1-сурет
Қазақша жыл санау дәстүрі қазақ халқының күнтізбесі, аспан денелерімен уақытты, жыл мезгілдерін анықтаудағы халықтық тәжірибе туралы мағлұмат беріледі. Қазақтарда хайуанат атауы бойынша адамның туған жылы белгілі болғанда жасын табуға және жасы белгілі болғанда, туған жылын анықтауға арналған есептер ба екені мәлім. Мысалы, Арай деген азаматша тышқан жылы туып, 2 мүшел өмір сүрген. Қазір ұлу жылы болса, оның жасы нешеде? – деген есепті ашығару үшін жыл атауларын рет-ретімен (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) және адам жасының мүшелге бөліну шкаласын (1 мүшел 13 жас, 2 мүшел 25 жас, 3 мүшел 37 т.с.с.) білу талап етіледі. Сонда екі мүшел жасаса, 25 жас болады, тышқан мен ұлу жылының аралығы 3 жас, ендеше,Арай деген азаматшаның жасы 28-де. Бұл есепке кері есеп мынадай болып келеді: Арай деген азаматша 1972 жылы туған. Оның қазақ күнтізбесі бойынша туған жылын табу керек. Ол үшін туған жылының сандық мәніне 9 санын қосады, яғни: 1972+9=1981.Алынған қосындыны 12-ге бөледі: 1981:12=165 (1 қалдық). Қалдық бойынша жылдың атауын табады,1 қалдық шықты,ендеше Арай деген азаматша жылдардың орналасу ретіне сәйке 1-ші тұрған тышқан жылы туған. Егер қалдықсыз бөлінсе, ол доңыз жылын білдіреді .
Ежелгі есепшілер адам ғұмырының басы бала бойға біткен күннен басталыды деп пайымдаған. Сондықтан адам жасы туралы жылнамаларды алғашқы мүшелге «аты жоққа» (яғни «нөлдік») әр жылды қосып есептейді. Сол себепті бірінші мүшел 13 жастан тұрады деп алынған. Келесі мүшел жастары 13-ке 12 санын бір дүркін,екі дүркін, үш дүркін, т.с.с п дүркін қайталамалап қосу арқылы табылады. Мүшел және мүшел жылдары жайында айтылған ескертулер мен ережелерді жұмсауға бірнеше есеп – мысалдар келтіреміз.
Шәкәрім ақын 1919 жылы жариялаған бір өлеңінде өзінің өмір – жасы туралы мынадай деректер келтіреді:
Жылым - қой, жұлдызым - июль,
Жасым - жеті жүз он жеті ай.
Толық алпыс болады жыл,
Қосылса июнь, апрель, май.
Қазақшалап есеп қылсам
Бесінші мүшелім - бұл сан,
Өмір қанша, өлім қанша,
Емес ол біз білерлік жай .
Осы өлеңдегі деректерді пайдалана отырып, Шәкәрім ақынның 1919 жылы неше жаста, қай жылы туғанын анықтауға болады. Шәкәрім атамыз 1919 жылы 60 жаста болатын болса, яғни апрель, май, июнді қосыла есептегенде, ол 1859 жылы июлда туған. Бұл жұмбақ есебін 1919 жылы наурыз айында жазылғанын да анықтауға болады.
Уақытты есептеуде қазақтар аспан денелерінің орналасуы мен қозғалысына сүйенген. Мәселен, темірқазық жұлдызы жол бағдарлау қызметін атқарған. Бетпақдала мен Мойынқұмды шарлағанда үнемі осы жұлдыз арқылы бағдар жасап отырған. «Жеті қарақшы» қазақтар үшін сағаттың орнына пайдаланып, оның қозғалысы сағат тілінің қозғалысымен сәйкестендірілген.
Жыл мезгілдерін анықтауда «Үркер» жұлдызы ерекше орын алған.Үркердің көкжиекке жақын көрінуі көктемнің белгісі екендігін халық «Жатқанша үркер жамбасқа келсе,жаз шықпаған не қалды», «Үркер жерге түспей,жер қызбайды» деу арқылы білдірген. Ата-бабамыз жаз айларында «Үркер жерге түсті»,ал күз айларында «Үркер төбеге келіп қалыпты»,қыс айларында «Үркер төбеге келіпті, қыс ортасы болды» деп, аспан денелері мен табиғат құбылыстары арасындағы сәйкестікті тереңінен болжаған.Уақытты есептеудің түрі көп болғанымен ерекше аталатыны төртеу. Қазақ халқында «Тіршіліктіің оянуы» деп көктемнен басталатын есептеу жүйесі қабылданған. Бұл жұлдыздық есеп наурыздағы күн мен түннің ұзақтығының теңелетін күнінен басталады.Бұл күнді белгілеу үшін ғимарат құрылыстар салынып, күн сәулесінің терезе қуыстар жылына тек екі рет қана түсетіндей орны белгіленіп, есептеулер жүргізілген. Күн сәулесі түсетін жерде өлшемдік сызықтары бар жалпақ табақ тастар болған. Соның бірі біздің тілімізде айтылатын «Самарқанның көк тасы». Көктемнің теңгеріс күнің, яғни 22-наурызды «Самарқанның көк тасы жібіген күн» дейді. Бұл бейнелеп айтылған сөз тіркесі. Тастың «жібуі» деген сөз, тастың бетіне күн сәулесі түсті деген мағынада айтылған. Тастың бетіндегі төсімдік белгілер бір қарағанда өте қарапайым сызықтар-шаршылардан тұрады. Сыртқы өлшемдері 24 х 24см. Көк тастың өлшемдері 320 х 150 х 65 см. Сахи-Зинда месіртінің қорымда жатыр.
Қазақ халқының өлшемдерді пайдаланған ауызша есептерін қарастырайық [5].
1- есеп. Алтын айқабақ
Той сән- салтанаттың бірі- жамбы ату, айқабақ ілу, жаяу жарыс, күрес.10 құлащтық діңгектің басына алтын айқабақ ілінген. Біріншісі- 8 құлашта, екіншісі- 9 құлашта, үшіншісі- ең төбесінде. Жалаңаяқталған жігіттер діңгекпен өрмелеп барып, алтын теңгелерді – айқабақты алуы тиіс. Кім оған жетсе – алтын айқабақ соныкі.
Егерде бірінші жігіт 2 құлаш өрмелеп, 2 қарыс төмен сырғып түссе, екінші жігіт 1,5 құлаш демалыссыз алға өрмелеп, 1,5 қарыс кейін түссе, үшінші жігіт 2,5 құлаш жоғары өрмелеп, 2,5 құлаш төмен сырғыса, әрбір жігіт неше дем алғаннан кейін алтын айқабаққа жетеді?
1 құлаш = 8 қарыс
Жауабы: Бірінші жігіт 5 дем алғаннан кейін 1 –айқабаққа, 6 дем алғаннан кейін 2 –айқабаққа, 7 дем алғаннан кейін 3 –айқабаққа жетеді.
Екінші жігіт 1 –айқабаққа 7 демалыста, 2 –айқабаққа 8, 3 –айқабаққа 9 демалыстан кейін жетеді.
Үшінші жігіт сәйкесінше 1 –айқабаққа 4 демалыста, келесі екеуіне5 демалыста жетеді.
2-есеп «Жылқыға жем беру».
Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге – үш қадақ, құнандарына – екі қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді.
Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына әңгіме арасында өзінің осы тіршілігін айтып қалады.
«Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?» - деп, қонақ жылқы санын іштей есептеуге көшті.
Есеп былай да ұшырасады.
Ауылдас жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады. Сонда ол: Жылқыларыма күніне 10 қадақ жем берем. 2 бием бар. Құнанға екі қадақтан , тайға бір қадақтан жем беремін. Әржағын өзің есепте. Шаруасың ғой, -деді иесі.
Жауабы: Үй иесінің 5 жылқысы бар, себебі 10=2∙1+1∙2+6 болғандықтан, 1 құнаны, 2 тайы бар. Оларға 4 қадақ жем беріледі. Қалған 6 қадақ жем 2 биеге беріледі, себебі биенің әрқайсысы құнаннан кем жемейді.
3-есеп. Баянаула омартасы.
Баянаула тауының ішінде әр жерде омарта қойып, бал арасын ұстаудың ғылымын білгендігі соншалық, 1888 жылы аралары жұтап, 4 омарта қалған еді. Содан 1889 жылда жеті омарта бала шығарып, баршасы 11 омарта болды. Әр омартадан екі пұттан бал алды. Балдың қадағы Баянаулада арзан болғанда 20 тиыннан сатылады. Бұл недеген пайда?
1 пұт≈16 кг, 1 қадақ ≈ 400 г
Жауабы: Шамамен 17600 тиын.
Шешуі: 1 пұт≈16 кг, ал 1 қадақ ≈ 400 г екенін ескерсек, 11∙2 пұт =22 пұт болады. Ол 22∙16 кг = 352 кг-ға тең болады. Демек, 352 кг : 400 г = 880 қадақ. Әр қадақ 20 тиыннан тұратындықтан, 880 қадақ бал 17600 тиын тұрады.
Елімізде математика сабағын оқытатын кадрлардың кәсіптік құзіреттілігігін қалыптастыру – олардың пән бойынша білімін шыңдаумен қатар, жалпы интеллектуалдық ойлау кеңістігін кеңейтуді де талап етеді. Математика сабақтарында мектеп оқушыларының математикалық-логикалық, интеллектуалдық ойлауын дамыту үшін, тарихи, классикалық есептерді, ұлы математикатердің және басқа пән ғалымдарының математика жөніндегі немесе адамгершілік т.б. адам бойындағы жағымды қасиеттері, фәлсафалық тұрғыдағы қанатты сөздері, математика тарихындағы қызықты оқиғалар, парадокстар мен шешімі жоқ есептерді, тарихи мәліметтерді пайдалану әдістемесінің маңызы зор.
Математиканың мектептік курсында ғылым тарихының элементтерін жүйелі пайдалану оқушылардың пәнге деген ынтасын дамытуға, математиканы неғұрлым терең де берік игеруге, мектеп оқушыларының диалектикалық-материалистік дүниетанымын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Сондай-ақ өз елімізден шыққан математиктер туралы әңгімелер оқушылардың өз еліне, Отанына мақтаныш сезімін тудырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Nur.G.Q. Matematika tarihin okytu-bilimdi izgilenliru tasili-Aktau,2009. pp 3-4.
2. Kazakhstan Respublikasi 12 jildik jalpi orta bilim beru tujırımdaması. - Astana, 2005. 1-2.
3. Kazakhstan Respublikasi jana formatsia pedagogynyn pedagogikalik bilim beru tujırımdaması Astana, 2005
4. Uzakbaeva S., Kozhakhmetova K.Jogfrgi mektep studentterine ethopedagogikalik bilim beru tujırımdaması.: Almaty,Oner 1998.
5.Elubaev S.Kazakhtin bauirgi kara esepteri. A: Kazakhstan, 1996. -144b.
6. A. Abylkasymova A.E.Kobesov: Rakhimbek Matematikani okitudin teorifsi men adistemesi.-: Almaty:Bilim, 1998.
Аннотация: Бұл мақалада тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері, аудан, көлем өлшеу сияқты қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағлұмат ретінде пайдалана отырып, оны есептер шығаруда қолдану және тәжірбие жүзінде көрсету зерттелген.
Аннотация: В этой статье рассматривается, использование системы измерения казахского народа, таких как измерение длины, площади, объема, применяющие в быту, как историко-математической информации, для решения задач и практического применения.
This article discusses the use of the measurement system of the Kazakh people, such as the measurement of length, area, volume, used in everyday life, as a historical and mathematical information, to solve problems and practical application.
Кілт сөздер: Ұлттық тәрбие, ұлттық мінез, ұлттық сана, педагогикалық шеберлік, ұлттық намыс, ұлттық дүниетаным, ұлттық білім, ұлттық тәрбие, математикалық білім.
Ключевые слова: Национальный воспитание, национальный характер, национальное сознание, педагогического мастерства, национальной чести, национального мировоззренческие, народного образования, математического образования
Key words: National upbringing, national character, national consciousness, pedagogical skill, national honor, national world outlook, national education, mathematic education
Қошанова Майра
Ғылыми атағы: тех.ғ.к.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті,
Б.Саттарханов көшесі 29, Түркістан қ , Қазақстан
maira_koshanova@mail.ru
тел:87058987216
Еркишева Жазира
Ғылыми атағы: магистр
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті,
Б.Саттарханов көшесі 29, Түркістан қ , Қазақстан
jazira78@mail.ru
тел: 87752471830
Достарыңызбен бөлісу: |