Құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының елшеуіші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаты, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.
Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады...
Антикалық және орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады.
Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , ұлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.
Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында «индивид», тұлға (кісі), индивидуалдылық (даралық) сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген өкілі ретінде «индивид» өкілі ретінде қарастырылады. Бұл латын сөзінен бөлінбейтін, тұтас деген мағына береді. Жаңа туған нәрестені индивид деп атауға келмейді, өйткені ол әлі кісілікке, адамдық сипатқа ие болған жоқ. Бүкіл адамзат тегіне тән жалпы қасиеттермен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өз қасиеттері бар. Бұл табиғи-бойы,көзінің түсі,дене құрылысы және әлеуметтік дамуының интелектуалдық денгейі ,психологиалық қатпары,рухани мәдениетін әртүрлі денгейі сиақты ерекшеліктері болып табылады. Индивидуалдық ұғымы индивид түсінігімен тығыз байланысты .Оны индевидпен байланыстыратыны-олардын негізі биологиалық,табиғи екендігі болып табылады. Индивидуалдық күрделілек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ен алдымен адамның табиғи және псхикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераметінен, мінез-құлқынан, эмоцианалдығынан көрінеді.Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекеттерінен де , оның пікірінен, қылығнан мәдени қажеттіліктерінен де байқалады.бір әлеуметтік топтың өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымең, индивдуалдық үшін өзгеше нәрселер тән болады .
Адамның әлеуметтік қаситінің келесі бір жоғары денгейдегі сипаттамасы оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның биологиялық табиғатына негізделетін индивидпен, индивидуалдықпен салыстырғанда тұлға мәнінін ерекшілігі оның әлеуметтік негізделетінде . Бірақ табиғи индивидулдықтын тұлға дамуына өз әсерін тигізетінін ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |