Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Шежіре тарихи дерек көзі ретінде Пәннің коды: ТК 3202
Пәннің типі: Таңдау компоненті Оқу жылы: 2012-13ж
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Б.Б.Еңсепов т.ғ.к., аға оқытушы
Курстың мақсаты:Деректану саласының бір бөлігі ретінде танылған ауызша тарихи шежірені білім алушыларға жан жақты, ғылыми негізде түсіндіру пәннің мақсаты болып табылады. Пәннің негізгі арқауы көшпелі халықтардың төл тарихы жөнінде баяндайтын шежіренің деректік құндылығын ашып көрсету.
Пререквизиттері: Қазақстанның ежелгі орта ғасыр және жаңа заман тарихы, этнология, Түркі халықтарының тарихы, мұрағаттану, Қазақ диаспорасы тарихы т.б.
Курстың/пәннің мазмұны: Қазақ халқының төл тарихы туралы мәлімет беретін халық ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде танымал шежіренің деректік құндылығы және оның Қазақстан тарихындағы алатын орны ашып көрсетілген. Пәннің оқыту мақсаты тарих мамандығы бойынша білім алатын студенттерге Отанымыздың тарихын баяндайтын шежіретанудың деректік маңызы туралы білім береді.