Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: ҚР Халықаралық жария құқығы
Пәннің коды: HGK 2204
Пәннің типі: Мамандық бойынша таңдау модуль.
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 3
Дәріс беруші : аға оқытушы, заңтану магистрі Қаржаубаева Л.М., Абдукерова А.М
Курстың мақсаты: Халықаралық жария құқығы курсын оқыту барысында суденттерге халықаралық құқықтың негiзгi түсiнiктемелерiн, институттары, салалары, категориялары бойынша бiлiм беру. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде құқықтық жағдайын бiлу.
Халықаралық құқықтың пәнi ретiнде халықаралық аренада қалыптасқан халықаралық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары, сонымен қатар халықаралық құқық ғылымына тән құқықтық категориялар, теориялық тұжырымдар саналады.Халықаралық жария құқығы ғылымы пән ретiнде халықаралық қатынастардағы ұйымдардың құқықтық нормаларын, олардың тарихи дамуын ескере отырып құқықтың жалпы теориялық, сонымен қатар халықаралық құқық теориясымен қалыптасқан, категориямен дефиницаларды қолдана на отырып зерттейтiн заң ғылымының бiр бөлiгi болып табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |