«Түзету ырғағы» курсының негізгі мазмұнын сөздер мен музыканың үйлесімді ырғағындағы қозғалыс әрекеті құрайды.
|
Сабақтар оқушылардың қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге және дамытуға, сөйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған.
|
Логопед сабақтары сөйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі қалыптасып, сөздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады.
|
Логопедтік сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да өткізіледі. Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, сөйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс.
|