Не арнайы педагогика кафедрасы



бет3/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.

  2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."

  3. Жалпы психология. 2015.

  4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.

  5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.

  6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.

  7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.

  8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А

  9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.

  10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.

Лекция3. Кемістік омпенсация (орын толтыру)
Жоспары:
1. Кемістік және компенсация ұғымы
2. Компенсация ұғымын тарихи аспекте қарастыру: компенсация мәселесін түсінудегі негізгі бағыттар

Дамудың алғашқы жəне туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. «Алғашқы кемістіктер бір биологиялық жүйенің (талдағыштар, ми құрылымдары) патогендік факторлар əсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нəтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – алғашқы кемістіктерден туындамайды, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеуінің бұзылуы, соқырлардың бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу жəне əлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тəрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден алыс болса, оны психологиялық-педагогикалық түзету оңай болады. Қарапайым қызметтермен салыстырғанда, жоғары қызметтерді түзету жеңіл болады. Даму үдерісінде бірінші жəне екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық жəне əлеуметтік шартты бұзылу арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тəрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты «төменнен жоғары» болған жағдайда дер кезінде коррекциялық- педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы, баланың əлеуметтік ортаға, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық күрделі мəселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық қарапайым психикалық қызметке кері ықпал етеді, патогендік əсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.


Компенсацияның екі түрі анықталады, 1-ші түрі: ішкі жүйелік компенсация, ол зақымдалған структураның сақталған жүйе элементтерімен іске асырылады.
2-ші түрі: жүйеаралық компенсация. Ол бұрын атқарылмаған басқа структураның жаңа элементтерін іске қолдануы және функцияны жүйелі қайта қалпына келтіру арқылы қалыптасады. Л.С. Выготский жалпы адамдар арасындағы сөйлеудің қажеттілігін қалыптастыру керек, сонда ғана сөйлеу пайда болады деген. Психолог А.Адлер компенсациялау мәселелерін жекеше шешеді. Оның айтуынша, бала тұлғасының қалыптасуы 5 жасқа дейін , содан соң психологиялық дамуы анықталады. Адам биологиялық тіршілікте икемсіз болады. А.Адлер компенсацияның төрт түрін көрсеткен.Толық және толық емес, Жоғарғы және төменгі компенсация.
Комплекс пайда болып, баланы өмірлік өзгертеді. Ол өте қызғаншақ, өзіне-өзі тұрақты емес, құбылғыш болады. Әсіресе функциялық кемістіктерді жеңу мүмкін , ол төменгі компенсацияға әкеледі. Бала ұлкен болған кезде өз кемістігін сезінеді. Кейін оларда өзімшіл, қызғаншақ тұлға ретінде өсуі тоқтайды. Жоғарғы компенсация кезінде балада невротикалық басқару компенсациясы пайда болады. Олар өздерінің білімін пайдалана отырып, өздерін ғана ойлап , адамдарды басқаруға тырысады. Бұл әлеуметтік тәртіптің ауытқуына алып келеді. Толық емес компенсация кезінде балалар басқа адамдар әсіресе өз құрбыларынан компенсацияланып отырады. Ал толық физикалық ауытқуы бар баланы компенсациялау мүмкіндігі жоқ, өйткені оларда изоляция нәтижесінде тұлғалық өсуі тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет