Не арнайы педагогика кафедрасы



бет12/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.


Лекция 8. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері
Жоспары:
1.Өзекті және жақын аймақтың даму зонасы туралы ұғым
2.Ауытқушылықтың (кемістіктің) даму ұғымы (дизонтогенез)
3. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері (В.В.Лебединский): жекелеген функцияның бұзылысы, зақымдалудың уақыты; кемістіктің құрылымы; функциялардың өзара іс-әрекетінің зақымдалуы

1927 жылы Швальбе алғаш рет, ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін, «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек, бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постнатальды кезеңдегі бұзылулар аталатын болды.


Қазіргі кездегі психикалық дизонтогенез түрлерінің кең таралған классификациясы, В. В. Лебединский ұсынған дизонтегнез классификациясы, Л. С. Выготский, Г. Е. Сухарева, В. В. Ковалев, Л. Каннер сияқты ғалымдардың зерттеулері негізінде жасалған:
ретардация (тежелген даму) – барлық психикалық немесе жеке компоненттер дамуының кешігуі немесе тоқтап қалуы;
жетілу дисфункциясы орталық жүйке жүйесінің морфофункциональды жасқа сай жетілмеумен және жетілмеген ми құрылымдары мен қызметінің, сыртқы ортадан келетін зиянды факторлармен өзара әрекетімен байланысы.
зақымданған даму – қандай да бір аназизаторлық жүйенің немесе ми құрылымының жеке зақымдануы;
асинхрония (бұрмаланған даму) – бір қызметтердің ерте жетілуі, келесі бір қызметтердің керісінше кеш жетілу қарқынынынан көрінетін, диспропорциональды психикалық даму.
В. В. Лебединскийдің психикалық дизонтогенезді классификациялауы, келесі нұсқаларға бөлінеді:
І топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу дисфункциясы жатады:
Жетілмей қалу – мидың ерте кезеңдегі, органикалық зақымдануы нәтижесінде, барлық қызметтер дамуындағы жалпы жетіспеушілік (ең алдымен – үлкен жартышарлар қабығында). Зақымданудың тегі тұқым қуалауы мүмкін (эндогендік) немесе құрсақтағы кезеңде, туу кезінде, ерте жаста әсер ететін сыртқы (экзогендік) факторлар нәтижесінде болуы мүмкін. Жетілмей қалудың көрнекті мысалы ретінде, ақыл-ойдың кемдігінің кең таралған түрі – олигофренияны алуға болады.
Тежелген даму – танымдық және эмоционалды салалардың қалыптасу қарқынының баяулығы, ерте жас кезеңдеріндегі деңгейде уақытша тұрақтап қалуы. Тежелген психикалық даму, генетикалық факторлардың, ұзақ уақыттық науқастардың, тәрбиедегі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Сонымен қатар, инфантилизмнің түрлі формаларында көрінеді.
ІІ топқа зақымдану типіндегі ауытқулар жатады:
Зақымданған дамуға органикалық деменцияны жатқызуға болады: ерте сәбилік кезеңде немесе 3 жастан кейін болған мидың аумақты жарақаттары, нейроинфекциялар, тұқым қуалайтын дегенеративті аурулар салдарынан, психикалық дамудағы зақымданулар түрінде кездеседі. Көптеген жағдайда, органикалық деменция прогрессивті сипатқа ие.
Дефицитарлық даму жеке анализаторлар жүйесінің ауыр зақымдануларымен байланысты: көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты. Анализаторлардың бірінші кемістігі, психикалық дамуды тұтас тежейтін қызметтердің жетілмей қалуына әкеп соғады. Осылайша, көру қабілетінің зақымдануы, сөйлеу мен әрекет арасындағы координацияның жетілмеуін туғызады. Баланың психикалық дамуын болжау, белгілі бір қызметтің зақымдану тереңдігіне байланысты. Бірақ, зияткерлік саланың, басқа сенсорлық және реттегіш жүйелердің сақталуы, шешуші рөл атқарады.
ІІІ топқа асинхрония типіндегі және эмоциональды–ерікті саланың бұзылуындағы ауытқулар жатады:
Бұрмаланған даму – жалпы жетілмеу, тежелген, зақымданған даму және тез даму күйлерінің, күрделі түрде қабаттасқан, әр түрлі нұсқалары. Бұрмаланған дамудың себептері, кейбір әрекетті тұқым қуалаушылық аурулар, мысалы, шизофрения, туа біткен зат алмасу үдерісінің кемшілігі болып саналады. Оның анағұрлым көрнекті нұсқасы – ерте жастағы балалар аутизмі.
Дисгармониялық даму - эмоционалды-ерікті саласының қалыптасуындағы зақымданулармен байланысты. Оған психопатиялар мен тәрбиедегі теріс, қолайсыз жағдай салдарынан пайда болатын, жеке тұлғалық даму патологиясы жатады».
типтеріне әсер ететін факторларды, клиницистер Г. Е. Сухарева мен М. С. Певзнердің мәлімдемелерімен және қазіргі заманғы нейропсихология саласындағы зерттеулермен (В. В. Лебединский, Э. Г. Симерницкая, А. В. Семенович т.б.) сәйкес қарастырған абзал:
1) зақымдаушы өкілдердің әсер ету уақыты мен мерзімі (жасқа сай келуі);
2) олардың этиологиясы;
3) ауыру үдерісінің таралуы – патогендік әсердің локальдылығы немесе жүйелілігі.
Бұл дизонтогенездің параметрлері, оларды кеңірек қарастырайық.
Дизонтогенездің жасқа сай болуы. Баланың жеке дамуы барысында, оның жетілмеген құрылымы, өсу мен даму қоры арасында үнемі күрес болады. Бірінші немесе екінші фактордың әсер ету күшіне қарай, бір жағдайда анағұрлым тұрақты патологиялық өзгерістерді күтуге болады, ал екінші жағдайда, жеңіл және коррекциялық-педагогикалық ықпалдармен түзетілетін (Л. С. Выготский, Г. Е. Сухарева, Г. Гельниц) өзгерістер болады. Балалық шақтың сыртқы қауіпке ең сезімтал кезеңі – 3 жасқа дейінгі ағзаның «алғашқы жетілмеген» кезі, сондай-ақ, пубертат кезеңіндегі, ағзаның қайта құрылу кезі. Бір айырмасы, бұл кезеңде баланың үйлесімді қалыптасқан жүйелері, «ересектердей» қызмет жасауға қайта құрыла бастайды, өзінің тепе–теңдік күйін уақытша жоғалтады.
Клиникалық–психологиялық материалдар бойынша, психикалық қызметтердің жетілмеуі, ми құрылымының қарқынды жасушалық сараналуы кезінде (эмбриогенездің ерте кезеңі, жүктіліктің бірінші триместрі) әсер ететін зиянды күштерден болатындығы белгілі.
Ерте мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасы кезеңінде (3–11 жас аралығы), бала ағзасы күшті, әрі түзелмейтін ауытқуларға төтеп бере алатын мықты жүйені құрайды.
Бірақ әрбір жас кезеңі, патогендік әсерлер жағдайларына реакция жасауға ізін қалдырып отырады. Бұл балалар мен жасөспірімдердің түрлі патогендік әсерлерге ететін жүйкелік–психикалық реакцияларының деңгейлері:
соматикалық–вегетативті (0 – ден 3 жасқа дейін) – ағзаның барлық жүйелерінің жетілмеуінен, осы жаста кез-келген патогендік әсерлерге, жалпы және вегетативтік қозғыштық, дене қызуының көтерілуі, ұйқы мен тәбеттің, ас қорыту жүйесінің бұзылуы тәрізді, соматикалық–вегетативті реакциялар кешенімен жауап береді;
психомоторлық (4–7 жас) – мидың қыртысындағы қимыл–қозғалыс анализаторы бөліктерінің қарқынды түрде қалыптасуы, оның ішінде, мидың маңдай бөліктері, бұл жүйені түрлі генезді гипердинамикалық бұзылуларға (психомоторлық қозғыштық, тартылулар, тұтығу, үрейлену) сезімтал етеді. Психогендік факторлардың рөлі артады: отбасындағы жағымсыз, жанды жаралайтын қарым–қатынастар, балабақшаға үйрену реакциялары, жағымсыз тұлғааралық қатынастар;
аффективті (7-12 жас) – кез-келген зияндылыққа бала аффективті компонентпен: аутизациядан бастап, агрессия, невротикалық, аффективті қозғыштыққа дейін жететін реакциялармен жауап береді;
эмоциональды–идеаторлық (12-16 жас) – пубертаттыққа дейінгі және пубертаттық кезеңдегі жетекші әсерлер. Патологиялық қиялмен, аса қызығушылықтармен, аса құнды ипохондриялық идеялармен, психогендік қарсылық реакцияларымен, оппозициямен, эмансипациямен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет