Қолданылатын әдебиеттер: 1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.
Лекция 11. Жоспары: Психологиялық диагноз және оның түрлері
2.Дамудың бұзылыстарының құрылымының маңызды элементтерінің бөлініп шығуы
Л.С. Выготский ақыл-ой кемістігі туралы өзіндік ой қозғады. Ол біріншілік және екіншілік кемістік. Оның ойынша біріншілік және екіншілік кемістікті дамуы кешеуілдеген баланы қатал ажырату керек. Бұл кемістіктер материалды жағдаймен, басқа біреулері тура пайда болып біріншілік кемістікті құрайды. Екіншілік кемістік ең негізгі жарақаттан пайда болады. Біріншілік кемістік орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылысы болғандықтан, оны түзеу өте қиынға соғады.
Екіншілік кемістік түзелуге келеді. Өйткені, педагогикалық күш екіншілік кемістікті тоқтатып ескерту керек.
Л.С. Выготский біріншілік және екіншілік кемістікті нақты көрсетпейді, дегенменде бұл екі кемістікті коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстарын негізін құрауға мүмкіндік берді.
Л.С. Выготский ақыл – ойы кем баланың тұлғалық дамуына үлкен үлес қосты. Оның көзқарасы бойынша баланың тұлғалық дамуы биологиялық, әлеуметтік және педагогикалық факторлардың қарым – қатынасы арқылы дамиды деген. Психикалық қызметтің бұзылуы баланың тұлғасына түгелімен әсер етеді. Ақыл – ойдың бұзылуының барлық түрінде таным әрекеттерінің бұзылысы жүреді. Орталық жүйке жүйесіне әсер еткен себебіне және мінездемесіне, бұзылыстың уақытына байланысты ақыл- ой кемдіктің келесі формалары жүреді олигофрения және деменция.
Ақыл – ой кемістігі құрсақ ішіндегі және баланың ерте даму кезеңіндегі орталық жүйке жүйесі не жарақарттар болған кезде ғана пайда болады.
Деменция (кем ақылдық) бала біраз дұрыс дамудан өткеннен кейін пайда болады.
Кеңес дәрігерлері, психологтары және педагогтары психофизикалық аномальді өзіндік ерекшелігі бар баланың дамуы туралы диалектико – материалдық түсінігі пайда болды. Дефектологияның дамуына, соның ішінде психикалық және физикалық дамымаушылығы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарына Л.С. Выготский (1896-1934) зор үлес қосқан.
Л.С. Выготскийдің қосқан ойлары, кеңес дефектологының негізінде жатқан, бірақта қазіргі кезде де өзінің белсенділігін жоғалтқан жоқ. Олар ақыл – ой кемістігінің клиникалық және психологиялық зерттеулерінде дамуда.
Л.С. Выготский зерттелінген ақыл – ой кемдікті теріс жақтарын қатты сынға алды, ақыл – ойы кем баланың денсаулығын түзеу, сақталған функцияны қосу
туралы өз зерттеулерін жүргізді. Ол осы аномальды балалардың дені сау жақтарына сүйене отырып коррекциялық – педагогикалық жұмысты жүргізуге болады деген. Л.С.Выготский ақыл – ой кемдікке және баланы зерттеуде динамикалық түрде келді. Оның ойынша, ақыл – ой кемістігінің құрылым белгілері күрделі. Ақыл – ойы кем баланың көптеген белгілері белгілі бір өнімнің нәтижесі.
Л.С. Выготский неміс психиаторы Крепелиннің еңбегін қолдады,ғ өйткені ол белгілерді классификация негізіне қаламай, аурудың сыртқы белгілері ретінде қарастырған.
Л.С. Выготский ақыл – ой кемдіктің интеллектуалдық бағыттағы көзқарасты сынға алады. Бұл бағыттыц қолдағандар жиі орынға интеллектуалдық жетіспеушілікті қойды. Ақыл – ой кемдіктің негізгі белгісіне тұлғаның аффективті – ерік жігер жағын қосқан жоқ.
Деменцияға қарағанда олигофрения бірқалыпты өтеді. Мұнда таным және эмоционалды ерік жігер сферасының жақсаруы немесе төмендеуі байқалмайды.
Деменцияда психикалық дамудың бірқалыптылығы болмайды. Мұнда, жағдайдың жақсаруы немесе төмендеуі жүреді. Кейбір дефектологтар
ақыл – ой кемістікті «терең идиотия», «терең имбицил», «жеңіл дебил» және т.б. деп бөледі. Дегенмен мұндай анықтамалар субъективті мінездеме болады, яғни ақыл – ой кемдіктің психофизикалық ерекшелігін бейнелейді. Кеңес өкіметі кезіндегі дефектологтар ақыл – ой кемдікке этиологиялық, потогенетикалық және физиологиялық принцип бойынша әр түрлі классификацияға бөлген.
Профессор Д.И. Азбукин ақыл – ой кемістігінің патогенезінде эндокринопатияның рөлін кеңейте отырып өз классификациясын ұсынды. Бірақ бұл классификация танылған жоқ. Ақыл – ой кемдіктің терең клиникалық зерттеулерін жүргізген психоневролог Г.Е. Сухарева және профессор М.С. Певзнер.
Профессор Г.Е. Сухарева (1965) ақыл – ой кемдіктің уақытымен себебін ескере отырып өз классификациясын ұсынды. Г.Е. Сухарева оны 3 түрге бөлді, 1-де ата – ананың генеративті жасушаларының бұзылуымен байланысты, 2- де құрсақ ішіндегі балаға әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсері, 3-де баланың туу кезіндегі және өмірінің алғашқы жылдарындағы әр түрлі әсерлер.
Профессор М.С. Певзнер үлкен клиникалық және арнайы зерттеулер негізінде ақыл – ойы кем блаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерінің
классификациясын ұсынды.
Ақыл – ой кемдіктің 1-ші формасы мінез-құлық, эмоционалды ерік-жігер сферасының т.б. күрделі емес бұзылысымен сипатталады. Көбінесе бұл генетикалық мінездемеге сәйкес. Ақыл – ой кемдіктің қалған формаларын М.С. Певзнер күрделенген түрлерге жатқызды. Бір жағдайларда таным әрекеттерінің мінез- құлықпен байланысы, басқа жағдайда сөйлеу есту функцияларының төмендеуі, кеңістікті бағдарла, қозғалыс жүйелері бұзылады, 3-ші түрде тұлғалық бұзылу, психопатты қылықтар, моториканың бұзылысы жүреді.
М.С. Певзнер потофизиологиялық фактордың қозғалыс және қалыпты жағдайдағы қозу және тежелу процестерін ескереді. Ақыл – ой кемдіктің бір тобында әрекетінің күрделі бұзылыстары, жүйке процесстерінің қозу және тежелу аймағындағы бұзылыс жүреді. Ақыл – ой кемдіктің 2-ші түрінде қозу үстіндегі тежелумен сипатталады. М.С. Певзнер ақыл – ой кемдіктің 3-ші түрін бөліп көрсетеді. Бұл топтағыларға жалпы әлсіздік, жүйке процестерінің жалпы бұзылысы мен сипатталады.
Қазіргі уақытта ақыл – ой кемдіктің себептілігінің генетикалық факторлардың зерттеулеріне көп көңіл аударуда. Биология, генетика, физиология, психиатрия және басқа да ғылымның жаңа жаңалықтарыақыл – ой кемдікті зерттеуге жаңа бағыт ашуда.
Жинақтылық қағидасы туралы.
Психологиялық-педагогикалық тексерудегі бүтінше толық қағидасы.
Бастапқы іс-әрекет процесінде зерттеу
Арнайы педагогикалық меншікті принциптері кемтар балаларды оқытудың маңызды концептуалды жағдайын бейнелейді. Бүл принциптер арнайы педагогикалық өзгешілік принциптері болып саналады. Оқыту принциптері оқыту процесіндегі зандылыктарымен аныкталады және оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.