Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуіне дайындалған баяндама тезистері



Дата12.03.2018
өлшемі73,83 Kb.
#38825
Құндыкөл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуіне дайындалған баяндама тезистері.

Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленеді.

Құндыкөл ауылдық округі аумағында 3 елді мекен орналасқан. Тұрғындар саны 1154 . Аталған тұрғындарға округ аумағында орналасқан 2 орта білім беру мектебі, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 2 мәдениет ошағы, 3 ауылдық кітапхана, пошта және байланыс орындары қызмет көрсетеді.

Құндыкөл ауылдық округінің әкімшілік аппараты 2012-2013 жылдар мезгілінде өз мүмкіндіктерінше біршама жұмыстар атқарды. Әкімшілік аппараты қызметкерлерінің жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан – 2050 стратегиясын, биылғы жылы елбасының Қазақстан халқына жолдауын тұрғындарға жеткізіп түсіндіру және оның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар ұйымдастырып, оның атқарылуы бақылауда болды. Еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік іс шаралар мен бағдарламаларды тұрғындарға жеткізіп түсіндіру мақсатында ақпараттық насихаттау тобының мүшелері тұрғындармен кездесу өткізіп отырды.

Құндыкөл ауылдық округі әкімінің алдағы өткен есептік кездесуде зейнеткер Сұңқарбеков М. Құндыкөл ауылына МТЗ-82 тракторын сұраған. Бұл мәселе бойынша қыс айларында тракторды пайдалану тиімсіз болғандықтан, «Серпіліс» КММ директоры Б.З.Жанахметовпен келісім бойынша Құндыкөл ауылдық округінің ішкі жолдарын тазалауға шарт жасалды.

Елбасының жолдауында атқарушы органдардың халықтың әлеуметтік жағдайлары төмен топтарына әрдайым қолдау көрсету керектігі айтылған. Осыған орай тоқсан сайын округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайлары зерттелініп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылары анықталып отырды. Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша әлеуметті төмен елді мекендерден 2012 жылы Майқайын кентіне Құндыкөл ауылдық округінің Біржанкөл ауылынан көшкен Бүркітбаев Сарсен Қайрұлының (отбасында 2 адам) отбасымен Аппасов Бекбулат Темірұлының отбасы (отбасында 4 адам).

2013 жылы Майқайын кентіне Құндыкөл ауылдық округінің Біржанкөл ауылынан көшкен Бүркітбаев Бахыт Оспанқұлұлының отбасымен (отбасында 4 адам) Бүркітбаев Қожа Қайырұлының отбасы (отбасында 6 адам).

2013 жылы Баянауыл селосына Құндыкөл ауылдық округінің Біржанкөл ауылынан көшкен Аппасов Ерқанат Адылханұлының отбасы (отбасында 5 адам).

2012 жыл басында округ бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығында 28 адам жұмыссыздар қатарында тіркеуде болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 12 адамға азайып 16 адамды құрайды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 2 отбасы бар.

2012-2013 жылдар аралығында 19 тұрақты, 24 маусымдық, 12 қоғамдық, 3 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылды.

Округ бойынша денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедек 2012 жылы 40 адам тіркелсе, 2013 жылы саны 42 көтерілді, оның ішінде 4 мүгедек бала. Бұл балаларға әртүрлі ойыншықтар сатып әперуге ауыл әкімшілігі бюджетінен 14,0 мың теңге бөлініп, аталған қаражат толық игерілді.

Жылдар бойы мүгедек балаларға гигиеналық жаялықтардың беріліп тұруы бақылауда ұсталынды. «Қамқорлық» акциясы аясында 1 аз қамтамасыз етілген отбасы шөппен қамтамасыз етілді, құны 20 000 теңге. Шаруа қожалықтармен бірлесе отырып 4 отбасыға натуралдық көмек, арқайсына 10 000 теңгеден жалпы сомасы 40 000 теңге көмек көрсетілді. 10 аз қамтамасыз етілген отбасына 24 тонна көмірмен көмек көрсетілді. Жеке тұлға Ивашев Т. аз қамтамасыз етілген 2 отбасыға 15 000 теңгеден жалпы 30 000 теңге көмек көрсетті. 1 зейнеткер Астана қаласына тегін жолдамамен 3 күндік саяхатқа барып келді.

Шағын және орта бизнесті колдау және қосалқы шаруашылығын дамыту мақсатында облыстық Ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау қорынан Құндыкөл ауылдық округі бойынша кредит алғандар:

1. 2011 жылы Мукушев Жайлаубай наубайхана ашуға 3 млн. теңге кредит алды. Нәтиже жоқ.

2. 2012 жылы Ивашев Қуандық қой сатып алуға 3 млн. теңге несие алды. Нәтижесі 120 қой сатып алды.

3. Рамазанов Қайролла шиномонтаж ашуға 2 млн. теңге несие алды. Қазіргі уақытта барлық құрал-жабдықтар алынды. Ғимараттың жобасы болмағандықтан шиномонтаж ашылмай тұр.

Инфоқұрылым бойынша шиномонтаждау шеберханасына кіреберіс жолдарының құрылысын салу үшін 1 млн. 227 мың теңге жұмсалды: 182 кв/м жерге асфальт төселді.

4. Шагиров Ермек 2013 жылы 3 млн. теңге несиені көкөніс өндіру үшін алды. Алған ақшаға Т-40 тракторы, қоршау-торы, тұқым (картофель) сатып алынды. Қазіргі уақытта тұқым сақтайтын қойма дайындау үстінде.

Кәсіптік оқыту:


  1. Риза Сұлтан –машинист-эксковаторщик.

  2. Аруп Біржан –техник.

  3. Аруп Қайржан –техник.

  4. Қайырберген Нұрболат –техник –электрик.

Қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін:

  1. 2011 жылы Ибраева Сағыныш –шаштараз оқуын оқыды.

  2. Сұңқарбекова Маржангүл –секретарь референт оқуын оқыды.

  3. 2012 жылы Жұмагельдин Ақыл – тас қалаушы.

  4. Макенова Айнұр –кондитер, қазіргі уақытта «Балбұлақ» шағын орталықта ас әзірлеуші қызметін атқарып жүр.

  5. 2013 жылы Иманхан Давитхан –техник –электрик.

  6. Пыштыбаев Нұрлан –тракторист.

  7. Пыштыбаев Ерлан –тракторист.

Сондай-ақ 2013 жылының тамыз айында 16 шаруа қожалығы жанар-жағар маймен қамтамасыз етілді.

Мал шаруашылығы саласында 2013 жылдың басынан бастап 3700 ірі қара мал зерттелді, оның ішінде 18 бруцеллез болып тапсырылды. Зерттелген қой, ешкі саны 9000, туберкулезге тексерілген ірі қара малдар саны біріншіде 4000, екіншіде 1000 бас. Пастерелезге қарсы егілген ірі қара мал 300 бас, қой, ешкі саны 1000 бас. Сибирская язваға қарсы 600 ірі қара мал, қой, ешкі 1000 бас егілді.

Білім беру саласында Құндыкөл ауылдық округінде 2 мектеп қызмет атқарады. Жастарға білім беру мақсатында 2 мектепте 62 мұғалімдер қызмет атқарады. Биылғы ҰБТ дайындық жүргізуде. Ә. Марғұлан ОМ бойынша орта ұпай 84,9 болып, аудан мектептерінің арасында 7 орында, Егіндібұлақ мектебінің ұпайы 57,5 болып 19 орында тұр. 2 мектептегі оқушылардың саны 212. Одан басқа дайындық тобында балалар оқиды. Ә. Марғұлан ОМ тегін ыстық тамақпен 70 оқушы қамтылды, оның ішінде 53 оқушы бастауыш сыныптардан, 17 орта және жоғары буындардан. Бұл 55% құрайды. Аз қамтамасыз етілген, көпбалалы, аз қаржыланған жанұядан шыққан оқушылар және бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамаққа енгізілді. Жаппай оқумен қамту қорынан 17 оқушыға киім алынды, жазғы демалыста 55 баладан 14 күннен ІІ маусым аралығында барлығы 110 оқушы жазғы демалыс алаңында уақыттарын өткізіп, демалды және аудандық «Ақбет» сауықтыру алаңында 39 бала демалды. Тегін 35 оқушы, 2 оқушы демеушілікпен, 2 оқушы кәсіпөдақ ұйымы арқылы барды. Мектептің жанынан ашылған «Балапан» шағын орталығында 2 топ жұмыс жасайды. Сәбилер тобында 15 бала, ортаңғы тобында 15 бала, түске дейін 5 бала тәрбие алуда.

Егіндібұлақ ОМ тегін ыстық тамақпен 45 оқушы қамтылды, оның ішінде 30 оқушы бастауыш сыныптардан және 15 оқушы жоғары сыныптардан. Бұл 75 % құрайды.

Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 2 тармақшасына сәйкес 2011-2013 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар бойынша:

І. 2013 жылдың қыркүйек айында Ә. Марғұлан атындағы мектебінің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеуге берілген 18 936 000 (Он сегіз миллион тоғыз жүз отыз алты мың) теңге толығымен игерілді. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

Денсаулық сақтау саласында да айтарлықтай істер атқарылды.

Халыққа медициналық қызмет көрсету белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары уақытында жүргізіліп тұрады. 2012 жылы округ бойынша 19, 2013 жылы 22 жас сәби дүниеге келді. Ауыл тұрғындары туберкулезге қарсы флюрографиялық тексерістен толық қамтылды. Жаңадан ауырған адамдар тіркелген жоқ. Ауыл жастарының салауатты өмір сүруі үнемі назарда үсталынып спортпен айналысуына жағдай жасалынып отырылады. Олардың спортпен шұғыладануына 2 спорт залы қызмет көрсетеді. Мұнда спорттың бірнеше тұрінен секциялар жұмыс істейді. Көрсеткіштері жаман емес. Ауыл спортшылары спорттың бокс, волейбол, қазақша күрес, стол тенисі түрлерінен аудан чемпионы, облыстық жарыстарының жүлдегерлері.

Округ аумағында 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетеді. Мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар бекітілген іс шаралар жоспар бойынша өткізіліп тұрады. Іс – шаралар өткізуге мекемелердің, ауыл тұрғындарының ат салысып қатысуы үнемі назарда болды. 22 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Әз - Наурыз» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Наурыз тойы Құндыкөл ауылдық Мәдениет үйінде әр мекемелер ұжымдарының дайындаған ұлттық тағамдардан дәм татыртты. Ауыл халқы толығымен жиналып мерекеге арналған концерттік бағдарламасын тамашалады. Жеңістің 68 жылдық мерекесі ерекше аталып өтті. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні, 18 маусым жастар күні, 1 қазан қарттар күндері аталып өтті. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама, волейбол, шахмат, дойбы спорт түрлерінен жарыс өтті. 31 желтоқсан күні жаңа жылдық кеш ұйымдастырылып, соңынан жастарға арналған би кеші өткізілді.

Жалпы жазбаша түскен өтініштердің саны 122, оның 120 қанағаттандырылды, 2 жазбаша өтініш иесіне тұсініктеме берілді. 72 ауызша өтініш жергілікті жерде қаралып оң шешімін тапты.

Әкімшілік аппараты мамандарының күнделікті жұмыс барысында ауыл тұрғындарынан жиналатын жер және мүлік салығының түсімдері үнемі бақылауда болады. Округ бойынша қазан айының біріне дейін 112182 теңғе жер және 54951 теңге мүлік салығы түсімдері жиналып тапсырылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу мақсатында ауыл әкімшілігі мен участкелік полиция инспекторы бірлесіп жұмыс атқаруда. Құндыкөл ауылдық округі бойынша. 2013 жылы тамыз айында Құндыкөл ауылының жайлауынан 5 бас қара мал жоғалды. Қылмысты ауыл азаматы Досов Жарас жасап, ұсталды. Үстіміздегі жылдың қазан айында Құнанбаев Еріктің қорасынан 1 бас қара мал және 3 қой ұрланып, ұрылар ұсталынды. Ұрланған малдар иелеріне қайтарылды. 2013 жылы 92 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олар ішімдік ішіп көшеде жүргендер, аула тазалығы және т.б. тәртіп бұзушылықтар.

22 қараша 2013 жылы Құндыкөл ауылдық округі әкімі аппаратында қызметшілердің қызметтік этикасы жөнінде отырыс өткізілді. Күн тәртібінде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметші мемлекеттік этикасымен таныстырылды.

І. Биылғы жылы төмендегі жұмыс атқарылуы тиіс:

1) Ақпан айында бөлінген 1 млн 840 мың теңгеге жаңа автокөлік алу.

2) Бюджет есебінен бөлінген Ә. Марғұлан ОМ жылыту жүйесін жөндеу. Бұл жұмыспен қамту 2020 жол картасы арқылы өтетін шараға 5 адам уақытша жұмыспен қамтылуы тиіс.

3) Ә. Марғұлан ОМ қоршауға ЖСҚ жасау. Қаржы бөлінді.

4) Ә. Марғұлан ОМ футболға арналған шағын алаң қойғызу. 8 млн теңге қаржы қарастырылған.

5) Егіндібұлақ шағын орталығын қоршауға 700 мың теңге қаржы қарастырылған.

6) Сәуір-мамыр айларында ауылды көгалдандыру тазалық жұмысын жүргізу. «Үздік аула» конкурсын ұйымдастыру, ауыл көшелерін тазалықта ұстау.

7) Құндыкөл – Егіндібұлақ ауылдарында жарықтандыру мәселесімен жыл бойы жұмыс жүргізу.

8) Мал бағу мәселесін назарда ұстау.

9) Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 3 бағыты бойынша жұмысты жалғастыру.

10) Құндыкөл ауылдық мешітін жөндеуден өткізу.



Құндыкөл ауылдық

округінің әкімі: А. Мүбәрак

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет