Не арнайы педагогика кафедрасы


Лекция5. Баланың психологиялық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтары



бет6/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)

Лекция5. Баланың психологиялық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтары
Жоспары:
1. Бала дамуының жалпы заңдылықтары.
2. Баланың психикалық дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
3. Табиғи көріністер, қоршаған орта, әлеуметтік қалпы және мәдениетті игеру.
Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың қалыпты дамуына қажет Г.М.Дульнев пен А.Р.Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.
Б і р і н ш і, ең маңызды шарт - «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған патологиялық күйлер болса - тітіркендіргіш және тежелгіш процестердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты анализдеу мен синтездеудің күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады.
Е к і н ш і шарт - «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы және сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке процестерінің дұрыс сақталуы».
Ү ш і н ш і шарт - «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым- қатынасын қамтамасыз ететін сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».
Т ө р т і н ш і шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі.
Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім берушілік, әлеуметтік) жасаған анализдері қазіргі кезде даму ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, ал барлық параметрлерге сай дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың 70 % - і өздерінің түрлі даму этаптарында арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.
Л.С.Выготский, көрнекті психолог, дефектолог, әрі адамның психикалық даму теориясының мәдени – тарихи негізін қалаушы бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте оның органикалық жетілу процестерімен біріккен тұтастықты көрсетеді. Дамудың екеуі де - табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде баланың жеке тұлғасының әлеуметтік – биологиялық қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды. (Т.3- 31 б.)
Баланың психикалық дамуындағы әртүрлі факторлардың ролі.
Факторлар деп қандайда бір белгінің өзгерістерін тудыратын, үнемі әсер ететін жағдайларды айтады Клиникалық – психологиялық материалдарға сәйкес, психикалық функциялардың өрескел бұзылуы немесе жетілмеуі жүктіліктің бас кезіндегі эмбриогенезде, яғни, ми құрылымының интенсивті жасушалық дифференциациясында түрлі зақымдаушы зиянды әсерлерден пайда болады. Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кеміс дамуына әсер ететін зиянды факторлар 1-суретте көрсетіледі.
Әлеуметтік факторлар
Соматикалық факторлар
Биологиялық факторлар
Генетикалық фактор
Әсер ету уақытына қарай патогендік факторлар үшке бөлінеді: пренатальдық (тууға дейін); натальдық (туу кезінде);постнатальдық (туғаннан кейін, ерте сәбилік кезеңнен 3 жасқа дейін);
Есте болар жайт, ауытқулы дамудың себебін қарастыруда кез келген біржақты көзқарас нағыз себептерді анықтауға және тиісті дамыту – түзету мақсатындағы психологиялық – педагогикалық жүйелерді құруға кедергі жасайды.
Құрамалы бұзылушылықтары бар балалардың психологиядағы даму категориялары. Дизонтогенездің психологиялық параметрлері.
«Дизонтогенез» терминін клиникалық медицина өкілдері балалық шақта ағзаның морфофункциональдық жүйелері әлі жетілмеген кезінде пайда болатын қалыпты онтогенездің бұзылу түрлерін атау мақсатында енгізген.
1927 жылы Швальбе алғаш рет ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постнатальдық кезеңдегі бұзылулардың барлығы аталатын болды. Бұған дейін арнайы психология мен арнайы педагогикада ұзақ уақытқа дейін «даму аномалиясы», яғни даму ауытқуы деген термин қолданылып келді, дефектологияның пайда болу кезеңінде «дефективті балалар», яғни кеміс балалар термині қолданылды. Соңғы жылдары субъект – объект педагогикасынан субъект – субъект педагогикасына ауысуға байланысты бүкіл әлемде даму кемістігі бар балаларды атайтын гуманды термин қарастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет