Байланысты: Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)
Сезім және қабылдау. Сенсорлы жүйе дегеніміз бұл сезім мүшесінің жүйесі. Көру, есту және тағы да басқа сезім түрлері әлемді сезінудің құралы болып табылады. Әрбір анализатор сезім мүшелерінің жүйесіне ене отырып, барлық жүйе әрекетіне әсер етеді. Ал көрудің бұзылуы анализатордың және анализаторлық байланыстың қарым – қатынасын өзгертеді.
БЦП балалардың қабылдауы мен сезінуі.
Көруі және есту бағдары раекциясының өзіндік ерекшеліктері болады. Қимыл қозғалысының түрлі бұзылысына байланысты қабылдауы мен сезінуі де әр түрлі.
БЦП балалардың көру тұрақтылығы 4 – 8 айында пайда болады және патологиялық негізде болады. Яғни, ол қыли көзділік салдарынан немесе тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Көз арқылы қабылдау өте жай қалыптасады.
Бұл балалардың персецивті белсенділігі қиындаған:
қимыл функциясының бұзылуы , сонымен қатар көздің бұлшықет аппаратының бұзылуы, қол және көздің әрекеті қиындаған түрде дамиды. Бұл балаларда көру моторикасының координатасы бұзылған. Көруі мен қимылы сәйкес келмейді. Көрудің күрделі бұзылуы бұндай балаларда шамамен 10 % кездеседі.қыли көзділік пен естудің төмендеуі 30 % байқалады. Бұл балалардың көріп қабылдауы мен естіп қабылдауына кедергі жасайды , яғни қабылдаудың дамуына кері әсерін тигізеді.
Естудің төмендеуі сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуіне әкеледі. Бұндай кемістік жазуда да байқалады.
БЦП балаларда көбінесе естіп қабылдауының бұзылуы жиі кездеседі.
Қолдың сипап сезуінің әлсіздігі бай қалады. Бұл балалардың кеңістікті қабылдауы бұзылады. Бұл бұзылу БЦП – ның барлық түрлерінде кездеседі. Мысалы:
Гилиплегия кезінде қатарында тұрған жерін бағдарлау бұзылады.
Диплегия кезінде вертикаль бойынша бағдарлау бұзылады.
Тетраплегия кезінде алдынен артқа бағдарлау бұзылады.
Кеңістікті қабылдауды қалыптастыру баяу жүреді. Практикалық қарама – қарсы бағдарлау қиындықтар туғызады.
БЦП балалар тапсырманы қиындықпен түсінеді. Тез арада солғын және қозғыш болады. Қарапайым тапсырмаларды орындай алмайды. БЦП – ның барлық түрінде бір заттан екінші затқа ауысудың бұзылуы байқалады.
БЦП балалардың барлық қабылдауының жеткіліксіздігі басқада таным процестерінің жеткіліксіздігіне әкеледі.