Название презентации



Дата25.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#159863
Байланысты:
Исатай Айнұр КДР-41. Балет

Балет

Орындаған: Исатай Айнұр

Тобы: КДР-41

Тексерген: Бактыгалиева Э.С

Балет Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Алғаш Италияда тұрмыс-салтты көрсететін битүрлері іріктеліп, жүйеге түсіп, сахналық заңдылыққа бағындырыла бастады. Той-думанда орындалатын халық билері жаңа мәнерлі, әсем өрнекті, бір идеяны ұқтыруға, бір ойды айтуға мегзеген Балеттерге арқау болды. Бұлар үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып отырған. Францияда Балет белгілі сюжеттер, аңыздар негізінде құрылды. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. 


Балет ұғымы тарихы
Балет ұғымы
Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль.
Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. 17 ғасырдың 2-жартысында өмірге опера-Балет (композиторлар Люлли, Рамо) және комедия-Балет (драматург Мольер) келді. 18 ғасырда Англия, Аустралияда, кейінірек Францияда Балет өнердің жеке бір саласы болып әбден қалыптасады.

Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыкашығарушы композитор, билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнаға саяды. Балеттің арқауы би мен пантомима. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті Балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыка-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Соңғысын кордебалеттер орындайды. 


Қазақстандағы балет
Қазақстанда Алматы жоғары би өнер мектебі даярлады. Қазақ балеті әуелде драмалық, опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. Тұңғыш қазақ режиссері Жұмат Шанинұлттық балетті халық топырағында бар элементтер негізінде, туыстас елдер пластикасына негіздеп жасау керек деген ойын «Қоян-бүркіт», «Киіз басу», «Өрмек би», «Шашу» секілді билерді сахнаға шығаруда іске асырған. Қобыз, домбыра ырғақтары, күй әуезі балет музыкасына арқау болып, оның ұлттық, даралық ерекшелігін айқындады. 1938 жылы қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман – Мамыр» қойылды. Жер-жерде балет спектакльдерін қоятын халық театрлары («Алматының жас балеті», Қарағандының мәдениет сарайы, т.б.) құрылды. 1986 жылы құрылған «Алтынай»мемлекеттік халық би ансамблі қазақ би өнерінің жаңа белесі болды.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет