¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет58/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65
Байланысты:
treatise42883

 
3.6. Электр қауіпсіздік
Электр қауіпсіздік жүйелерінің жалпы сипаттамасы
Электр қауіпсіздік дегеніміз ұжымдық және техникалық ұйымдар 
мен құралдардағы адамдарды зиянды және қауіпті электр тогы мен 
электр доғасынан сақтану болып табылады. 
Мемлекет стандарт талаптарына сәйкес электр қауіпсіздікті 
төмендегілер қамтиды: электр құрылғысының құрылымы, техникалық 
әдістер мен қорғаныс қондырғылары, ұжымдық және техникалық 
ұйымдар 
[1,5,11,12].
Ұжымдық ұйымдарға төмендегілер жатады: нұсқаушы және 
қауіпсіз еңбек әдісіне оқыту, қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын 
қайталау, жұмысты атқаруға рұқсаттама, сәйкес нарядты толтыру 
рәсімділігі, жауапты адамдардың бақылау жұмыстары. 
Техникалық ұйымдарға қондырғының кернеу көзінен ажырауы, 
жұмыс орнына кернеудің қате берілуін болдырмайтын сақтандырғыш 
қондырғының алынып тасталуы және басқа шаралардың орындалуы, 
кернеулі ток жүретін жерлерге, жұмыс орындарына және тағы басқада 
жерлерге қауіпсіздік белгілерін орнату жатады. 
3.6.1. Адамға электр тогының әсері 
Электр тогы адамға әртүрлі сипатта әсер етеді. Ағзадан өткен 
электр тогы термиялық, электролиттік және биологиялық әсерді 
туғызады. 


104 
Термиялық әсер
дененің жеке бөліктерін күйдіреді, қан жүретін 
тамырларды, жүйке жүйелерін, қанды және тағы басқада жерлерді 
қыздырады. 
Электролиттік әсер
қанды және басқада органикалық 
сұйықтықтарды ыдыратады және олардың физика-химиялық құрамы 
өзгереді. 
Биологиялық әсер
ағзадағы тірі бөліктерді қоздырады және 
тітіркендіреді, соның нәтижесінде бұлшықеттер, өкпесі және жүрегі 
қысылады. Нәтижесінде әртүрлі бұзылыстар жүреді және кейбір 
жағдайда қан айналу мен тыныс алу ағзалары істен шығады. 
Электр тогының әртүрлі әсер етуі екі жағдайда жүзеге асырылады 
– электрлік жарақаттану мен электрлік соққы. 
Электрлік жарақат электр тогының немесе электр доғасының 
әсерінен ағза терілерінің күйген белгісі айтылады. Көп жағдайда электр 
жарақатын алған адамдар жазылады, бірақ күю дәрежесі жоғары болған 
жағдайларда өліп кетеді. 
Электр жарақатының бірнеше түрі болады: 
Электрлік күю
электрлік жарақаттанудың кең тараған түрі болып 
табылады, ол токтың және доғаның әсерінен жүзеге асырылады. 
Токтық күю
адамның денесінен токтың өтуі, нәтижесінде электр 
энергиясы жылу энергиясына айналады. 
Күю төрт дәрежеге бөлінеді: 
I – терінің қызаруы. II – көбіктердің түзілуі. III – барлық тері 
қалыңдығының жансыздануы. IV – терінің көмірленуі. Ағзаның 
жарақаттану тереңдігі күюдің дәрежесімен емес, дененің күйген 
ауданымен есептелінеді. 
Токтық күюлер кернеу 1 – 2 кВ аспаған кезде болады және оларға 
І және ІІ дәреже береді. Ауыр күюлерде кездеседі. 
Доғалық күю адам денесі мен ток өткізетін бөлшектің арасындағы 
электр доғасының түзілуінен болатын күюді айтады. Доға 
температурасы 3500
0
С жоғары және үлкен энергияға ие болады. 
Доғалық күюлер өте ауыр және III және IV дәрежелерге ие болады. 
Электрлік белгілер
– токтың әсерінің нәтижесінде адам терісінде 
сұр немесе ақшыл-сары түсті дақтың пайда болуы. Белгілер сызат, жара, 
кесілген немесе сыну, қал, мазоль түрлерінде болуы мүмкін. Ереже 
бойынша электрлік белгілер ауырмайды және тез емделініп кетеді. 
Терінің металдануы
– электр доғасының әсерінен балқыған 
металдар терінің беткі қабатына кіруін айтады. Бұл қысқа 
тұйықталудың, кернеуде тұрған рубильникті өшірудің нәтижесінде 
пайда болады. Металдану қызған металдан туындайтын күйдірумен 
бірге жүреді. 
Электроофтальмия
– спектрінде көзге зиянды УК және ИҚ 
сәулелері бар электр доғасының қарқындылығынан туындайтын көздің 


105 
жарақаты. Сонымен қатар, балқыған металдың ұшқынының нәтижесінде 
болуы мүмкін. УК сәулені жібермейтін және балқыған металл 
ұшқындарынан қорғайтын көзілдірік тағу керек. 
Механикалық зардап
адам денесінен ток өткенде бұлшық еттердің 
қысылуынан болады. Нәтижесінде терілер жарылады, қан тамырлары 
үзіледі, жүйке жүйелері тозады, сонымен қатар буындардың шығуымен 
және сүйектердің сынуы бірге жүреді. Жарақаттың осы түрлеріне 
жоғарыдан құлау кезіндегі сыну мен жығылулар немесе есін жоғалту 
жатады. Механикалық жарақаттану ұзақ емделуді талап ететін күрделі 
жарақат түріне жатады. 
Электрлік соққы
- адам денесінен ток өткенде ағзаның қозуынан 
бұлшық еттердің қысылуы болып табылады. Токтың адам ағзасына әсер 
етуіне байланысты электр соққылары төрт дәрежеге бөлінеді: 
I – бұлшық еттің қысылуы; 
II - бұлшық еттің қысылуы және естің жоғалтуы; 
III - естің жоғалтуы және жүрек жұмысы мен тыныс алу жұмыстарының 
бұзылуы; 
IV – клиникалық өлім, яғни тыныс алу мен қан айналымның болмауы. 
Электр тогымен жарақаттану нәтижесіндегі өлімнің себептеріне 
жүрек пен өкпенің жұмыс істемеуі және электрлік шок. 
Жүректің жұмыс істемеуі
токтың жүрек бұлшықеттерінің 
қысылуы нәтижесінде болады, ол өте қауіпті. Бұл әсер тікелей – ток 
жүрек облысынан өтеді және рефлекторлы – ток орталық жүйке 
жүйелерінен өтеді. 
Екі жағдайда да жүрек тоқтайды немесе оның фибрилляциясы 
(жүрек бұлшық еттерінің талшықтарының реттсіз қысылуы – фибрилл) 
басталады, ол кезде қан айналым тоқтатылады. 
Тыныс алудың тоқтатылуы
тыныс алу үдерісіне қатысатын 
көкірек жасушаларына токтың тікелей немесе рефлекторлы әсер етуінен 
туындайды. 
Адамға ток ұзақ уақыт әсер еткенде тұншығу басталады. Тұншығу 
– ағзада оттектің жетіспеуінен және көміртек диоксидінің нәтижесінде 
пайда болатын ауырғыш жағдай. Тұншығу кезінде алдымен ес, 
сезімталдылық, рефлекс жоғалады, содан кейін тыныс алу тоқталады, 
ақырында жүрек жұмысын тоқтатып – клиникалық өлім жүзеге асады. 
Электрлік шок
– адам ағзасын электр тогымен тітіркендіргенде 
жүйке жүйесі терең тозатын, қан айналу, тыныс алу және зат алмасу 
бұзылатын өзіндік бір ауыр жүйке-рефлекторлық реакция. Шоктық 
жағдай бірнеше минуттан тәулікке дейін созылады. Осыдан кейін 
емделу әсерінен толығымен айығып кетеді немесе өмірге қажетті 
функциялардың сөнуінен ағзаның жансыздануы болады. 


106 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет