92
Су бөлгіштер
конденсірленген будан су тамшысын бөледі және
оларды бу құбырлардан алып кетеді. Құбырларда бу қозғалғанда суық
құбыр қабырғаларының әсерінен конденсация үдерісі жүреді. Жылулық
изоляция әсерінен
конденсация төмендейді, бірақ толығымен
жойылмайды. Бу құбырларда конденсаттың болуы өте қауіпті, себебі
гидравликалық соққы шығуы мүмкін, сонымен қатар, жылудың бір
бөлігі жойылады.
Бу құбырлардан тамшының тамуы су
бөлгіштің қатысында қоспа
жылдамдығының бірден төмендеуі мен қозғалыстың бағытын өзгерту
нәтижесінде болады.
Конденсат жібермейтіндер,
өнімнен конденсатты бөледі және
оны қондырғыдан шығарады. Химия өнеркәсібінде қолданатын
жылудың біраз бөлігі әртүрлі заттарды қыздыруға жұмсалады. Керең бу
өзінің жылуын беріп үлгермейді және толығымен конденсацияланбайды.
Жылудың біраз бөлігі қолданылмай қалады. Конденсат жібермегіштер
бу беретін жылуды рационалды қолданудың нәтижесінде қондырғының
шығымын арттырады.
Өнімнің қондырғыға берілу жылдамдығын
реттеу немесе өнім
құрамын бақылау мақсаты үшін қондырғыға
көрсеткіш фонарлар
орнатады.
Вакуум-құбырлар үшін қайтымды клапандардың
сыртқы түрі
көрсеткіш фонарға ұқсайды. Мұндай вакуум фонарлар сұйықтықпен
толтырылған қондырғыны вакуум-сорғышпен қосатын вакуум-
құбырларға қолданады. Ол вакуум-құбырларды
клапандарды жауып
қалатын белсенді химиялық сұйықтықтардан қорғайды.
Құбырлармен берілетін сұйықтықтарға қатты заттарда түсіп
қалады. Сұйықтықты аумаққа жіберу алдында тазалау мақсатында
құбырға тұзақ орнатылады.
Дем алдырғыш клапандар
ішінде жанғыш сұйықтық бар
резервуарлардың қысымын реттеуге арналған. Ол әртүрлі үдерістерде,
температура тербелісінде резервуардағы атмосфералық қысымды
ұстайды.
Отты шектегіштер
жанғыш
буы мен газы бар реакциялық
қондырғыны атмосферамен жалғайтын жерде орнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: