¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Технологиялық тәртіптің нормалары



Pdf көрінісі
бет36/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
Байланысты:
treatise42883

4. Технологиялық тәртіптің нормалары.
Үздіксіз және периодты 
үдерістер үшін нормалар кесте түрінде беріледі, онда үдеріс сатысының 
және аппараттың толық атауы, үдеріс тәртібінің көрсеткіші, 
сызбанұсқаға сәйкес қондырғы мен құрылғының позициялық номері
технологиялық параметрлердің шектік мәндері және өлшенетін 
қондырғылардың мүмкіндігінше дәлдік класс көрсеткіштері келтіріледі. 
Технологиялық 
тәртіптің 
регламенттік 
көрсеткіштеріне 
температура, қысым, көлемдік жылдамдық, операцияның жүру уақыты, 
берілетін немес алынатын өнімнің мөлшері және қауіпсіз эксплуатация 
мен өнімнің сапасына әсер ететін көрсеткіштерді келтіруге болады. Осы 
көрсеткіштерді мүмкін болтын барлық сатылар мен арақашықтықтар 
үшін қолданады. Төменгі және жоғарғы шектік мәндер жіберіледі 
(мысалы, « ..... кем емес вакуум», « ..... жоғары температура емес»). 
5. Технологиялық үдерісті бақылау.
Технологиялық үдерістің 
барлық 
сатылары 
бойынша 
алынған 
аналитикалық 
бақылау 
(зертханалық, 
автоматты) 
мәндері 
кесте 
түрінде, 
келесідей 
көрсеткіштермен келтірлген: өнімге анализ жасау үшін алынған үдеріс 
сатыларының толық атауы, үлгінің таңдалынған орны, бақыланатын 
көрсеткіштері, әдістері, нормалары және бақылау жиілігі. Кестенің 
басында зертханалық бақылаудың нормалары, одан кейін автоматты 
бақылаудың нормалары келтірілуі керек. 
Дабыл жүйесі немесе блокталу көмегімен жүзеге асырылған 
технологиялық бақылау көрсеткіштері кесте түрінде қондырғы атауы, 
параметрлердің шектік мәндері (максимум және минимум), блокталу 
немес дабылдану түрлері келтірілу керек. 
6. Қалыпты жағдайдағы өндірістік объектінің басталу және 
тоқталудың негізгі жағдайлары.
Бұл бөлімде қалыпты жағдайдағы 
өндірістік объектінің басталу және тоқталудың негізгі жағдайларының 
басқада технологиялық және жанама объектілермен (көбінесе 
қондырғыны шикізатпен, электроэнергиямен, бумен, сумен, ауамен және 
басқада материалдармен және ресурстармен қамтитын) ара қатынасы
сонымен қатар, өнімді реттеу бағыты сипатталған. Каталитикалық 
үдерістер үшін катализатордың жұмыс істеу жағдайлары сипатталу 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет