Не арнайы педагогика кафедрасы


Педагогикалық оптимизм туралы принцип



бет18/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Педагогикалық оптимизм туралы принцип. Бұл принцип біріншіден кемтар тұлғалардың потенциалды мүмкіндіктері туралы қазіргі ғылыми-тәжірибелік білім деңгейімен, екіншіден дамуында ауыткуы бар балалар мен ересектерді сауықтурыдың қазіргі педагогиканың жағдайы туралы ұғыммен қамтыған. Педагогикалык оптимизм туралы принцип қазіргі гуманизмді жариялайтын дүниетаным мен көзқарастарға негізделген. Мүлда әрбір адамның өміріндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарамастан білім алуға, оқуға құқығын корғау әрекеттері бекітіледі.
Арнайы педагогикада жариялаған тұжырымдымдама барлық балалар оқуға қабіліетгі, яғни оқи алады дейді. Бұл жерде оқуға деген қабілет -жалпы білім беретін пәндерді меңгеруден, балаға қол жетерлік, дәйекті, өмірге катысты, әлеуметтік кұны мол және түлғалық дамуға маңызды дағдыларға деген қабілеттік мағынасында қарастырылады. Ол баланың қоршаған ортаға бейімделуін дамытады, өз бетімен тәуелсіз, еркін өмір сүруге дайындайды. Кемтар балалардың баяу окитыны белгілі, бірақ олар өз деңгейіне сәйкес білімді меңгере алады да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Педагогикалык оптимизм принципі Л.С. Выготскийдің баланың дамуыньщ жақын аймағы туралы іліміне сүйенеді. Ол бала дамуындағы оқытудың маңызды ролін көрсетеді және жеке түзету-дамыгу бағдарламасының басынан соңғы нәтижесіне дейін болжау жасауға мүмкіндік береді. Арнайы педагог түзетушілік педагогикалык жүмысты бала дамуының актуальді деңгейін, сондай-ақ потенциалды мүмкіндіктерін ескере отырып әзірлейді.
Педагогикалық оптимизм принципі "шек қою" теориясынан бас тартады, өйткені ол теория дамуында ауыр ауытқуы бар балалар оқи алмайды, яғни "оки алмайтын балалар" деп бекітеді.
Қазіргі уакытта педагогикалық шеберлік пен түзету білім беру технологиялар балаға деген махаббат, сүйіспеншілік, шыдамдылык болса, ғажап жетістіктерге жету мүмкін. Бүл жағдай дамуында ауыр және күрделі кемістігі бар, бұрын "оки алмайтын" топтағы балаларды оқытудын қазіргі жағымды тәжірибесі мен нәтижелерін дәлелдейді.
Атапмыш принцип кемтар тұлғаларға басқаша көзқарасты қалыптастыруды ұсынады. Кемтар тұлға әлеуметтік қүндылығы аз, қоғамға пайдасыз деген көзқарасты жою мақсатында қоғам арнайы ұйымдастырылған шаралар жасау тиіс, сол кезде кемтар түлғалардың барлығы әлеуметтік толыкканды, жан-жақты дамыған түлға болуына жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет