примитивтерді.


Синтездеу:
- тармақталған, сызықтық алгоритм түрінде көрсетілетін ақпаратты;
- есепті шешу реттілігін;
- алгоритмді жазу түрін таңдау.


Бағалау:
- енгізу және шығару берілгендерін анықтау және тестілеу арқылы есепті шешу нәтижелерін;
- компьютерлік моделдің нақты нысанға сәйкестігін.

4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Жиынтық бағалау барлық еске түсіруге мүмкіндік беретін көрнекі құралдары: диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталары жабылған оқу кабинетінде өткізіледі.

Жиынтық бағалау басталар алдында білім алушыларға жиынтық бағалауды өткізу ережесі мен жұмысты орындау уақыты хабарланады. Білім алушылардың жұмысты орындау кезінде бір-бірімен сөйлесуіне болмайды. Білім алушылар жұмысты орындауға кіріспес бұрын ұйымдастырушылық сипаттағы сұрақтарды қоюға құқылы.


Білім алушылар өз бетінше жұмыс жасауы қажет және бір-біріне көмектесуге құқығы жоқ. Жиынтық бағалауды өткізу кезінде білім алушыларда көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздік немесе анықтамалық әдебиеттер (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) болмауы тиіс.


Жауаптар ұқыпты жазылғаны дұрыс. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.


Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталған соң білім алушылардан жұмысты тоқтатып, өздерінің қаламдарын/қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтіну қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет