Й– әріпін жаттап ал,
Йод– дәрі қапта бар.
Айда бар,
Күнде жоқ.
Сайда бар,
Шөлде жоқ.
(Й)
14
Кк дыбысы
К дыбысының жасалауы : Ерiн калпы катарлас тұрған дыбысқа байланысты өзгеріп отырады : ка , ко , ке .. ... Жоғарғы және төменгi күрек тістер арасында аздап алшақтық сақталады . Тіл ұшы төмен , тiлдiң жотасы тандайға тиеді . Дыбысты айтканда тілмен тандай бiрiгуi ажырап , артындағы ауа қысымы босатылады . Егер к дыбысын айна алдында дұрыс артикуляциясын көрсетіп , еліктеу , колымен бейнелеу арқылы түзету мүмкін болмаған жағдайда , шпатель көмегімен механикалық әсер керек :
Машықтандыру:
Ка - ка - ка – карта
Ке-ке-ке-керік
кө-кө-кө-көсеу
кө-кө-кө-көрпе
ке-ке-ке-кеме
ки-ки-ки-киік
ка-ка-ка-карта
Ке-се
15
Ққ дыбысы
Қ дыбысын айтқанда еріндер өзінің алдыңғы немесе соңындағы қосылып айтылатын дыбыстарға байланысты өзгеріп отырады : ко , ка , құ , қу . Үстiнгi тiстерi мен астынғы тістерінің арасында аздап алшақтық сақталады . Тілдің ұшы төмен түседі де арты жумсак тандаймен қабысады . Қ дыбысын айтқанда іштен келген ауа қысымы тіл мен таңдайдың қабысқан жерін серпіп ашып кетеді де , ауа тысқа шығады . Жұмсақ таңдай көтеріңкі келеді де мұрынға баратын ауа жолын жабады .
Достарыңызбен бөлісу: |