"назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы оқушылардың ОҚу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің Əдіснамасы



Pdf көрінісі
бет5/29
Дата11.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
metodologiya-sko kaz
«Керқұла атты Кендебай» 4- сабақ
Сингапур 
Сингапурде оқушылардың старттық деңгейін есепке ала отырып, түрлі 
деңгейдегі 
бағдарламалар 
бойынша 
дифференциалды 
оқыту 
ұйымдастырылады. Бұл елдегі оқу жетістігін бағалау жүйесі сапа мен 
бағаның үздіксіздігіне бағытталған. Сапаға қол жеткізу білім беру үдерісінің 
қатысушыларының барлығына бірдей түсінікті болып табылатын бағалау 
рәсімдері, әдістері мен түрлерінің айқындығы арқылы жүргізіледі. Оқу 
жетістігін бағалау оқуда жеке тәсілдерді қолдану арқылы оқу 
бағдарламасының мазмұны негізінде және әр оқушының қабілеті мен 
қызығушылығын, ынталануын есепке ала отырып, жеке траекториясын 
анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Сингапурде бағалаудың екі негізгі түрі қызмет етеді: мектепішілік және 
сыртқы. 
Мектепішілік бағалау нақты уақыт аралығында оқу мен оқытуға қолдау 
көрсету үшін ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Мектепішілік бағалау 
тәжірибесінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау қолданылады. 
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері оқушылардың оқу үдерісін 
жақсарту үшін қолданылады, жиынтық бағалаудың нәтижелері 
оқушылардың жеке ілгерілеуіне және оқу бағдарламасын жетілдіруге 
қатысты шешім қабылдау үшін қолданылады.
Сыртқы бағалау ауқымды түрде өткізіледі. Бұл оқу жетістіктерін 
мониторингілеу, барлық деңгейдегі жүйе әрекеттері туралы анық 
ақпараттарды алу және барлық мүдделі тараптар үшін есеп дайындау 
мақсатында жүргізіледі.
 
Сингапурдің көптеген мектептерінде Кембридж Емтихан кеңесінің 
бағалау жүйесі қолданылады: оқушылар негізгі мектептің төртінші немесе 
бесінші оқу жылында GCE ‘O’ Level емтиханын, жоғары мектептің екінші 
немесе үшінші оқу жылында GCE ‘А’ Level емтиханын тапсырады.
Сингапурдің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі фактологиялық білімді 
емес, мақсаттар, тапсырмалар мен күтілетін нәтижелерге сәйкес алған білімін 
қолдана алу дағдысын бағалайды.



Ресей 
Ресейдің қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесі қазақстанның дәстүрлі 
бағалау жүйесі сияқты 1937 жылдан бері қызмет етеді және объективтілігі 
мен анықтығының жоқтығы тұрғысында бірнеше рет білім беру саласына 
қатысты қоғам тарыпынан сынға ұшырады. Ресейдің мектептегі білім беру 
жүйесінде келесі бағалау түрлері қолданылады: сыныпішілік бағалау
аттестациялық емтихандар (ГИА және ЕГЭ). 
Сыныпішілік бағалау баға қою үшін, қосымша сабақты қажет ететін 
оқушыларды анықтау үшін, оқушылардың оқу жетістіктері туралы ата-
аналарды ақпараттандыру тәсілдерінің бірі ретінде қолданылады. Бағалау 
ағымдағы, аралық, қорытынды бағалаулардан тұрады.
Ағымдағы бағалау оқушылардың пәнге қатысты әрекеттерін түзетуге, 
оқушылардың өз жетістіктерін бағалауға көмектесетін және жоғары 
нәтижелерге жету жолдарын анықтайтын кері байланыс беруге бағытталған.
Аралық бағалау оқушылардың пәндер бойынша білімді меңгеру 
динамикасын тіркеу және жеке ілгерілеуін көрсету мақсатында өткізіледі. 
Ресей Федерациясының «Білім туралы» Заңы мен жарғысына сәйкес білім 
мекемелері өз бетінше оқушыларды бағалау жүйесін, формасын, тәртібін 
және аралық бағалаудың мерзімін таңдауға құқылы.
Қорытынды бағалау негізгі білім беру бағдарламаларын меңгеру 
деңгейін және білім берудің келесі кезеңіне өту туралы шешім шығару үшін 
критерий ретінде қызмет етуін көрсетеді.
Аттестациялық емтихандар (ГИА және ЕГЭ) – бұл орта білім берудің 
оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік қорытынды аттестациялау 
формасы. Бұл емтихандар оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын 
меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мектепке қатысты емес сыртқы 
қызметтермен өткізіледі. 
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін бақылаушы өлшеуіш 
материалы ретінде стандартталған формадағы тапсырмалар кешені 
қолданылады.
10 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет