¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Қызметкерлердің зиянды заттармен жумыс істеуін болдырмау



Pdf көрінісі
бет33/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
treatise42883

Қызметкерлердің зиянды заттармен жумыс істеуін болдырмау.
Химиялық өндірісте ереже бойынша өңделетін затпен адамдардың 
байланысы болу керек, себебі көптеген технологиялық үдерістер 
герметикалық жабық аппаратта және капсулденген қондырғыда жүзеге 
асырылады. Сонымен қатар технологиялық үдерістер дистанционды 
басқармамен және механизациялық құралдармен жүзеге асырылады. 
Апаттық жағдайды болдырмау мақсатта үдеріске
және операцияға 
әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар 
технологиялық үдерістердің кері әсері жоқ не болмаса қарқынды түрде 
әсер етпейтін факторлары бар
үдерістер
мен операцияларға алмастыру 
қажет. Зиянды және өртке қауіпті заттарды тасымалдау кезіндегі қауіпті 
болдырмау үшін қатты заттарды (мысалы, аммиак селитрасы, күкірт, 
едкий натрий және тағы басқалары) сұйыққа, суспензияға немесе 
балқымаға айналдырып, құбырлармен жіберуге болады. Шашыраңқы 
заттарды тасымалдау барысында пневмотранспортты қолданған 
ыңғайлы, мысалы, қатты заттың құрғақ ұнтағын ылғал ұнтаққа 
алмастырған дұрыс болады. 
Технологиялық 
үдерістерді 
дистанциялы 
басқару, 
автоматтандыру және механизациялау.
Бұл қауіпсіздік талаптар 
химиялық өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс 
жағдайларын жақсартуда маңызды роль атқарады. 
Технологиялық үдерістерді механизациялау
қолмен істелетін 
жұмыстарды машинамен және механизммен алмастырады, нәтижесінде 
жұмыс істеу барысындағы қауіпті төмендетеді. Зиянды және қауіпті 
технологиялық үдерістерді механизациялағанда қызметкерлер ауыр
шаршататын және монотонды операциялардан құтылады, сонымен бірге 
зиянды және қауіпті заттармен жұмыс істеу барысындағы уақыт 


67 
қысқарады. Химиялық өндірістегі аппаратқа шикі затты ендіру және 
одан дайын өнімді алу, қалдықтарды тасымалдау және көзін жою, өнімді 
тараға реттеп салады, үлгіні таңдау және көлем мен аппаратқа өлшеу 
жүргізу секілді операцияларды механизациялаған тиімді. 
Технологиялық үдерістерді автоматизациялағанда
өндірістегі 
еңбек жағдайының қауіпсіздік дәрежесі артады және прогрессивті 
бағыттың біріне жатады. Ереже бойынша автоматтандырылған өндірісте 
өндірістен бөлінетін зиянды заттардың, өртке қауіпті будың, газдың 
және шаңның мөлшері бірнеше есе төмендейді. 
Зияндылығы, қауіптілігі немесе қол жетпейтін технологиялық 
үдерістерді басқаруды автоматтандырылған жүйемен жүзеге асыруға 
болады. 
Дистанциялық басқару
адам еңбегін жеңілдетеді, ең бастысы 
оқшауланбаған аумақты қауіпті өндірістік аумақтан алып шыға алады. 
Химиялық өндірісте дистанциялық басқарудың келесі бес түрі кеңінен 
қолданылады: механикалық, пневматикалық, гидравликалық, электрлі 
және комбинирленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет