4.Ғылым мен мәдениет
Адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп-өркендеуінде, тарихи сатыларымен ілгерілеуінде ғылымның атқаратын рөлі айрықша екені белгілі. Екінші жағынан, ғылым қоғамның өзі дүниеге келтірген, оның өркендеуіне жағдай туғызған құбылыс. Біз ғылымның дүниені танып ,игерудің ,данышпандық пен зерделіліктің қайнар көзі екенінін жақсы білеміз. Сонда ғылым деген не? Ғылым және білім деген түсініктер бір мағынада ма?
Адамның айналадағы дүниені танып-білуі күрделі қайшылыққа толы ,ұзаққа созылатыны және де оның адамның жана әрі тың білімді игерумен байланысты екені алғашқы тараулардан мәлім. Білім дегеніміз-материалдық жане рухани құбылыстар туралы шынайы әрі нақты мәліметтер жиынтығы, олардын адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Жалпы білім қорың ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапйым білім және ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқаның пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылыс неге мұндай, оқиға неге басқаша емес, дәл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұраққа дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда ,ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстармен фактлерді беинелеп ,сыртай сипаттап қана қоймайды ,сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатың мәнді жақтары мен манызды баиланыстарын ашып көрсетеді ,яғни даму зандылықтарың айқындап түйіндейді .Осы негізде ғылыми білім оқиғалардын ,құбылыстардын бұдан былыайғы даму бағдарларына болжам жасайды .Ғылыми білім рухани дүниенін құрамындас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен ,логиқалық тұрғыдан бұйымдасқанымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім қиындықтары мен қаишылықтары мол ізденістін. шығармашылық іс әрекеттін барысында туындап, жинақталып, жүеленеді.Ол таным процесінін мақсаты әрі күрделі нәтижесі болып табылады