Тері арқылы сезіну. Тері арқылы сезінулердің түрлері және олардың маңыздылығы. Кинестетикалық сезіну және қабылдау. Олардың даму ерекшклігі. Иіс және дәм сезу. Сезінудің барлық түрлерінің сөйлеу тілінің ролі.
Түйсік дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен жеке қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.
Түйсік – танымның табалдырығы болып табылады және адамның сезім мүшелерімен тікелей байланысты. Сыртқы қоршаған ортаны тану түйсіктен басталады. Түйсіктің физиологиялық негіздері, рефлекторлық доға болып тұрады, яғни сырттан келген тітіркендіргішті афферентті жүйке талшықтары мидағы орталықтарға жеткізеді де, мидан алған жауапты эфферентті жүйке талшықтары арқылы келген жерге алып барады.
Түрлері:
Көру түйсігін – көз атқарады;
Есту түйсігін – құлақ атқарады;
Дәм түйсігін – тілдің дәм бүршіктері атқарады;
Иіс түйсігін - мұрынның кілегейлі қабаты атқарады;
Тері түйсігін – тері атқарады;
Статикалық түйсігін – құлақтың вестибуль аппараты атқарады.
Рецепторлар орналасуына байланысты түйсік үшке бөлінеді:
1. Энтериорецептивті
2. Экстериорецептивті
3. Проприорецептивті
Қабылдау.
Түйсік барысында заңдылықтар мен құбылыстардың жеке қасиеттері, сапалары туралы білім алсақ, қабылдауда тұтас образ қалыптасады. Қабылдау түйсіктер ересындағы белгілі қатынастарға байланысты болады.
Қабылдау дегеніміз шындық өмірдегі заттар құбылыстардың сезім органдарына тікелей әсер етуінен түрлі қасиеттері мен бөліктерінің бірлесіп, тұтастай бейнелеуі.
Қабылдау – комплексті тітеркендіргіштердің бейнеленуі.
Қасиеттері:
Тұтастығы – қабыладау әр қашанда заттың тұтастай образы.
Тұрақтығы – заттың қалыптасқан түрін, түсін, көлемін қабылдау.
Мағыналылығы – қабылдау ойлаумен заттың мәнін түсінуімен байланысты.
Таңдамалылығы - өзгелермен салыстырғандағы объектінің ерекше қасиеті бойынша қабылдау.
Қалыпты балада таным процестері жылдам дамиды.Көру мен есту өмір тәжірибесінде қалыптасады.Жүйке жүйесінің зақымдануынан балада түйсіну мен қабылдауы баяу және көптеегн ерекшеліктерімен, кемшіліктерімен қалыптасады.
Түйсіну мен қабылдау қоршаған ортаны танудың бірінші деңгейі және бұл деңгей адам өмірінің барысында өте маңызды.Ақыл ойы кем балалар қалыпты жағдайдағы балалармен салыстырғанда қабылдауы мен сезінуі әлде қайда арттта қалған. Баяулы, қабылдауының шектеулігі ақыл – ойы кем баланың психикасына кері әсерін тигізеді.
Ақыл – ойы кем балалардың ерекшеліктерін көптеген психологтар қарастырған. И.М. Соловьева ақыл – ойы кем балалардың көріп қабылдауының көлемін, тарлығын, баяулығын зерттеген.
Қалыпты бала объектіні бірден көріп қабылдаса, олигофрен бала затты немесе объектіні біртіндеп көріп қабылдайды. Ақыл – ойы кем бала қалыпты жағдайдағы балаға қарағанда айналаға назарын көп бөлмейді, жаңа жерде бірден бағдарлана алмайды және өзіне маңыздысын байқай алмайды.
Ақыл ойы кем баланың мектепке дайын еместігі оның қабылдауы мен сезінуінің шектеулігіне байланысты.
Есту қабілеті бұзылған балалардың қабылдауы мен сезінуі.
Есту қабілеті бұзылған балалардың қабылдауы мен түйсінуі өзіндік бір ерекшеліктерімен дамиды.
Естіп қабылдауында көру аса маңызды роль атқарады. Есту қабілеті бұзылған балалардың тағы бір ерекшелігі - бұл сөйлеу тілінің болмауы.
К.И.Верацотскаяның зерттеуі көрсеткендей, естуі бұзылған балаларда заттарды танып білу баяу қалыптасады. Таныс заттарды танып білуде көптеген қиындықтарды туындатады. Бұл қабылдау процесінің жеткілікті дамымауына байланысты.
А.И.Дьячкованың зерттеулері есту қабілеті бұзылған балалардағы сөйлеу тілінің заттар формасын қабылдауында ролін көрсетті. Заттардың Формасының жэесттік белгілерін меңгермеген жеті – сегіз жастағы балалар заттарды нашар ажырата алады. Ал жесттік белгілерін білетіндер екі – үш рет нақтырақ атап көрсетті.
А.А.Венгер, А.Л. Венгердің мағлұматы бойынша, естімейтін мектепке дейінгі балалар заттарды формасы бойынша ажырады алады. Заттардың формасын көріп қабылдау балалардың іс – тәжірибелік монипулятивті әрекетінде жинақталады.
Керең мектепке дейінгі балада заттардың бүтіндей образы пайда болады, бұл оларға 2 - 5 бөліктен тұратын қима суреттерді жинақтауға мүмкіндік береді.
Қима суреттерді жинақтау қабілеті көріп қабылдау үрдісіндегі жинақтау және талдаудың сапасын көрсетеді.
А. А. Венгер, Г.Л. Высодская және Э.И. Леонгардтың мәліметі бойынша 4 жастағы көптеген балалар 2 – 3 бөліктен тұратын суреттер қимасын жинақтай алады.
Заттардың формасын нақты қабылдау үшін оның крнтурын бөлу аса маңызды. Заттарды контуры бойынша білу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Ол белгілі бір дамудың талдау және абстракциялау сатысын талап етеді. Зерттеу барысында керең балалардың контурлы тегіс бейнелерді білуінің баяу қалыптасатыны анықталды (А.Л.Гозова).
Н. В. Ячкованың зерттеулері көрсеткендей, керең балалардың бейнелерді қабылдау кезінде заттарды қимыл әрекетінде қабылдауда, контурлы бейнені қабылдауда қиындықтар туындайды, егер суреттер жартылай жабық болғанда балалар заттарды танымайды.
Есту қабілеті бұзылған балалар үшін көріп қабылдауы – бұл қоршаған әлем туралы түсініктің қайнар көзі және басмқа адамдар қатынасты қамтамасыз ететін канал. Сонымен есту қабілеті балалардың көріп қабылдауы қалыптағы балаларға тән заңдылықтарда дамиды, бірақ бұзылу спецификасы қарама – қарсы әрекеттің өз уақытынан тысқары қалыптасуына әкеледі.
Қимылдық сезінуі.
Көптеген балалар қимылдық дамуы бойынша артта қалады. А.А. Венгер , Г.Л. Выгодская және Э.И. Леонгардтың мағлұматы бойынша балалардың 70 % - і мерзімінен жай бастарын ұстайды, отырады, тұрады және жатады. Бұл балалардың 50 % - нде өзіндік жүрудің кешеуілдеуі бақыланады.
Көптеген балаларда артикуляция аппаратының, қол саусақтарының, ұсақ қимылдарының дамуында артта қалу болады. Статикалық және динамикалық тепе – теңдікті сақтау қиындығы мектеп жасында пайда болады.
Егер естімейтін баланың көзін жауып жүргізсе, онда оның 45 %- інде тепе – теңдіктің бұзылуы бақыланады.
Естуі бұзылған балаларда естуде бақылаудың болмауы : көру, тактильді вебрациялау және толықтырылуы мүмкін. Естудің жоқтығын толықтыру көріп қабылдау және тері сезгіштігіне байланысты жүзеге асады.
Тері сезінулері және қабылдауы тері мен заттың тікелей қатысы кезінде пайда болады. Оған тактильді, вебрациялы, температуралы, ауруды түйсінетін қатынастар жатады. Тері сезінулерінің ішінен вебрация есту бұзылуын толықтыру үшін маңызды.
Вебрациялы сезінудің дамуы ауызша сөйлеуді меңгеру үшін, оны қабылдау және дыбыстау үшін үлкен маңызға ие.
Естімейтін балалар кейбір вебрациялаоды сөйлеушінің мойнына алақанын қою арқылы , арнайы техникалық құралдарды қолдану арқылы меңгеріп, қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |