Не арнайы педагогика кафедрасы


Зияты дамымаған балалардағы қабылдау белсенділігінің жетіспеуі



бет23/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Зияты дамымаған балалардағы қабылдау белсенділігінің жетіспеуі
К.И. Вересотскаяның зерттеулерінде айқындалған. К.И. Вересотская балаларға суреттер ұсынды. Кейбір суреттер дұрыс, кейбіреулері 90°немесе 180° бұрылып көрсеткен.. Жалпы мектеп оқушылары дұрыс тауып суретті қалпына қойып отырды, ал көмекші мектеп оқушылары суреттегі бейнені танымай немесе оны қалыпты жағдайдағы сурет деп қабылдап отырды. Ақыл- ойы кем балаларға суретті бұрып қалпына қоюды жүзеге асыру үшін заттарды танып қабылдау белсенділігі жетіспеді. Олар төңкеріліп берілген сурет қалыпты жағдайдағы сияқты басқа заттарды танып отырды.
И.П. Павлов клиникалық қабылдауды қозғалыс анализаторының жұмысы деп таныды. Шынымен нақты қозғалысты жүзеге асыру үшін белгілі бір анализдің қоршаған заттарды қарсыластығын жүзеге асыруы тиіс. Ол қандай да бір бұлшықет күштерге жүзеге асырылады. Оның қозғалысы ретсіз. Ақыл ойы кем оқушылар өзінің көріп қабылдауын өзгерген жағдайда бейімдете алмайды. Кіші сынып оқушылары 180º - қа төңкеріліп тұрған затты басқа да объектілер сияқты қабылдайды. Мысалы, шыны ыдыстың бейнесі бар суретті төңкеріп қойса,ол оны саңырауқұлақ баскиім және т.б. деп қабылдайды. Сонымен қатар оқушылар нақты белгілерді байқамайды. Шыны кесенің ұстайтын жеріне, ағаштың гүлін қабылдамайды.
Қалыпты дамудағы кіші сынып оқушылары төңкеріліп тұрған объектіні қабылдау кезінде бір ізді тану процесін бақылауға болады. Кейбір балалар ұсынылып отырған затты бейнесіне қарап, қате пікірлерін білдіреді. Содан кейін зейін қойып қарау барысында төңкеріліп тұрған шыны ыдысты танып біледі.
Ақыл – ойы кем оқушыларда сюжеттік суретті қабылдаудың өзіндік еркшелігі бар. Сюжеттік суретті түсіну қабылдаған бетінің анализ және синтез сапалығына байланысты оқытудың алғашқы кезеңінде көптеген ақыл – ойы кем оқушылар суретті көру барысында көзге көрінген объектіні – ретсіз атай береді. Олар басты объектіні атауға қиналады. Балалар объектіні мағыналық топқа бөлмейді және жалпы мазмұнын ашпайды. Мысалы, «бірінші рет 1- сыныпта» атты суретті қарау кезінде оқушылар қыздың кйімін көптеген белгілерін атайды, бірақ ешқайсысы мектепке қыздың бара жатқанын ескерген жоқ.
Ақыл ойы кем оқушыларға сонымен қатар кеңістіктегі объектілер қатынасын анықтау оңайға соқпайды
Оқушылар суретті қарау барысында ойыншықтарды – тірі, ал үлкендерді бала деп те қабылдайды.
Егер жүгіріп бара жатқан иттің аяғы адамның бейнесімен жабылап тұрса, онда ақыл – ойы кем оқушылар итте төрт аяқ, суретші үш аяқ салды деп теріске шығарады.
Оқушылар суреттен алдыңғы және артқы кемістік бейнелерін дұрыс қабылдамайды. Оқушылар сюжеттік суреттің себеп - салдарын ситуацияны толығымен анықтау қиынға соғады. Мұндай жағдайда, әсіресе суреттік бейненің бөлек элементтерін тану үлкен мағынаға ие. Мысалы оқушыларға үстел үстінде отырған анасы мен баласы бейнеленген сурет ұсынылады. Анасы шай ішіп отырғаны, ал баласы қызықты әңгіме айтып қолының жесттік белсенділігі байқалады. Қабырғада шам, сағаттың бейнесі бар.
Оқушылар сюжеттік суретті келесідей жағдайда бейнелейді. Қыз бен ұл шай ішіп отыр, ұл шамды тығып, сағатқа қарап тұр. Мұнда ұлдың қолының көтеріліп тұрғаны қате түсіндіріледі, жест ретінде емес, жарықты жаққанға қажеттілік деп түсінеді. Егер сюжеттік суреттен бейнені оқушылар анасымен баласын көрсе, онда суретті дұрыс түсіну қалыптасады. Анасы баласымен шай ішіп отыр. Баласы мектептен келіп қызықты әңгіме айтып отыр.
Ақыл – ойы кем оқушыларды сюжеттік суретті түсінуі, суреттің мазмұнына байланысты. Сонымен қатар оқушының білімі, оны қолдана алуға, өзінің зейінін ұзақ мерзімге тұрақтата алуы үлкен роль атқарады.
Н. М. Стадимпо ақыл – ойы кем кіші сынып оқушыларының суретті түсінуін 4 деңгейге бөліп көрсетті.
1- ші деңгейде оқушылар бөлек объектілерді түсініп, олардың арасындағы байланыстарды байланыстырмайды.
2- ші деңгейдегі объектілерді және әрекеттерді тану, кеңістік байланыстарын ашу.
3- ші де себеп салдарлық байланыстар ашылады.
4- ші кезеңде сюжетті толығымен қабылдау жатыды.
Н. М. Стадимпоның мағұлматы бойынша 1- 2 сынып оқушылары суретті түсінуде және 2 деңгейде тұрғаны анықталды.
Олигофрен балалардың қозғалыс координациясының бұзылысы, ақыл – ойы кем оқушыларға жақын арада орналасқан зататарды көріп тану мүмкіндігінің қалыптасуына кері әсер етеді.
Ақыл – ойы кем балаларға заттық әрекетін қалыптасуының жетіспеушілігі тән.
Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сезімділік танымының жалпы сипаттамасы. Естіп сезінуі және қабылдауы. Сөйлеу тілін қалыптастыру үшін естудің маңызы. Қоршаған ортаны таңдаудағы естіп қабылдаудың ролі . Көріп сезінудің және қабылдаудың жеке дамуында қабылдаудың жылдамдығы. Көріп қабылдау кезіндегі талдау және жинақтау процесі. Пішінді көріп қабылдау. Бейнелерді көріп қабылдау еркшеліктері. Оқу процесі кезінде көріп қабылдаудың дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет