Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бөлмелерден басқа, мектепте логопед сабақтарын, психолог өткізетін сабақтарға және түзету ырғағын өткізуге арналған бөлмелер болуы тиіс.
Логопедиялық технологиялар
Қазіргі заманғы логопедиялық тәжірибе өз арсеналында уақытылы диагностикалау мен тіл кемшіліктерін түзетуге бағытталған, дәстүрлі білім беретін түзету – дамыту технологиялары бар.
Педагогика, психология және медицинаның түйісу шегінде орналасқан логопедия өз тәжірибесінде логопед – мұғалімнің жұмысын оңтайландыратын, ең тиімді, логопедия үшін дәстүрлі емес және сабақтас ғылымдар тәсілдерін өз қажеттіліктеріне бейімдеп қолданады.
Бұл әдістерді логопедияда дербес қарастыруға болмайды, олар көпшілік мақұлдаған технологиялардың бөлігі болып табылады, және педагог пен баланың қарым – қатынасының жаңа тәсілін, жаңа ынталандыру әдістерін енгізеді, жайлы эмоционалдық ортаны тудырады, жұмысқа сақталған психикалық функциялады қосуға және ауытқыған психикалық функцияларды белсендендіруге септігін тигізеді.