¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі


 Жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізу кезіндегі



Pdf көрінісі
бет53/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
Байланысты:
treatise42883

 
3.5. Жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізу кезіндегі 
қауіпсіздік.
3.5.1.Жөндеу және тазалау жұмыстарының жалпы 
сипаттамасы
Химиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеуші зауыттарда 
қауіпсіз жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі тәртіп жағдайы ҚР 
заңының «Қауіпті өнеркәсіптік объектінің өндірістік қауіпсіздігі»
талаптарына сәйкес өңделінеді 
[9].
Ол жұмыс істейтін өндірістер мен 
ұйымдардағы негізгі кәсіпорын қорының, қондырғылар, құбырлар, 
өндірістік ғимараттар ретін, сонымен қатар, жөндеу жұмысы кезіндегі 
жауапты адамды белгілейді. 
Жөндеу жұмыстарын жүргізу реті ережелермен, мөлшермен және 
қондырғының 
жоспарлы-ескертпелі 
жөндеу 
жұмыстарының 
жүйелерімен, 
жөндеу 
жұмыстарын 
жүргізудің 
техникалық 
жағдайларымен, өрт пен газға қауіпті жұмыстардың нұсқауларымен 
анықталынады. 
Жөндеу жұмыстары – құрылыстық, монтаждық және реттегіш 
жұмыстармен 
қатар 
қондырғыны 
техникалық 
диагностикалау 
жұмыстарының қайта қалпына келтіретін кешендік жұмыстар. 
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының жетекші 
құжаты «Химиялық өнеркәсіптегі өндірістік қондырғыларды жөндеу 
мен техникалық қызмет көрсету жүйелері». Оған ұйымдарды және 
техникалық қызмет көрсету ретін, сонымен қатар эксплуатацияның 


96 
нақты жағдайындағы қондырғының жөндеу жұмыстарының кешендік 
жағдайлары мен нормалары кіреді. 
Жүйенің ең негізгі тапсырмасы қондырғының жұмыс істеу 
қабілетін ұстап тұру және істен шығуын болдырмау, яғни қондырғының 
қауіпсіз және апатсыз жағдайын жасау. 
Жүйенің негізіне техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-
ескертпелі жұмыстары енгізілген. 
Техникалық қызмет көрсету.
Техникалық қызмет көрсету 
дегеніміз жөндеу жұмыстарын жүргізу аралығындағы қондырғының 
жұмыс істеу қабілетін ұстап тұруды айтамыз. Оған қондырғының дұрыс 
пайдалану мен техникалық пайдалану ережесін қадағалаудағы 
күнделікті сапалық бақылау кіреді. Техникалық қызмет көрсетуге 
эксплуатациялық күтім мен қондырғының ұсақ жөндеу жұмыстары 
кіреді. 
Эксплуатациялық күтім
– бұл тазалау, әр уақытта сыртқы тексеріс 
жүргізу, 
бұзылуды 
анықтау, 
мықтылайтын 
бөлшектер 
мен 
байланыстырғыштардың жағдайын бақылау, жерлестіру жағдайларын 
тексеру жұмыстары. 
Қондырғының ұсақ жөндеу жұмыстары
– бұл ұсақ ақауларды 
жою, мықтылайтын бөлшектерді тарту, жиі реттеу, қорғағыштар мен 
төсеніштерді алмастыру, оқшаулаудың жалпы жағдайын тексеру және 
тағы басқа жұмыстар. 
Жоспарлы-ескертпелі жөндеу жұмыстары.
 
Химиялық өндірісте 
жөндеудің осы түрі екі әдіспен жүзеге асырылады. Агрегаттың 
өндірістік қуатын немесе технологиялық сызықты анықтауда негізінен 
жоспарлы-периодты жөндеу әдістерін қолданады, бұл жерде жөндеу 
жұмыстары алдын-ала жоспарланған белгілі бір агрегат (машино) 
сағатпен өңделген ретімен анықталынады. Қосалқы қондырғыға 
тексеруден кейінгі жөндеу әдіс
қолданылады, ол тексеруден алынған 
мәліметтерге сүйеніп жүргізіледі. Техникалық тексеріс кезінде талап 
етілетін жөндеудің сипатын, орындалу мерзімін, көлемін және 
алмастыратын бөлшекті анықтайды. Номенклатура мен техникалық 
тексерістің жиілігін өнеркәсіп өзі анықтайды. 
Бұзылу 
ерекшеліктеріне 
және 
қондырғының 
құралмалы 
бөлшектерінің ескіру дәрежесіне, сонымен қатар жөндеу жұмыстарының 
еңбек сиымдылығына сәйкес жөндеудің екі түрі – кезекті және 
капиталды жүзеге асырылады. 
Кезекті жөндеу
– қондырғының еңбекке қабілеттілігіне кепіл 
беретін пайдалану үдерісінде орындалатын жөндеудің жоспарлы түрі. 
Кезекті жөндеу үдерісінде төмендегі жұмыстар жүзеге асырылады: 
техникалық қызмет көрсету, тез ескіретін бөлшектер мен қондырғының 
жеке бөліктерін қайта қалпына келтіру немесе алмастыру және оларды 


97 
реттеу, футерге және коррозияға қарсы беттерді жөндеу, сальниктер мен 
төсеніштерді алмастыру, мықтылықты тексеру және тағы басқалар. 
Капиталды жөндеу – бұзылғанды қайта қалпына келтіру және 
қондырғы ресурстарын толығымен қайта қалпына келтіру және оларды 
реттеу. Осылай капиталды жөндеу қондырғы эксплуатациясының 
қауіпсіздігін қамтиды және жақсартады. Капиталды жөндеуге 
төмендегілер жатады: кезекті жөндеу, барлық ескірген бөліктер мен 
жиналмалы бірліктерді алмастыру және қалпына келтіру, изоляцияны 
толығымен немесе бөлшектеп алмастыру, футеровка, орау, қондырғыны 
түрлендіру, жарылыстан қорғану жүйелерін тексеру және тағы басқалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет