Не арнайы педагогика кафедрасы



бет7/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Қолданылатын әдебиеттер:
1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.
Лекция 6.
Жоспары:
1.Депривация
2.Психикалық, сенсорлы және дене кемістіктерінде психикалық дамудың жалпы заңдылықтарының пайда болуы
3.Ауытқушылықтың (кемістіктің) дамуының арнайы заңдылықтарының екі тобы: барлық бұзылыстардың түрлерінде көрінетін және бір бұзылыстың түрінде байқалатын топтар (В.И.Лубовский)
Депривация (лат. deprivatio — айырылу, жоғалту, жоғалу) - субъект талпынатын бағаланатын күй мен нақты күй арасындағы сәйкессіздікке байланысты пайда болатын риза болмау күйі.Адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі.
Қалыпты және дамуында ауытқуы бар балалардың дамуындағы негізгі заңдылықтар бірдей. Дамудағы ауытқушылық диагностикасы комплексті, жан-жақты, жүйелі түрде болуы қажет. Баланың психикалық дамуы тұралы бір ғана симптомы бойынша қорытынды шығару қажет болады. Балаларды зерттегенде оларда болатын кемістікті анықтау және дұрыс диагностикалау үшін әртүрлі мамандар қатысуы қажет: дәрігер, психолог, дефектолог, логопед. Бұл тәсіл балалардың дамуындағы ауытқушылықты дұрыс анықтауды және дамуларының клиникалық, психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Аномалды дамудың диагностикасында баланың жоғарғы психикалық процесінің жүйелі анализінің ерекше мәні бар. Зерттелетін баланың нейро-психологиялық, неврологиялық, психолого-педагогикалық ерекшеліктерін жүйелі, комплексті түрде анықтау қажет. Баланы зерттеу сөйлеудін басқа функциясынан, психологиялық базадан басталады. Оқушылардын күнделікті әрекет ету структурасының қандай бөлігі немесе бірнеше бөліктері қалыптаспаған немесе бұзылған екендігін анықтап алып. Балаларды ары қарата зерттеп және түзетуді дұрыс жүргізуге себеп болады. Бұл жағдайда баланың нені білетінін, нені білмейтіндігін анықтау мен қатар, оларды неге үйретуге болады, нені игере алатындығы есепке алынады
Баланың психикалық функциясын зерттегенде, оларды күнделікті тұрмыс жағдайларына және тәрбиеленуіне, басқа балалармен қарым-қатынасына назар аударылады. Бұл зерттелуде балалардың жас мөлшері ескеріледі, себебі әр кезеңце зерттеудін өз ерекшеліктері болады. Олардын назар аудару қабілеті, қабылдауы, еске сақтау қабілеті, интеллекті, эмоциялық реакциялары, олардын өз бетімен әрекет ете алуы анықталады. Балалардың ойынына диагностикалық бақылау жүргізіліп, олардын әр түрлі жағдайлардағы мінездері, өзін-өзі ұстауы бақыланады. Баламен әнгімелесу немесе ересектермен бала тұралы сөйлесу, үйрету тәжірибесі өткізіледі.


1.Жоғарғы психикалық функциялардың дамуындағы сөйлеу тілінің ролі
2.Ауытқушылықтың (кемістіктің) дамуындағы сензитивті кезеңі
Дамудың сензитивтік кезеңі (латын тілінен sensus - сезім - сезімталдық деген мағынаны білдіреді) – тұғаның дамудың жас кезеңдік интервалы болып табылады, бұл кезеңде ішкі құбылыстың бәрі қоршаған әлемнің ықпалына өте сезімтал болып келеді. Сентизивтік кезең психологиялық функциялардың дамуына да өте үлкен рөл атқарады. Негізінен, бес жасқа жеткен балалар фонематикалық конструкцияларды қабылдауға өте сезімтал болып келеді, ал басқа жас кезеңде мұндай қабылеттік төмен деңгейде болады. Сензитивті кезеңді дұрыс ұйымдастыру ең алдымен оқу кештерін ұйымдастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет