Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту әдістері Қошанова Майра Данебековна Еркишева Жазира Сабыровна



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі1,81 Mb.
#33924
  1   2
Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра

отырып оқыту әдістері
Қошанова Майра Данебековна

Еркишева Жазира Сабыровна

(Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Түркістан қ)
Бұл мақалада тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері, аудан, көлем өлшеу сияқты қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағлұмат ретінде пайдалана отырып, оны есептер шығаруда қолдану және тәжірбие жүзінде көрсету зерттелген.
Кілт сөздер: Ұлттық тәрбие, ұлттық мінез, ұлттық сана, педагогикалық шеберлік, ұлттық намыс, ұлттық дүниетаным, ұлттық білім, ұлттық тәрбие, математикалық білім.
Математика - өзінің қалыптасу, даму, зерттеулер мен жаңалықтар ашу, гипотезалары мен дәлелдеулер бар тарихы ілім.

Математика жаратылыстану ғылымдарының негізі және математикасыз бірде-біреуін терең меңгеруге болмайды десек, математика пәніне берілген диалектикалық анықтамадағы («математика-адамдардың табиғатпен және техникамен қарым-қатынас құралы»-на) қабілетімізді бастан-ақ дамыту міндеті қойылады. Бұған дейінгі мағлұматты білгісі келмей, осы күнгі мен шектелгісі келген адам, оны ешқашан түсінбейді.( Г.Лейбниц) [1].

Бала дүниетанымы еліктегіш, сенгіш келгендіктен, математика сабақтарында халық педагогикасының идеяларын ұтқырлы қолдану айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, жетілдірілу жолдары міндеттеліп жатқан еліміздің білім беру жүйесінің жаңа мақсаттарынан туындап отырған

адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті мен құндылықтарға жетелейді.

Қазақ халқы математикалық білімнің құндылығы – оның қолданысының басымдығында.

Қазақ педагогикасының математикалық астарларына үңілер болсақ, олар бірде жұмбақ, бірде өлең, ұйқас табу, ертегі, ойын, мақалдап сөйлеу, ертегі немесе даналы ой түрінде беріліп отырады.

Математиканың адам ойын дамытудағы рөлі жайлы А.И.Маркушевич: «Математикамен бала кезінен айналысқан адамдар өзінің мәдениетін дамытады, миын еркін жаттықтырады, көздеген мақсатына жеткізетін жігер мен табандылықты қалыптастырады». Десек те, математика оқушының ақыл-ойын өздігінен тәртіпке келтіреді деуден аулақпыз, оқытудың бағытын, оқытудың тәсілдерінің тиімді жүргізілуінің алғы шарттарын негіздемекпіз. Математика сабақтарында халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрлерінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, ұлттық табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерді тиімді қамтып отыру, математикалық білімнің өзіне тән: ақыл алғырлығы, зерттеу ынталылығы, заңдылықтарды табуға қызығушылығы, дәлелдеуді логикалық ой тұжырымы арқылы іске асыруы, дедуктивтік ой қорытындылауы, жалпылама және ықшамды пікір айтуға ұмтылуы сияқты сапалы сипаттамаларының басымдылығына ықпал етуімен қатар дамытуға қозғаушы күш береді. Осы арқылы математикалық ілім-білімге тән ынталылық, қызығушылық, логикалық ойлай білу, ықшамдылық, сапалылық қалыптасады. . Мақсатымыз-математика сабақтарына тарихи элементтерді енгізуді ескеру арқылы математика пәнінің қазіргі заман мектебіндегі болашақ мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін шыңдаудың кейбір көкейкесті мәселелерін қарастыру.Ғылыми жұмыста төмендегідей міндеттер белгіленді:

- Фәлсафа, педагогика, әдістеме салаларындағы әдебиет көздерімен танысу және талдау;

- Математика сабақтарында тарихи мәліметтерді пайдаланудың әдістемелік негізін айқындау;

- Тарихи мәліметтерді математика сабақтарында пайдаланудың әдістемесін жасау;

- Математика сабақтарында тарихи мәліметтерді қолдану арқылы математикалық білім беруді жоғары сатыға көтерудің педагогикалық талаптар тұрғысынан тиімділігін анықтау.

- қарастырылып отырған мәселелер жөнінде өзіндік ой-тұжырымдарымызды ортаға салу.

Ежелгі халық педагогикалық мұрасы – бұл әлі қазіргі ғылымның терең зерттеле қоймаған бай қазынасы. Білім беру жүйесі өзінің ұлттық мұрасымен тығыз байланыста ғана оның болмыстық рухани дамуы барысындағы алатын орны мен атқаратын қызметін ескере отырып, барлық кеңістігі тұтастай көре білуді қалыптастырады. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана- сезімі, намысы мен мінез құлқының және ұлттық дүниетанымының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерін меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз [2].

Халық педагогикасы-ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педагогикасы ғылым емес, ол халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтығы, этнопедагогика ғылымының зерттеу обьектісі, педагогика ғылымын тудырушы қайнар бұлақ [3].

Ұлттық тәлім-тәрбиенің өзіне тән қырлары, сәйкес потенциалдары, олардың антропологиялық бағыттылықтары баланың тұлғалық дамуына әсер етеді [4].Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтендіру процесінің бір міндеті балалардың адамзаттық құндылықтарда бағдарлана алуы және оларды игеру тәсілдерін қалыптастыру болса, осы мәселені шешуде математиканың орны ерекше.

Қызықты есептер, өлең, ермек, әзіл, викторина түрінде де жазыла береді.

Өлең есепте өлеңді жазу заңдылығын пайдалана отырып, математикалық есеп құрастырылады. Онда не белгілі не белгісіздік екендігі айтылады. Олар есепті шешуде байланыстырылады, табылған жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Кейде есепті өлең түрінде тұжырымдау, оқушыны әдеттегіден тыс күйге түсіріп, өзіне баурап алады. Өлең есеп оқушыларды ұжымдыққа, адамгершілік қасиеттерге, математикалық заңдылықты байқауға, тыңдай білуге, негізгіні қосымшадан ажырата білуге тәрбиелейді. Өйткені математикалық ұғымның өлеңде тұрмыстық маңызы кеңірек ашылады.

Әзіл есептер өлең түрінде де, қара сөз түрінде де кездеседі. Есеп шарты дұрыс берілгенімен, қорытындысы әзіл түрінде ұшқары айтылады. Алайда, есеп- дұрыс есеп болғандықтан, оның астарлы сыры болады. Сондықтан жауап тез талап етіледі. Соңынан жауап талданып, жауаптың дұрыстығы дәлелденіп көрсетіледі.

Демек, қазақ халқы сонау көне замандарда-ақ ұлттық болашағын өнер-білімнен ізденіп, ал өнер – білімнің негізін математика қылатынын дәл тани білген, осы жолда жастарды да тәрбиелеп отырған.

Мұғалімдердің математика сабақтарында жоғарыда келтірілген халықтық тәсілдерді қолданулары өз пәндеріне деген қызығушылықты да арттырады, сабақтарын да қызғылықты өткізуге мүмкіндік алады, әрі жастарға, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына халықтық салт-дәстүрден мол мағлұмат бере біледі.

Адамның дүниетанымы түсінігі, әлемнің тұтастығын, шексіздігі пайымдау, зерттеу, салыстырып өлшеу негізінде қалыптасады.

Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар.

Қазақ халқының ауызша есептерімен, оның математикалық, логикалық талдау жүйесімен танысу ғибраты мол, қызғылықты іс. Бұл есептер қазақ ауыз әдебиетіндегі өзінше бір ерекше жанр. Әңгіме болып отырған ескілікті есептердің тілі, сөз орамы өз дәуірі мен өзектес те үндес. Мәселен, ұзындық қарыспен, қадаммен, құлашпен, мөлшерлі нәрселер ыдыс-аяқпен, дорбамен, қап-қанармен, қашықтық-күндік, айлық жермен есептелген. Арқан бойы, ат шаптырым, қозы көш - түйе көш жер мұндай да өлшемдер бар. Есептерде көнелеу тартып қалған сөздер де кездеседі. Мәселен, «шыралғы» деген сөзді түсіндіре кетейік. Бұрынғы аңшылар ұзын арқан ұшына қоянды немесе түлкіні байлап, сүйретіп, соған қыран құсты салып үйрететін. Сол сүйретпені халық «шыралғы» деп атаған.

Халқымыздың ауызша есептерінің жүздеген үлгілері бар.Ауызша есептердің асыл маржандарын екшеп алу-келешектің ісі .

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты. Мәселен, тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері (1-сурет):

1) елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);

2) сере ≈ 10-12 см (аздап ажыратылған төрт саусақ ені);

3) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);

4) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);

5) сүйем ≈ 17-20 см (бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);

Сүйем – қазақтың ұзындық өлшемін білдіретін метрологиялық сөз. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты керген кездегі ұзындық. «Сүйем» сөзі монғол тілінде «соом» тұлғасында, ал тунгус – маньчжур тілдерінде «суум» дыбыстық құрамында көрініп, бұларда да қазақ тіліндегі мағынада қолданылады. Бірақ осылардың бәрі сөздің алғашқы тұлғасы мен тұңғыш мағынасы емес. Оған себеп – қырғыз тіліндег «соомей», тунгус – маньчжур тілдеріндегі «суу» сөздері біздің тіліміздегі «сұқ қол» дегеннің орнына жұмсалады. Сондықтан «сүйем» өлшеміне саусақтың қатысы барлығына орай, осы сөздің тууына негіз болған деген ойды түйіндеуге болады.

6) қарыс ≈ 20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);

7) кез ≈ 70-80 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

Кез – көне өлшем бірлік сөзі. Шамамен 70 – 80 см - ге тең ( дәлірек айтқанда 71, 12 см-ге) ұзындық өлшемі. Мысалы, «әлгі құлын алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты » (қазақ ертегілерінен ).

Батырлар жырында :

Саурылған екі кез,

Шүйел белің құрған тез.

Сия берер айтсам сөз..

Ал «Алпамыс» жырында :

Аузын ашты келді де,

Жұдырықпен бір ұрып,

Қырық кез болат сандықты.

Кез басқа мағынада да кездеседі. Кез – метр. Кез – ұзындығы бір метрге тең ағаштан жасалған өлшемдік құрал. Кез – садақ оғының ойыс (ашаланып) келген түбі, серіппеге ілінер жері. Кез – түйенің екі өркешінің аралығындағы ойыс жер. Кезде – матаны кезбен өлшеу, кезге салу, метрлеу.

1 кез ≈ 7-9 тұтам.

Биіктікті, тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелерін немесе қолда бар заттардың ұзындығы пайдаланылған, яғни солардың бойымен өлшенген:

1) оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;

2) найза бойы ≈ 3-5 м

3) арқан бойы ≈10-12 м т.б.

Адамның айқайлаған даусы естілсе, қашықты «шақырым» деп белгілеген, 1 шақырым 1 км. Ауданды өлшеу үшін «шаршы», «танап» өлшем бірліктері пайдаланылса, көлемнің үш түрлі өлшем бірлігі қолданылған:

1) Қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, тұрмыста жиі кездесетін заттардың көлемімен салыстыру арқылы анықтаған. Ал «текше» деген сөз халық ұғымында сандық пішініне келтіріп бүктелген кілем, көрпе, т.б. үй жабдықтарының көлемін білдірген.

2) Сұйық дене (қымыз, сүт, су) көлемін ыдыстың сыйымдылығымен өлшеген. Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар:

а) қасық ≈ 50 г;

ә) ожау ≈ 0,5 л;

б) тостаған ≈ 0,5 л;

в) аяқ ≈ 1 л;

г) шара ≈ 1,5-2 л;

д) тегене ≈ 8-10 л;

е) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)

ж) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс)

з) саба ≈ 180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).

3)Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері:

а) уыс;


ә) қалта;

б) қоржын ≈ 40 кг;

в) қап ≈ 4 пұт ≈ 54-65 кг;

г) дағар ≈ 6-8 пұт ≈ 100-130 кг;

д) батпан ≈ 3 дағар ≈ 300-450 кг.

4) Салмақ өлшемдері (12-сурет):

а) 1 пұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг;

ә) қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.

б) 1 көнек сүт ≈ 6-7 л;

в) 1 шелек ≈ 12,3 л;

г) 1 қап немесе 4 п.ұт ≈ 65-66 кг;

д) 1 мысқал ≈ 4,46 г;

е) 1 жамбы күміс ≈ 6 кг;

ж) 1 пітір бидай ≈ 3 кг;

з) 1 ширек шай ≈ 250 г;

и) 1 шөмке шай ≈ 50 г;

к) 1 таймөңке шай ≈ 25 г;

қ) 1 қайнатым шай ≈ 6,5 г;



л) 1 шөкімтұз ≈ 12,5 г.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет