98
Рұқсат құжаты белгілі бір жұмыс көлеміне рәсімделеді. Онда
берілген учаскеде жөнделетін құрал-жабдық, коммуникация және
арматура көрсетіліп, күнделікті жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі
расталуы қажет. Жөндеу жұмысы біткеннен кейін рұқсат құжатқа арыз
алушының
тікелей жетекшісі, сонымен қатар кезек басшысы, механик
немесе жұмысты қабылдайтын цех жетекшісі қол қояды.
Өрт жұмыстарына жеке рұқсат құжат жазылады.
Дайындалу
жұмыстарының
жоспарына
барлық
жөндеу
жұмыстарының реттілігі,
келісілмейтін жөндеу операцияларының
тізімі
анықталынады.
Өрт жұмыстарын оңай тұтынатын және жанғыш материалдар бар
құралдар, қондырғылар және құбырларды ажыратуы кезінде жұмыс
істеуге болмайды. Өрт жұмыстары коррозияға қарсы беті оңай
тұтанатын еріткіштермен және лактармен келісілмейді.
Ылғал
бөлетін бетон, штукатур және басқа жұмыстарды сумен
немесе су ерітінділерімен оңай тұтанатын сілтілік және сілтілік-жер
металдары, кейбір металл карбидтері және басқа заттармен бір уақытта
жұмыс істеуді жоспарлауға болмайды.
Қондырғы бетін құм ағынымен өңдеу жұмыстарын құрылыс
жұмыстарымен бірге жүргізуге болмайды, себебі түзілетін
шаң-тозаң
қолайсыз жұмыс орнын жасайды сол себепті құм ағынымен өңдеу
жұмыстарын жалпы жөндеу жұмыстарымен қатар жүргізбейді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізгендегі маңызды қауіпсіздік факторы
биікте жұмыс істейтін қызметкерлердің орнын алмастыру
болып
табылады. Жөндеу жұмыстарын бір вертикалдың бойында жүргізуге
болмайды, себебі қандайда бір гайка,
металл қиындысы төмендегі
қызметкерлерге ауыр жарақат тудыруы мүмкін. Қажет болған жағдайда
қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтитын қорғаныс құралдарымен ғана
рұқсат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: