¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу алдындағы техника



Pdf көрінісі
бет56/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
treatise42883

 
3.5.4. Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу алдындағы техника 
қауіпсіздігінің талаптары.
Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу алдында объектіні дайындау 
үшін (қондырғы, коммуникация және т.б.) рұқсат құжатта көрсетілген 
кешенді дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Ол дегеніміз улы және 
газға қауіпті өнімдерді жою, оларды технологиялық жүйелерге түсірмеу 
керек, сонымен қатар, ұшқын көздерін жою. 
Газға қауіпті жұмыстарды жүргізетін орындарды қоршайды және 
«Өртке қауіпті!», «Газға қауіпті!», «Темекі шегуге болмайды!» деген 
жазулары бар плакаттар ілінеді. 
Газға қауіпті жұмыстың жауапты адамы дайындық жұмысының 
аяқталғанын 
өзі 
тікелей 
тексереді, 
қызметкерлер 
қауіпсіздік 
шараларының нұсқауларын естеріне түсіреді, жеке қорғаныс құралдарын 
қолдану ыңғайын тексереді, алғашқы жәрдем көрсету әдістерін 
қайталатады. Жүргізілген нұсқаулар бойынша қызметкерлер рұқсат 
құжатқа қол қояды. 
Дайындық жұмыстарын жүргізудегі жауапты адам дайындық 
жұмысы біткеннен кейін ауаны тексереді. Ауаның талдау нәтижесі 
анықтама түрінде белгілі формада толтырылады. 
Қондырғыны жөндеуге беру реті.
Жұмыс орны, өту жолы, 
тасымал қондырғысы, материалдар дайындықтан кейін жөндеуге 
жіберіледі. Бұл іспен кезекшілік басшысы немесе шебер жетекшілігімен 
эксплуатациялық персонал айналысады. 
Ең 
алдымен 
технологиялық 
регламентті 
ұстап 
тұрып, 
коммуникациядан өшіріп қондырғыны немесе барлық технологиялық 
тізбекті сөндіреді. Өндіріс жағдайына тәуелді қысымды атмосфералық 
қысымға дейін, ал температураны сыртқы температураға дейін түсіреді, 
қондырғыдан шикізатты, реакция өнімін, жылу тасымалдағыштарды, 
хладагенттер мен басқа заттарды алып тастайды, содан кейін 
қондырғыны шаң мен қалдықтардан тазалайды, залалсыздандырады, 
азот немесе инертті газбен, бумен немесе ауамен үрлейді, сумен шаяды, 
желдетеді және арнайы тығынмен жүйені ажыратады. Қондырғыны 
жөндеуге дайындағанда қондырғының және жан-жағындағы ауаны 
периодты түрде анализдейді. 
Тазалау жұмысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Тазалау 
жұмыстары зиянды, көп еңбекті және қауіпті. Қондырғыдағы қалдық 
тұнбасын 
болдырмау 
технологиялық 
үдерістерді 
рационалдау 
жолдарымен немесе қондырғы құрылымын өзгерту арқылы мүмкіндігі 
шектелген. Сол себепті қондырғыларды тазалағанда қол еңбегін 
максималды түрде келесілерді ендіре отырып азайтуға тырысады: 


101 

Гидромеханикалық – қалдықпен шаңды қысым арқылы су ағынын 
жіберіп тазалау; 

Физика-химиялық – қондырғыны ашпайтындай етіп арнайы 
таңдалынып алынған еріткіштің циркуляциясы; 

Қондырғыны ашпай ауа ағынында қалдықты жандыру; 

Механикалық - әртүрлі қондырғылар мен механизмдердің көмегімен 
тұнбаларды ұнтақтау. 
Құбырларды тазалау кезінде арнайы қауіпсіздік шараларын 
қолданады, себебі горизонталды аумақтардан және беті төмен 
аумақтардан сұйықтық өздігінен қиын ағады немесе ақпайды, оларды 
инертті газбен немесе бумен, кейде ауамен үрлейді. Үрленген зат 
құбырлардан еркін өткен жағдайда құбыр тазаланды деп саналады. 
Фланцтарды үзу алдында келесі қауіпсіздік шараларды ұстау керек: 
газқағар маскасын кию, мойынды арнайы киімнің жағасымен жабу 
керек, арнайы киімнің жеңін ұзарту керек. Осы қарапайым ережелерді 
сақтамаған кезде ауыр жарақатқа әкеліп соғады. 
Жөнделетін қондырғы мен материалдық және қосалқы 
құбырларды ажыратқанда фланц арасындағы құбырға 
тығынды 
орнатады. Қондырғыларды вентильмен, ысырмамен және кранмен үзу 
сенімді емес, себебі олар жеткілікті нығыздықты бермейді, сонымен 
қатар олар кездейсоқ ашық болуы мүмкін сол кезде қондырғыда улы 
және өртке қауіпті зат жиналуы мүмкін. 
Тығын құйрығы қызыл түспен боялады және тығынның нөмірі 
жазылады. Әрбір тығынның орнатылуы немесе алынуы арнайы 
журналға тіркеледі. 
Тығынды орнату және алу қауіпті операция болып табылады, оны 
газ құтқару қызметінің қызметкерлері немесе солардың қатысында 
орындайды. 
Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамту үшін барлық 
қондырғыларды, машиналарды және механизмдерді сөндірген сенімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет