Орындаған :БЖДК(дот)-206 с/п тобының
студенті Жолдасов Е.
Тексерген: профессор
Смагулов Ж. К.
Қарағанды 2022
Жоспары:
Кіріспе
Өндірістік санитарлы-гигиеналық факторлары
Өндірістік объектілердің гигиенасы
Өндірістік мекемелердің микроклиматы
Қорытынды
КІРІСПЕ Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лабораторияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ереже көрнекті жерге ілінуі тиіс. Әрбір жұмысшы осы ережелермен таныс болуы керек.
Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі тығыз байланысты. Себебі өрт өндірістегі және тұрмыстағы материалдық құндылыққа ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де қауіпті болып келеді.
Қазақстан Республикасы еңбек қауіпсіздігі туралы ережелер, өрттен сақтану нұсқаулары, өрт сөндіруге арналған инвентарь және оны қолдану ережесі; уланған кезде, күйіп қалған жағдайда, электр тогы соққанда көмек беру жолдары және тағы басқа жазатайым жағдайға ұшыраған кезде адамдарға алғашқы көмек көрсету шаралары бәрі де қарастырылған.
Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі кәсіпорын, мекеме басшыларына жүктелген.
Еңбек қорғау жөніндегі стандарттар, ережелер мен нормалар.Мемлекет өзі өкілеттік берген органдар арқылы, ғылыми негізделген стандарттар, нормалар мен ережелер негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талаптар белгілейді. Жұмыс берушілерге белгіленген стандарттардың ережелер мен нормалардың кәсіпорындарға қамтамасыз етуін, сондай–ақ ұжымдық шарттара белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуын, еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнамада көзделген кепілдіктерден төмен емес деңгейдегі қызметкер құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері заңнамада және басқа нормативтік актілерде, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын сақтауға міндетті.