¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет18/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
дефлекторлар 
– желдеткіш каналдардың жоғарғы бөлігіне орнатылатын 
арнайы саптама қолданылады. Олардың көмегімен тартуды күшейтеді. 
Жел ағыны дефекторларды айнала каналда жеңілдету тудырып, 
нәтижесінде ауаның канал бойынша қозғалысының жылдамдығы 
артады. Химиялық өнеркәсіпте ЦАГИ типтегі дефлектор кеңінен 
таралған. Оның сызбанұсқасы 2.2 – суретте көрсетілген. 


33 
1 – диффузор; 2 – конус; 3 – обегайка; 4 – қақпақпен обегайканы ұстап тұратын 
лажалар; 5 – қақпақ.
2.2 – сурет. ЦАГИ дефлекторының сызбанұсқасы: 
Дефлектор сорғыш түтік үстінде бекітілген цилиндрлі обегайка 3 
болып табылады. Ауаның шығуын жеңілдету үшін түтік ұшында 
диффузор болады. Қақпақ 5 дефлекторға жаңбырдың тиюін 
кедергілейді. 
Механикалық желдетуді қолданғанда кіретін ауаны алдын-ала 
тазартуға, қыздыруға, суытуға немесе ылғалдатуға болады, ал қоршаған 
ортаға тасталатын лас ауаны тазартуға болады. Сонымен қатар, ауаны 
ауа құбырлары арқылы ғимараттың кез – келген зонасына беруге немесе 
оны зиянды заттардың интенсивті түзілуі орындарынан кетіруге болады. 
Химиялық өнеркәсіпте жергілікті механикалық желдетумен 
қосарланған кіргізгіш – шығарғыш, жалпы алмастырғыш механикалық 
желдету кең қолданыс тапты. Бірақ механикалық желдетудің 
кемшіліктері бар, яғни дыбысты изоляциялау қажеттілігі, құрастыру мен 
эксплуатациялау қымбаттылығы және үлкен энергия сыйымдылық 
болып табылады.
Кіргізгіш – шығарғыш жалпы алмастырғыш механикалық желдету 
жүйелі екі жеке қондырғыдан тұрады, біреуі арқылы таза ауа беріледі, 
екіншісі арқылы ластанған ағынды кетіреді (2.3 - сурет)


34 
1 – ауа қабылдағыш; 2 – ауа құбырлары; 3 – фильтр; 4 – колорифер; 5 – 
орталықтандырғыш желдеткіш; 6 – кіргізгіш қуыстар; 7 – шығарғыш қуыстар; 8 
– реттеуші тетік; 9 – ауаны тастауға арналған құрал; 10 – рецеркуляцияға 
арналған ауа құбыры; 11 – қорғалатын ғимарат. 
2.3 – сурет. Механикалық кіргізгіш – шығарғыш желдетудің 
сызбанұсқасы 
 
Берілетін ауа мөлшерінің кетірілетін ауа мөлшеріне қатынасы 
желдеткіштік ауа балансы деп аталады. Кіретін және шығатын ауа тең 
болғанда баланс тепе – тең, кіретін ауа артық болғанда оң, шығатын ауа 
артық болғанда теріс деп аталады. Ауа балансының сипаты санитарлық 
– гигиеналық маңызға ие. Мысалы, кері баланс кезінде ауа зиянды 
заттар мөлшері көп желдетілетін ғимараттан бөліністері аз немесе жоқ 
ғимаратқа өтпейді. Оң баланс ғимаратты зиянды және қауіпті 
қосылыстардың өтіп кетуінен толық изоляциялауға мүмкіндік береді. 
Кіргізгіш желдету жүйелері келесілерден тұрады: ауа аз ластанған 
жерлерде ғимарат сыртында орнатылатын ауаны жинағыш құралдар; ауа 
қажет қасиеттер беруге арналған құралдар (фильтрлер, калориферлер); 
ауаны қажет жерге бағыттайтын ауа құбырлары; ауа қозғалысын 
қоздырғыштар (желдеткіштер, эжекторлар); ауаны қажет орынға 
берілген жылдамдықпен және қажет мөлшерде берілуін қамтамасыз 
ететін ауа таратқыш құралдар. 
Шығарғыш желдету жүйелеріне ауа құбырларымен қоса зиянды 
заттардың жұмыс зоналарына өтуін максималды қысқартатын, түрі мен 
формасы әртүрлі жергілікті қаптамалар; егер ауа одан әрі 
рецеркуляцияға қолданылса немесе өте лас болса оны тазалауға 
арналған құралдар кіреді. Ғимараттан кетірілетін ауаны атмосфераға 
тастайтын құралды шатырдағы атшадан 1–1,5 м жоғары биіктікте 
орнатады. 


35 
Ауаны жұмыс зонасына зиянды заттардың аз бөлінетін жерінде 
адамдардың тыныс алатын деңгейінде беру (2м) қажет. Шығарғыш 
қуыстарды ластағыш қосылыстар көп жиналатын орынға жақын 
орналастырады. 
Шығарғыш 
желдету 
камераларын 
кіргізгіш 
камералардан бөлек орнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет