Қолданылатын әдебиеттер: 1. Педагогикалық психология. 2016. Гарбер А.И.
2. "Педагогикалық психология. 2015. Өтепбергенова З.Д."
3. Жалпы психология. 2015.
4. "Жалпы психология. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
5. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
6. Психологиялық кеңес беру. 2015. Байбекова М.М., Жантасова Ж.Н.
7. Жалпы психология. 2014. Алдамұратов Ә.
8. Психология және адам дамуы. 2014. Асылханова М.А
9. Психология және адам дамуы. 2017. Үсембаева Р.Б.,Пірімбетова К, Әкімбаева А.Ә.
10. Психологиялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру. 2015.Болтаева Ә.М.
Лекция4. Жоспары: 1.Компенсацияның психологиялық мәселелері
2. Л.С.Выготский кемістік пен компенсация туралы
А.Адлер теориясының негізі адамда қалыптасатын «толыққанды болмау кешені» болып табылады, ол А.Адлердің көзқарасы бойынша, адамның өз дамуындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген үнемі ұмтылуы арқасында пайда болады. А.Адлерден кейін Л.С.Выготский функциональды ұстанымда бір органикалық кемістіктің баланың кеміс екендігіне дəлел болмайтынына назар аударады. Кемістіктің əсері үнемі екіжақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты əрекетін қиындатады, екінші жағынан – кемістіктің орнын толтыратын, басқа қызметтердің қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазады: «Жалпыға бірдей бұл заң, ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады». Психикалық қызметтердің кемшілігі мен зақымдануын компенсациялау, тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар: жүйеішілік қайта құрулар (жойылған қызметтердің сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйеаралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауының сипап-сезумен компенсацияланатыны (Брайль шрифті). Л.С.Выготский баланың мəдени дамуының жанама жолынан, емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті, оның қандай да бір қызметтің (функциясының) жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған қызметтің бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы мен даму үдерісіндегі компенсациясы. Л.С.Выготский арнайы психологияның негізін салған ғалым. Арнайы психология негізінде Л.С.Выготскийдің енгізген бірқатар тұжырымдары бар. Ғалымның пікірінше, сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты жəне дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Бірақ жалпы заңдылықтармен бірге, ол кемтар баланың өзіндік даму ерекшеліктерін де атап көрсетті. Аномальды психиканың басты ерекшелігі ретінде биологиялық жəне мəдени үдерістер дамуының бір-бірінен алшақ болатынын көрсетті (дивергенция). Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен жəне өзіне тəн спецификалық ерекшеліктерімен өтеді. Алғашқы кемістік пен туынды кемістік құрылымдарындағы зақымданулардың байланысы туралы ереже. Алғашқы кемістік биологиялық факторлармен байланысты болса, ал екінші кемістік – əлеуметтік факторлармен байланысты. Нəтижесінде Л.С.Выготский білім алу қажеттілігі ерекше балаларда екінші, үшінші кемістіктің алдын-алу мақсатында ерте коррекциялық көмек беру қажеттілігі туралы тұжырым жасады. Сондай-ақ, туынды кемістіктер, оның ішінде эмоционалды – ерікті саласының зақымдануы сияқты бұзылулар, биологиялық ақауларға қарағанда коррекциялық əсерлердің көмегімен жеңілдетілетіндігі туралы тұжырым жасады. Жақын жəне өзекті даму аймағы туралы ереже. «Жақын даму аймағы» мəнінде, Л.С.Выготский «жетілу үдерісіндегі қызметтерді, яғни, əзірше ұрық күйіндегі, піскен жеміс деп атауға келмейтін, тек бүршік немесе гүлі деп атауға болатын», енді жетіліп келе жатқан қызметтерді айтады. Осылайша, «жақын даму аймағы» ұғымын қарастыруда, Л.С.Выготский тағы бір маңызды тезис ұсынды. Онда ақыл-ойы кем баланың ой-өрісінің дамуын анықтауда, оның нені меңгергендігін, баланың «динамикалық даму күйін», «əзірге даму күйінде тұрған үдерістерін» есепке алу қажеттілігі айтылады. Л.С.Выготскийдің пікірінше, «жақын даму аймағы» баланың жасына сəйкес емес, күрделі мəселелерді ересектердің көмегімен шешу үдерісінде айқындалады. Сөйтіп, ақыл-ойы кем баланың мүмкіндігін бағалау, екі көрсеткіш негізінде жүреді: ересектер тарапынан берілген көмекті қабылдай білу жəне аналогиялық тапсырмаларды өз бетімен орындай білу дағдысы. Ол өзінің күнделікті жұмысында қалыпты дамудағы балаларды зерттеумен ғана емес, дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеумен айналыса отырып, жақын даму аймағы туралы пікірдің, əсіресе кемтар балалар категорияларына қатысты екендігіне көзі жетті. Оқыту мен дамудың сəйкестігі туралы ереже. Л.С.Выготский оқытудың дамудан ілгері жүруі, баланың дамуын өзімен бірге ілгері жылжытады деген қорытындыға келді. Л.С.Выготскийдің əлеуметтендіру бағдарламасын жасауы. Осыған сəйкес, кеміс баланы əлеуметтік ортаға ерте қосу мен даму патологиясын ерте диагностикадан өткізу қажеттіліг анықталады. Ол дамуы ауытқыған балаға ерте коррекциялық-педагогикалық ықпал жасаудың маңызын дəлелдейді. Зият пен аффектінің сəйкестігі. Түзетушілік (коррекциялық) оқыту мен тəрбиелеу үдерісінде ақыл- ойы кем баланың эмоциясымен басқарылатын мінез-құлқы мен өзін-өзі ұстауы анағұрлым саналы болады, демек, ақыл-ой мен аффект арасындағы қатынас өзгереді.